Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және белгілері



Дата14.06.2016
өлшемі99.48 Kb.
#136006
Азаматтық құқықтағы мәміле ұғымы және белгілері

Азаматтық құқық қатынастарына түскенде оның субьектілері өздерінің құқық қабілетілігі мен әрекет қабілеттілігін мәміле жасау арқылы жүзеге асырады десек қателеспейміз. Заңды тілде емес, жай қарапайым халықтың тілімен айтқанда, яғни құқық саласы мамандары емес, қарапайым халық арсында осы секілді сұрақ қойылса: - «Мәміле дегеніміз-шарт жасасу» деген жауап алатынымыз да жасырын емес. Осындай жағдайларда «Мәміле ұғымы заң актілерінде қалайша белгіленген?» - деген сұрақ туындайды.

Азаматтық құқық саласы Рим құқығымен тығыз байланысты болғандықтан мәміле ұғымын да сонау Рим заңгерлерінің түсінігі бойынша талдап көрейік. Ресей цивилисттері А.П.Сергеев, Ю.К.Толстой өз еңбектерінде Рим құқығында мәміле туралы жалпы түсініктін болмағандыған көрсетеді. Сонымен бірге, мәміленің құқықтық реттелуі рим заңгерлері үшін негізгі міндеттерінің бірі болып табылған [1, 244б.]. Мәміле туралы қазіргі кездегі ілімдердің негізін құрайтын мәмілені қайтарымды және қайтарымсыз, біржақты және екі жақты, мәміленің жарамдылығына ерік білдіру нысанының ықпал етуі секілді мәселелердің барлығы рим құқығынан келгендігін де ескергеніміз қажет. Азаматтық құқықтың дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық әдістерінің арақаты сы проблемасы және осыдан туындайтын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуының шегі алдыңғы қатарға шығады.

Мәміле институы - азаматтық құқық саласы жүйесінде ерекше орынға иеленеді деп айтуға да болады. Мәміле - кең таралған заңды фактілердің бірі болып табылады. Оның үстіне, азаматтық айналым саласында құқық қатынастарын үздіксіз тудырып, дамыта келе, мәмілелер осындай айналымның серпінді дамуын қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қатар, мәміле ұғымы азаматтық құқық жүйесіндегі азаматтық құқық қатынастар, азаматтық құқық обьектілері т.б. сол сияқты институттармен тығыз байланысты екендігін айта кеткен жөн. Дүкеннен азақ-түлік сатып алу, коммуналды қызметке ақы төлеу, шаштаразға бару, қайтыс болған жағдайда мүлікке билік жасау, тағы сол сияқты іс-әрекеттердің барлығы да мәміле ұғымымен қамтылады.

Жоғарыда айтылып кеткендей мәміленің құқықтық реттелуі - жеке құқықтың негізгі институттарының бірі болып табылады. Бұл бекер емес, себебі азаматтық айналымның өзі белгілі бір құқықтар мен міндеттердің пайда болуы, өзгертілуі немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын жеке немесе заңды тұлғалардың іс әрекеттерінен құралатындығы баршамызға мәлім. Мәміле ұғымы өзінің заңды көрінісін 27.12.1994ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде (Жалпы бөлім) тапқан. Аталмыш кодекстің 147-ші бабына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттерді мәмілелер деп танылады [2].

Демек, субъектілердің мақсатты әрекеттері мәміле лер деп танылады. Олардың тікелей мақсаты азаматтық құқықтарды немесе міндеттерді белгілеу (мысалы, мүліктң сыйға тарту тікелей затқа меншік құқығының сыйға тартушыдан сый алушыға өтуіне бғытталған), мұндай құқықтар міндеттерді өзгерту (мысалы, тараптар жалға берілген мүлікті қайтару мерзімін ұзарту жөнінде уағдаласты), не ең ақырында оларды тоқтату (несие беруші борышқорды берешегін өтеуден босатты) болып табылды.

Басқаша, заңға қайшы нәтижелерге жетуге бағытталған, бірақ заңның ұйғарымына байланысты ол да азаматтық құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеп соқтыратын іс-қимылдар мінез-құлықтың өзге актілеріне қарағанда мәміленің заңдық салдарына мақсатты әсер етумен көзге түседі. Мысалы, азамат өзінің тұрғылықты жерінен науқас анасын көру үшін басқа қалаға сапар шекті. Мұнда ол біраз болған соң бұрынғы тұрғылықты жеріне оралмауға бекінді. Анасына сапар шеккенде азамат өзінің бұрынғы тұрып келген мемлекеттік пәтеріне құқығынан бас тарту ниетінде болған жоқ. Бірақ осындай жағдайды көздейтінзаңның талабына қарай ол пәтерден құқығынан айырылды.

Мәміле дегеніміз - бұл заңды, рұқсат етілген, көп реттерде заң қолдап отыратын іс-әрекет. Күнделікті өмірде кейде қоғам теріс бағалайтын әрекеттерді «мәміле» деп атайды. Сөзді бұлайша қолдану оның заңды мағынасымен үйлеспейді. Заңдылық белгілері жөнінен мәміле мақсатты заңсыз әрекеттерден, яғни басқа адамдарға нұқсан келтіретін әрекеттерден ерекшеленеді. Мұндай әрекеттер де келтірілген залалдың орнын толтыру қажеттігіне байланысты азаматтық құқықтар мен міндеттерді тудырады, бірақ олар мәміледен емес, залал келтіру фактісінен, яғни деликтіден туындайды.

Мәміленің қажетті сапасы - әрекеттің заңдылығы мәміленің барлық түрлерін заңның көздеп отыруын мүлде талап етпейді, керісінше, заңда көзделмеген мәмілелер жасалуы мүмкін; тек олардың заңға қайшы келмеуі, тыйым салуды бұзбауы талап етіледі (АК-ның 7 бабы). Заң, мысалы, демеуші мен ол жәрдем көрсететін тұлғаға арасындағы шарттық қатынастарды реттемейді, бірақ мұндай шарттың жасалуы әбден мүмкін. Оның үстіне, азаматтық кодекс (381-бап) аралас шарттар жасасуға рұқсат етеді, оларда заңда көзделген әр түрлі шарттардың элементтері болады. Инвестициялық шарт осындай саладағы үлгі шарт болып табылады.

Мәмілелер оларды жасаушыларда азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызады. Олар осы белгісі арқылы әкімшілік актілерден, яғни осы органдарға бағынатын тұлғалар үшін азаматтық құқықтар мен міндеттер туғызатын құзіретті мемлекеттік органдардың әрекеттерінен ерекшеленеді. Мысалы, мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі құзіретті мемлекеттік органдардың шешімі мемлекеттік кәсіпорынның ғимараты үш жыл мерзіммен жалға берілген шартты ұзартуға міндеттейді, не керісінше, оған тиым салады. Сотқа шағымданған тұлға үшін құқықтық қатынасты туғызатын, өзгертетін не тоқтататын сот шешімінен мәміле осындай белгілері бойынша ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының Азаматтық заңында берілген мәміле ұғымы менің пікірімше кішкене тығыз түрде бірілген. Себебі, азаматтық құқық қатынасына жалғыз жеке және заңды тұлғалар ғана қатыспай, мемлекет пен әкімшілік аумақтық бөліністердің де қатысатындығын ескергеніміз жөн. Әлде мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөліністердің жасаған әрекеттері мәміле қатарына жатпайды ма? Соған сәйкес, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде азаматтық құқық субьектілерінің барлығы көрсетілсе артық болмас еді. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келген әрекеті мәміле қатарына жатқызылмайды. Мұндай әрекеттерді мәміле деп тану үшін олар өздеріне тән ерекше белгілерге ие болуы қажет. Мәміленің белгілеріне байланысты цивилисттердің пікірлерінің бірінғайландырылғандығы байқалады. Олардың пікірінше мәміле белгілеріне мыналар жатады: тұлғаның (тұлғалардың)ерік (тілек немесе ниет) білдіру, рұқсат етілген ерік білдіру, яғни құқыққа қайшы келмеуі; қандай да бір заңды әрекет жасауға бағытталған; мәміле әрқашан да құқықтық салдар туғызады. Мәміленің жоғарыда көрсетілген белгілерін жеке қарастырып көрейік.

- Мәміле әрқашан да ерікті акт - бұл белгісі арқылы мәмілені заңды фактілердің бір түрі оқиғадан ажыратамыз. Осы белгіден туындайтын мәміленің ерекшелігі – ол әрқашан адамның ойлау қабілетімен байланысты болып, оның жасалуы тікелей адам әрекетінен туындайды.

- Мәміле әрқашанда - заңды әрекет болып келеді. Іс әрекеттер заңды және заңсыз болып бөліну салдарынан мәмілелерді құқыққа қайшы әрекеттерден ажырату мақсатында қөрсетілген белгілердін бірі. Яғни заңсыз әрекеттердің жасалуы мәміле емес құқық бұзушылық болып табылады. Сонымен қатар, мәміленің құқықтық әрекет ретінде сипатталуы жалғыз заңға қайшы келметіндігін білдіру мен қоса мәміленің заңда көзделмеген әрекеттердін жасалуын да қамтиды. Мысалы, Ю.Г.Басин қазіргі кезде кенінен дамыған «демеуші» институтын көрсетеді [3, 302б.].

- Мәміле қандай да бір заңды әрекет жасауға бағытталады. Яғни, мәміле жасаушы тұлғалар оны жасау кезінде белгілі бір мақсат көздейді.

- Мәміле әрқашан да құқықтық салдар туғызады - мәміле жасау нәтижесінде әрқашан белгілі бір жағдайлар туындап, өзгертіліп немесе тоқтатылатындығы мәлім.

Мәмілелер – бұл саналы түрде жасалатын әрекеттер, оларда әрекет етететін тұлғалардың еркі байқалады. Мәміле жасайтын тұлға еркінің ішкі мазмұнын (оның шын ниетін) және еріктің сыртқы көрінісін (айтылған не қағазда баяндалған сөзді, ымды, едәуір күрделі әрекеттерді) айыра білу керек.

Адамның сөзі мен іс-әрекеті бойынша оның еркінің шын бағыты туралы пікір түюге болғандықтан, еріктің сыртқы көрінісі оның ішкі мазмұнына сай келеді деп жорамалданады.

Алайда адамның ішкі ниеті мен оның еркінің сыртқы көрінісі арасында алшақтық бар екені дәлелденген жағдайда (мысалы, сатып алушы сатушымен түсінісетін тілді нашар білгендіктен, сатып алатын заттың бағасын белгілеуде қателесті) оның шын ниетіне зор маңыз беріледі.

Ерікті акт ретінде мәмілеге психологиялық қатынастардың болуы сәйкес келеді. Мәміле белгілі бір құқықтар мен міндеттерді туғыздыруға бағытталғандықтан, мұндай әрекет жасау үшін тұлғаның қалауы, яғни ниетінің болуы қажет. Мұндай ниет пен қалауды адамның ішкі еркі деп атайды. Алайда, ескергеніміз жөн мәміле жасау үшін тек ішкі ниеттін болуы жеткіліксіз, сол ішкі неитті өзгелердің назарына жеткізу қажет.

Жоғарыда көрсетілген ережелердің барлығы ерік пен ерік білдірудің сәйкес келу қажеттілігін көрсетеді. Ерік білдіру дегеніміз адамның ішкі ниетін сырқа шығаруы. Адамның мәміле жасауға деген еркі түрлі нысанда байқалуы мүмкін, сонын ішінде кенінен тарағаны тікелей ерік білдіру. Ерік білдірудің тәсілдерін үш топқа бөліп қарастырып, мынадай схема түрінде көрсетуге болады.

Тікелей ерік білдірудін ерекшелігі мәміле жасаушы тұлғалар оны ауызша және жазбаша нысанда жасайды, мысалы, шарт жасасу, келтірілген зиянды өтеуге келісім беру, хат алмасу т.б.

Жанама ерік білдіруде - мәміле жасаушы адам әрекетінің мазмұнынан ақ оның мәміле жасауға деген ниеті белгілі болады. Мұндай әрекеттер конклюдентті (латын сөзінен шыққан әрекет деген мағынаны білдіреді) деп аталады. Мысалы, автобустарда жолақы төлеу немесе сатушының прилавкаға сатылатын заттарды шығарып қоюының өзі олардың мәміле жасауға деген ниетін білдіреді. Айта кеткен жөн конклюдентті іс-әрекет арқылы тек ауызша нысанда жасалатын мәмілелер ғана жасалады.

Үндемей қалу арқылы ерік білдіру туралы айтар болсақ мұндай әрекет заңда немесе шартта көрсетілген жағдайларда ғана орын алады. Мысалы, тараптар шарт жасасқан кезде олардың біреуінің ұсынысына екіншісі үндемесе келісім берілгендігі деп түсінетіндігі жайлы келісімге келуі мүмкін. Үндемей қалу арқылы ерік білдіруге мына мысалды келтіруге болады:

Азамат «А» екі бөлмелі пәтерін азаматша «Б»-ға 6 ай мерзімге жалға береді. Тараптардың келесімі бойынша пәтерде тұрғаны үшін 6 ай,а алдын ала төлем ақы жүргізіледі. Азамат «А» мен азаматша «Б» бір қалада тұрады делік. 6 ай мерзім өткен сон азамат «А» азаматша «Б»-ға жалға берілген үйге байланысты ешқандай талаптар қоймайды, ал азаматша «Б» сол үйде тұруды әрі қарай жалғастырады. Яғни, азамат «А»-ның үндемеуі шарттың ұзартылуына келісім бергендігін білдіреді.

Ерік пен ерік білдіру адамның өз әрекетіне деген психологиялық қатынасын білдіреді. Әрине, ерік пен ерік білдіру бір біріне сәйкес келуі қажет. Егер адамның ішкі еркі бір нәрсеге бағытталып оның сыртқы көрінісі басқа затты көрсететін болса тараптардың арасында дау туындауы мүмкін. Ерік пен ерік білдіру Ұғымдарының сәйкестігіне Ресей ғалымы О.В.Берг аса маңызды көніл бөледі [4, 13б.].

Мәміле дегеніміз – бұл қашанда ерікті білдіру болғандықтан, оны заң еркіне заңдық маңыз беретін тұлғалар ғана жасай алады. Демек, әрекетке қабілетсіз азаматтыр мәмілелер жасай алмайды, ал әрекет қабілеттілігі шектеулі адамдар оларға заңда рұқсат еткен мәмілелерді ғана жасауға құқылы (АК-ның 22 және 23-баптары).

Мәміле жасау үшін үлкен маңызы бар адамның өз әрекетіне деген психикалық қатынасының тағы бір элементі- мәміле жасау ниеті. Бұл элемент мәміле шегінен тыс пайда болып нақты мәмілеген ешқандай да ықпал етпейді. Расында, дүкеннен фотоаппарат сатып алған кезде біз оны қандай мақсатта алдық: қайта сату үшін бе әлде сыйға тарту үшін бе мұнын барлығы мәміле мазмұнына (сатып алу сату шартына) еш әсер етпейді.

Мәміледегі ниет пен мақсатты оның негізінен (кауза) ажырата білуіміз қажет. Мәміле негізі-мәміле жасау арқылы туындайтын типтік заңды нәтиже. Мысалы, сатып алу сатудың негізі - меншік құқығына иелену, жалға беру негізі- мүлікті пайдалануға беру т.б. Тұлғалардың нақты құқықтық мақсаты мәміле негізімен сәйкес келмеуі мүмкін, мұндай жағдайларда мәміле мазмұнының ақауы бар деп айтуға болады. Ерік және ерік білдіру мәміленің жарамдылық шарттарының бірі деп айтсақ қателеспейміз. Осыған сәйкес, азаматтық құқық теориясында қалыптасқан мәмілені заңға сәйкес жасалған деп тану үшін қойлатын арнайы талаптарға жеке тоқтала кетсек. Мұндай талаптарды құқық теориясында «Мәміленің жарамдылық шарттары» деп айтады.

Мәміленің жарамдылығы заң талаптарына сәйкес айқындалады. Мәміленің жарамды болу шарттарына жататындар:

а) мазмұны заң талаптарына сәйкестігі;

ә) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның қабілеттілігі;

б) мәмілеге қатысатын және оны жүзеге асыратын адамның еркі мен ерік

білдіруінің сәйкестігі

в) мәмілелердің нысанын сақтау

Мәміле шын мәнінде заңға қайшы келмеуі тиіс, яғни, кез келген

құқықтық норамтивтік құжаттарға сай келуі қажет. Мысалы, азаматтық құқық қабілетілігі мен әрекетқабілеттілігін шектеуге бағытталған мәміле жарамсыз мәміле болып табылады. Мәміле ерікті әрекет болғандықтан, оны әрекет қабілеттілігі бар әрбір азамат жасай алады, ал заңды тұлғалар жалпы және арнайы әрекет қабілеттілігі болғандықтан мәміле жасауға қабілетті деп саналады. Жоғарыда көрсетілгендей мәміленің жарамды болуы үшін ерік пен ерік білдіру бір бірімен сәйкес келуі қажет. Олардың арасындағы сәйкессіздік

Мәміле туралы қазіргі кездегі ілімдердің негізін құрайтын мәмілені қайтарымды және қайтарымсыз, біржақты және екі жақты, мәміленің жарамдылығына ерік білдіру нысанының ықпал етуі секілді мәселелердің барлығы рим құқығынан келгендігін де ескергеніміз қажет. Азаматтық құқықтың дамуының қазіргі кезеңінде қоғамдық қатынастарды реттеудің жариялы-құқықтық және жекеше-құқықтық әдістерінің арақаты сы проблемасы және осыдан туындайтын жеке кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің араласуының шегі алдыңғы қатарға шығады.

Мәміле белгілі бір құқықтар мен міндеттерді туғыздыруға бағытталғандықтан, мұндай әрекет жасау үшін тұлғаның қалауы, яғни ниетінің болуы қажет мәмілені жарамсыз етіп көрсетеді. Мәміле оның нысаның сақтау кезінде құқықтар мен міндеттер туғызады, сол арқылы тұлғалардың ерік білдіруі немесе ресми куәландыру әдісі көрінеді. Мәселен, оған мәмілені нотариалдық куәландыру (ҚР АҚ-нің 154 -бабы) мен тіркеуді (ҚР АҚ-нің 155-бабы) айтуға болады.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1 Гражданское право: Учебник / Под ред. А.П.Сергеева, Ю.К. Толстого. // Издание пятое, переработанное и дополненное. - М.: Высшее образование, 2001.

2 Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі. - Алматы: Юрист, 2015.



3 Азаматтық құқық. І том. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық (акдемиялық курс). Өңделген және толықтырылған 2-басылымы. // Жауапты ред. М.К.Сүлейменов, Ю.Г.Басин. – Алматы: Жеті жарғы, 2003.

4 Берг О.В. «О соответствии намерении сторон и фактических правовых последствии сделок». // Юрист. Научно-практический журнал. - 2001. - №12.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет