Ш. Уәлиханов атындағы КУ жанындағы көпсалалы колледж
Баяндама
«Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы»
Студенттер:Алимова Ж.А, Ергалиева Д.А
Оқытушы:Хажмухан.Ж
Көкшетау 2023-2024 оқу жылы
Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы
Азаматтық құқық құқық саласы ретінде.
Азаматтық құқық – ол тауар, ақша қатынастары жəне қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарын реттейтін нормалардың жиынтығы болып табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 62 тарау және 1124 баптан тұрады.
Жалпы бөлім мынадай бөлімдерден тұрады:
жалпы ережелер, меншік құқығы және басқа да заттық құқықтар, міндеттемелік құқық.
Ерекше бөлім мынадай бөлімдерден құралған:
міндеттемелердің жекелеген түрлері, интеллектуалдық меншік құқығы, мұрагерлік құқығы, халықаралық жеке құқық.
Құқық нақты жүйе құрады, оның ең үлкен буындары құқықтың салалары деп аталады. Құқық салаларын шектеу белгілері ретінде əдетте құқықтық реттеу пəні мен əдісін қолданады. Кез келген сала сияқты азаматтық құқық та қоғамдық қатынастарды реттейтін жəне қалыптастыратын құқықтық нормалардан тұрады. Бірақ та азаматтар қатысатын қатынастардың барлығы да азаматтық құқықпен реттелмейді, сонымен қатар азаматтық құқық, азаматтар мүлде қатыспайтын қоғамдық қатынастарға да əсер ете алады. Азаматтық құқық нормалары өндірілген өнімді сатып алу, оны теміржол, теңіз, өзен немесе əуе жолдары арқылы тасымалдау, осы жүкті сақтандыру, тасымалданған жүк үшін төлемдер алу жəне т.б. қоғамда кездесетін тараптар арасындағы қатынастарды реттейді.
Азаматтық құқықтың пəні болып мүліктік жəне мүліктік емес қатынастар табылады. Азаматтық құқықтың мүліктік қатынастармен айналысатыны бірден көзге түседі. Мүліктік қатынастар деп əдетте түрлі материалдық қажеттіліктер, яғни заттар, жұмыстар, қызметтер жəне басқа мүліктер жайында туындаған қоғамдық қатынастарды айтады.
Бірақ азаматтық құқық біздің қоғамда пайда болатын барлық мүліктік қатынастарды реттемейді, ол тек қана мүліктік-бағалы қатынастар деп аталатын нақты бөлігін ғана реттейді. Дамыған ақша жүйесі шарттарында мүліктік-құнды қатынастардың негізгі көлемін тауарлық-ақшалы қатынастары құрады. Біздің қоғамда бар тауарлық-ақшалы қатынастардың өте тез дамуы оларға адекватты құқықтық нысан қолданған кезде ғана мүмкін бола алады.
Азаматтық заңдылыққа сəйкес азаматтық құқық пəнінің екінші бір құрамдас бөлігін жеке мүліктік емес қатынастар қарастырады. Өзіне тəн белгілеріне сəйкес жеке мүліктік емес қатынастар, ең аз дегенде екі қасиетке сүйене отырып, келесі түрлерде сипатталады. Біріншісі, көрсетілген қатынастар мүліктік емес қажеттіліктер негізінде көрініс табады, мысалы, ар, намыс, іскерлік бедел, азамат аты, авторлық шығарма, өндірістік үлгі, т.б. жайында туындайды. Екіншіден, жеке мүліктік емес мүлікпен байланысты қатынастар (мəселен, бұған белгілі бір құқықтар жатқызылады). Бұл қатынастарда азаматтардың немесе ұйымдардың даралығы көрініп, олардың əлеуметтік қасиеттерін бағалау жүргізіледі.
Пəннің осы екі құрамдас бөліктерінің сыртқы қарама-қайшылығына қарамастан, мүліктік-құнды жəне жеке мүліктік емес қатынастарды азаматтық құқық деп аталатын салада біріктіретін жалпы қасиетін анықтау керек.
Мүліктік-құнды қатынастарға қатысушылар осы қатынастарды құрған материалдық қажеттіліктер болып табылатын еңбектің саны мен сапасын өзара бағалай алады деп анықтайды. Жеке мүліктік емес қатынастар өз кезегінде осы қатынастарға қатысатын азаматтардың, тұлғаның дара қасиеттерін өзара бағалай алады деп есептейді.
Достарыңызбен бөлісу: |