Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы



бет1/9
Дата23.02.2016
өлшемі0.75 Mb.
#4196
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы N 1400 Қаулысы


Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 51, 648-құжат


      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексiнiң 15 және 238-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      Ескерту. Кiрiспе жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2011.09.30 № 1122 (2011.09.01 бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      1. Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне (бұдан әрi - ұйымдардың қызметкерлерi) еңбекақы төлеу жүйесi уақыт бойынша және/немесе кесiмдi еңбекақы төлеу жүйесi болып табылады деп белгiленсiн. Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесi өзiне:


      1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшiлер (бiлiктi жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының тiзiлiмi;
      2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
      3) қосымша ақылар, үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар төлемдерi;
      4) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiнiң шетел валютасындағы лауазымдық жалақыларының схемалары негiзiнде еңбекақы төлеудi қамтиды.
      Кесiмдi еңбекақы төлеу жүйесi орындалған жұмыстың (көрсетiлген қызметтiң) немесе дайындалған өнiмнiң заттай өлшем бiрлiктерiнде көрсетiлген әр бiрлiгi (көлемi) үшiн еңбекақы төлеудi көздейдi.

      2. Мыналар:


      1) 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшiлердiң (бiлiктi жұмысшыларды қоспағанда) санаттар бойынша лауазымдар тiзiлiмi;
      2) 2, 3-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн базалық лауазымдық жалақыға қолданылатын коэффициенттер;
      3) 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 24, 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары;
      4) 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары;
      5) 27, 28-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлерiне үнемдеу есебiнен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетiлетiн және үстемеақы белгiленетiн шығыс түрлерiнiң тiзбесi бекiтiлсiн.

      3. Мыналар:


      1) ұйымдардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры лауазымдық жалақылардан (ставкалардан); еңбек жағдайы үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылардан; азаматтық қызметшiлердiң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бiр лауазымдық жалақысы мөлшерiндегi сауықтыру жәрдемақысынан; Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген өтемақылардан айқындалады;
       заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берiлген мемлекеттiк жоғары оқу орындары қызметкерлерiнiң жекелеген санаттарына еңбекақы төлеу лауазымдық жалақылардың (ставкалардың) белгiленген мөлшерiне жоғарылататын коэффициентпен жүзеге асырылады;
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкiлдiгi қызметкерлерiне еңбекақы төлеу қоры шетелдiк валютадағы лауазымдық жалақылары негiзге алына отырып айқындалады;
      2) ұйымдар қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) (ЛЖ) атқаратын лауазымдарының лауазымдар санаттарына жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс стажына, тағайындалған бiлiктiлiк разрядтарына (жұмысшылар үшiн) қарай лауазымдық жалақыларын (ставкаларын) есептеу үшiн бекiтiлген тиiстi коэффициенттердi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген базалық лауазымдық жалақының (БЛЖ) мөлшерiне көбейту жолымен айқындалады;
      педагог қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн лауазымдық жалақылар (ставкалар) заңнамада бiр аптаға белгiленген нормативтiк оқу жүктемесiне қарай айқындалады;
      осы қаулыға 24-қосымшада көрсетiлген жекелеген республикалық мекемелердiң мамандары мен қызметшiлерiнiң лауазымдық жалақылары (ставкалары) лауазымдық жалақыларды (ставкаларды) есептеу үшiн коэффициенттердiң белгiленген мөлшерiне 1,72 жоғарылататын коэффициенттi қолдана отырып айқындалады;
      3) еңбек жағдайы үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар әрбiр жағдайда коэффициентке сәйкес есептелген лауазымдық жалақыға (ставкаға) немесе базалық лауазымдық жалақыға қарай есептеледi; заңнамалық актiлерде белгiленген қосымша ақылардың жекелеген түрлерi ең төменгi айлық жалақы мөлшерiне қарай есептеледi;
      4) өтемақылардың мөлшерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес айқындалады деп белгiленсiн.

      4. Мыналар:


      1) ұйымдардың қызметкерлерiне еңбек жағдайы үшiн осы қаулыда белгiленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшерi заңнамаға сәйкес салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде айқындалады;
      2) бiлiм беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет және спорт жүйесi ұйымдарының қызметкерлерiне белгiленген еңбек жағдайы үшiн қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиiстi лауазымдарда iстейтiн және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлерiне қолданылады;
      3) ұйымдардың қызметкерлерi үшiн мамандығы бойынша жұмыс стажын (қызмет саласының ерекшелiктерiн ескере отырып) есептеудiң тәртiбi мен шарттарын орталық атқарушы және тиiстi қызмет салаларында уәкiлеттi өзге де мемлекеттiк органдар (келiсiм бойынша) айқындайды;
      4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудiң шарттары көрсетiлетiн медициналық көмектiң көлемiне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орталық мемлекеттiк орган айқындайтын тәртiппен белгiленедi;
      5) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне жалақысындағы айырма қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесiне сәйкес олардың орташа жалақысы бұрын қолданылған еңбекақы төлеу жүйесi бойынша орташа жалақысынан төмен болып шыққан жағдайларда және олар дәл сол лауазымда жұмыс iстеп жүрген жағдайда төленедi;
      6) мемлекеттiк мекемелер мен қазыналық кәсiпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының бiлiктiлiк сипаттамаларын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi орган бекiтедi деп белгiленсiн.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2012.09.17 № 1209 Қаулысымен.

      5. Мемлекеттiк басқару органдарына:


      1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелерi бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша мемлекеттiк басқару органы белгiлеген тәртiппен материалдық көмек көрсету; P011127
      2) қызметкерлерге кесiмдi еңбекақы төлеу кезiнде кесiмдi бағалауларды бекiту құқығы берiлсiн.

      6. Ұйымдардың басшыларына:


      1) мемлекеттiк басқару органымен келiсiм бойынша Азаматтық қызметшiлер (бiлiктi жұмысшыларды қоспағанда) лауазымдарының санаттар бойынша тiзiлiмiнде көрсетiлген лауазымдар атауларына олардың қызметiнiң ерекшелiгiн сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдану, сондай-ақ функционалдық мiндеттерiне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестiру;
      2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиiстi мемлекеттiк мекеменi ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебiнен немесе кредиторлық берешегi болмаған кезде мемлекеттiк басқару органы қазыналық кәсiпорын үшiн бекiткен смета бойынша салалық келiсiмде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушiнiң актiсiнде белгiленген тәртiппен қызметкерлердiң лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгiлеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берiлсiн.

      7. "Базалық лауазымдық жалақы мен түзету коэффициентiнiң мөлшерiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 23 қаңтардағы N 74 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 2, 38-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:


      кiрiспедегi "Мемлекеттiк мекемелердiң мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы N 41 қаулысын" деген сөздер "Азаматтық қызметшiлерге, мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлерiне, қазыналық кәсiпорындардың қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 200  жылғы "   "   N қаулысын" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. Осы қаулыға 29-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын.

      9. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы


Үкiметiнiң     
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1400 қаулысына 
1-қосымша     

Азаматтық қызметшiлердiң (бiлiктi жұмысшыларды қоспағанда)
санаттар бойынша лауазымдарының
тiзiлiмi

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2011.08.27 № 976, 2012.09.17 № 1209 Қаулыларымен.



G-1

      Республикалық мемлекеттiк мекеменiң және қазыналық кәсiпорынның басшысы*


      Басшы: жоғары оқу орнының (ЖОО-ның); ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ); орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауiпсiздiгi саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру), сауда өкiлi.

G-2

      Академик-хатшы


      Басшының орынбасары: ЖОО-ның ҒЗИ-дың орталықтың (ұлттық, ұлттық ғылыми, ұлттық ғылыми-практикалық, ғылыми, ғылыми-зерттеу, ғылыми-клиникалық, халыққа қызмет көрсету, сот сараптамасы, сот медицинасы, ақпаратты техникалық қорғау, геологиялық ақпараттың ақпараттық қауiпсiздiгi саласында мамандар даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру)
      Республикалық мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының бiрiншi орынбасары*
      Басшы: бiлiктiлiктi арттыру институтының ҒЗИ (орталық), ЖОО жанындағы клиниканың
      Сауда өкiлiнiң орынбасары.

G-3

      Бас ғалым хатшы


      Бас ғылыми қызметкер
      Республикалық мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары*
      Бiлiктiлiктi арттыру институты басшысының орынбасары
      Мәдениет және мұрағат iсi, спорт мемлекеттiк мекемесiнiң және қазыналық кәсiпорнының басшысы
      Орталық басшысы (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпараттық-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстемелiк, ғылыми-енгiзу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндiрiстiк, жобалау-iздестiру)
      ЖОО оқу-есептеу орталығының басшысы
      Басшы: институт (филиал, факультет); зертхана, жасақ қызмет
      Су жолдары қазыналық кәсiпорнының басшысы
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi қазыналық кәсiпорнының басшысы
      Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залының бастығы, Халыққа қызмет көрсету орталығының бас бухгалтерi.

G-4

      Бас сарапшы


      Басшысының орынбасары: мәдениет және мұрағат iсi, спорт мемлекеттiк мекемесiнiң және қазыналық кәсiпорны
      Орталық басшысының орынбасары (ақпараттық, ақпараттық-талдау, ақпарат-статистикалық, оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдiстеме, ғылыми-енгiзу, ғылыми-педагогикалық, ғылыми-практикалық, ғылыми-өндiрiстiк, өндiрiстiк, жобалау-iздестiру)
      Басшының орынбасары: Институт (факультет); зертхана; жасақ қызмет
      Су жолдары қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қазыналық кәсiпорны басшысының орынбасары
      Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысы (мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекемеден және қазыналық кәсiпорыннан басқа)
      Жетекшi кафедра; кабинет, суда құтқару қызметiнiң
      Кеңесшi
      Ғалым хатшы
      Көркемдiк жетекшi
      Халыққа қызмет көрсету орталығының операция залы бастығының орынбасары.

G-5

      Жетекшi ғылыми қызметкер


      Жетекшi сарапшы
      Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын басшысының орынбасары (мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекемеден және қазыналық кәсiпорыннан басқа)
      Профессор
      Бөлiмше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ қызмет; орталық су жолдары қазыналық кәсiпорны; Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi басшысы

G-6

      Бас: агроном, әкiмшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, ветеринариялық зертхананың биохимигi, карантиндiк зертхананың вирусологы, карантиндiк зертхананың гельминтологы, карантиндiк зертхананың гербологы, гидротехник, дирижер, флот жөнiндегi диспетчер, дыбыс режиссерi, инженер, инспектор, ветеринариялық зертхананың ихтиопатологы, кинооператор, конструктор, орманшы, механик, ветеринариялық зертхананың микологы, ветеринариялық зертхананың микробиологы, аңшы шаруашылығының маманы, ветеринариялық зертхананың паразитологы, жұмыс өндiрушi (прораб), ветеринариялық зертхананың радиологы, редактор, режиссер, балық өсiрушi, ветеринариялық зертхананың серологы, құтқарушы, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, хормейстер, сақтаушы, суретшi, карантиндiк зертхананың фитопатологы, эколог, экономист, энергетик, карантиндiк зертхананың энтомологы, ветеринариялық зертхананың эпизоотологы


      Бөлiмше, станция, филиал, шлюз, кешен, цикл: зертхана; жасақ қызмет; орталық су жолдары қазыналық кәсiпорны, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi басшысының орынбасары
      Доцент
      Баспасөз хатшысы
      Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын бөлiмшесiнiң, филиалының басшысы
      Басшы топ: консультация, инспекция; ЖОО кiтапханасының басшысы
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қазыналық кәсiпорны бөлiмiнiң (қызметiнiң)
      Суда құтқару қызметi жасағының, тобының басшысы
      Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдiстемешiсi
      Аға ғылыми қызметкер
      Аға: оқытушы, ЖОО-ның оқытушысы, сарапшы

G-7

      Мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын бөлiмшесi, филиалы басшысының орынбасары


      Басшының орынбасары тобы: консультация; инспекция
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қазыналық кәсiпорны бөлiм (қызмет) басшысының орынбасары
      Ғылыми-практикалық орталықтың әдiстемешiсi
      Ғылыми қызметкер
      Басшының көмекшiсi: Мемлекеттiк мекеме мен қазыналық кәсiпорын; ЖОО; Ұлттық ғылыми-практикалық орталық
      Оқытушы: ЖОО, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi бiлiм беру оқу орны
      Мектепке дейiнгi мемлекеттiк мекеменiң және қазыналық кәсiпорынның басшысы
      Сектор бөлiмшесiнiң (бөлiмiнiң) бөлiмше филиал басшысы
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер, гарнизондық жатақхана басшысы
      ЖОО азаматтық қорғаныс штабының басшысы
      Аға: геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi, консультант, жаттықтырушы, мастер
      Бiлiктiлiктi арттыру институтының аға әдiстемешiсi
      Сарапшы.

G-8

      Ассистент


      Геоақпараттық қамтамасыз ету, жер қойнауын геологиялық зерделеу инженерi
      Консультант
      Бiлiктiлiктi арттыру институтының әдiстемешiсi
      Әдiстемелiк кабинеттiң әдiстемешiсi
      Кiшi ғылыми қызметкер
      Бөлiмшенiң, филиалдың секторы, бөлiмшесi (бөлiмi) басшысының орынбасары
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi құрамындағы автоматтық станция, тренажер басшысының орынбасары
      Меңгерушiсi: мемлекеттiк мекеме және қазыналық кәсiпорын құрамындағы: дәрiхана, мұрағат, мұрағат қоймасы, ЖОО-ның аспирантурасы, база, монша-кiр жуу комбинаты, ЖОО-ның бассейнi, кiтапхана, интернат, ЖОО-ның лагерi, шеберхана, жөндеу-механикалық шеберхана, мұражай, үйде көрсетiлетiн әлеуметтiк көмек бөлiмше (орталық), өндiрiс, арнаулы медициналық жабдықтау қоймасы, тылды және пайдалану-техникалық қамтамасыз ету қоймасы, спорт құрылысы, асхана, труппа, ЖОО-ның оқу зертханасы бөлiм, (көркемдеп қою, әдеби-драмалық, музыкалық), цех
      Меңгерушi: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемесi бассейнi, клубы, тұрмыстық қызмет көрсету комбинаты, кинофильмдi жалға алу бөлiмшесi, стадион, оқу кабинетi.

G - 9

      Бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi маман: барлық мамандықтағы мұғалiмдер мен дәрiгерлер.



G - 10

      Бiлiктiлiгi жоғары деңгейлi маман: агроном, агрохимик, аккомпаниатор, актер, әртiс, археограф, мұрағатшы, сәулетшi, карантиндiк зертхананың бактериологы, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, биолог, биохимик, бухгалтер, карантиндiк зертхананың вирусологы, мал дәрiгерi, жетекшi, тәрбиешi, гельминтолог, геодезист, герболог, гидрогеолог, гидротехник, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчерi, дыбыс режиссерi, зоолог, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, ихтиолог, ихтопатолог, капитан, кинорежиссер, командир, конструктор, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi консультант, концертмейстер, тiлшi, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, ұшқыш-бақылаушы, логопед, мастер, медициналық бике, менеджер, әдiстемешi, механик, миколог, микробиолог, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, қоюшы-оператор, аңшы шаруашылығының маманы, палеограф, паразитолог, аудармашы, режиссердiң көмекшiсi, провизор (фармацевт), продюсер, жұмыс өндiрушi (прораб), психолог, радиолог, редактор, режиссер, қоюшы-режиссер, репетитор, референт, балық өсiрушi, селекционер, серолог, солист, әлеуметтанушы, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әлеуметтiк педагог, құтқарушы, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөнiндегi маман, зерттеушi-тағылымдамашы, статистик, технолог, ветеринариялық зертхананың токсикологы, жаттықтырушы, химик-талдаушы, хореограф, хормейстер, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), фитопатолог, штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, карантиндiк зертхананың энтомологы, эпидемиолог, эпизоотолог, заңгер консультант.


      Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi аға маман: акушерка, тәрбиешi, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджерi, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).

G - 11

      Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi маман: акушерка, маманның ассистентi (көмекшiсi), тәрбиешi, емдәм бикесi, тiс дәрiгерi, тiс технигi, мастер, медициналық бике, медициналық статистик, медициналық зертханашы, денсаулық сақтау менеджерi, рентген зертханашысы, мамандандырылған медициналық бике, әлеуметтiк жұмыс жөнiндегi маман, барлық мамандықтағы мұғалiмдер, фармацевт, фельдшер (-зертханашы).



G-12

      Бiлiктiлiгi орташа деңгейлi аға маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, сәулетшi, режиссердiң ассистентi, балетмейстер, кiтапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекшi, геодезист, дирижер, әуе және автомобиль тасымалдары диспетчерi, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тiлшi, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, мастер, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультiнiң операторы, оптикометрист, оптик-офтальмолог, режиссердiң көмекшiсi, бағдарламашы, жобалаушы, жұмыс өндiрушi (прораб), репетитор, рентген зерттеушi, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, статистик, технолог, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), штурман, эколог, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консулы.



G-13

      Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегi маман: агроном, аккомпаниатор, әртiс, мұрағатшы, сәулетшi, маманның ассистентi (көмекшiсi), режиссердiң ассистентi, балетмейстер, библиограф, кiтапханашы, бухгалтер, ветеринарлық фельдшер, жетекшi, геодезист, дирижер, авиация және автомобиль тасымалдары диспетчерi, зоотехник, барлық мамандықтағы инженер, инспектор, нұсқаушы, капитан, командир, концертмейстер, корректор, тiлшi, мәдени ұйымдастырушы, зертханашы, орманшы, мастер, менеджер, әдiстемешi, механик, музыкалық жетекшi, музыкатанушы, кино-бейнепроекциялық аппаратура басқару пультiнiң операторы, оптикометрист, аудармашы, режиссердiң көмекшiсi, бағдарламашы, жұмыс өндiрушi (прораб), жобалаушы, редактор, репетитор, үйiрме жетекшiсi, күтiм жөнiндегi әлеуметтiк қызметкер, әскери есепке алу және броньдау жөнiндегi маман, жұмыспен қамту орталығының маманы, зейнетақы мен жәрдемақыны төлеу жөнiндегi маман, статистик, барлық атаудағы техниктер, технолог, жаттықтырушы, хореограф, мұражай қорын сақтаушы, барлық атаудағы суретшiлер, суретшi-конструктор (дизайнер), шкипер, штурман, экономист, экскурсовод, электроншы, энергетик, заңгер консультант.


      Мемлекеттiк мекемеге және қазыналық кәсiпорынға әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлiмшенiң жетекшiсi: билет кассалары, бюро (анықтама, машиналық жазба, ақпараттық, көшiру-көбейту), монша, вивария, видеотека, гараж, iс жүргiзу, сақтау камерасы, кеңсе, ат ауласы, киiм бөлмесi, жылу қазандығы, сүт асханасы, кiтапхана, кiр жуатын орын, жалға беру пунктi, қойма, ауысым, станция, торап, учаске, шаруашылық, фильмотека, фонотека, фотозертхана, бөлiм, экспедиция.

G-14

      Техникалық орындаушылар: мұрағатшы; ассистент, кезекшi әкiмшi; рұқсаттама бюросының кезекшiсi, iс жүргiзушi; диктор, диспетчер; инкассатор; нұсқаушы; калькулятор; кассир; кодтаушы; кодификатор; комендант; билет тексерушi; көшiргiш; шетел мәтiнiмен жұмыс iстейтiн, диктофондық топтың, редакция, бюро машинисткасы, машинистка-стенографистка; әкiмшi, дыбыс жабдықтарына, хабар беру техникасына, теледидар жабдықтарына қызмет корсету жөнiндегi, кассалық, дизельдiк жабдықтарға қызмет көрсету жөнiндегi механик; бақылаушы; мұражай қараушысы; нарядшы; көшiру көбейту машиналарының жарық аппаратурасы, байланыс жүйелерi, қауiпсiздiк қызметi, бейне жазба, дыбыс жазба, телетайп, телефакс, телекс, радио, компьютерлiк техника (бағдарламалар), электрондық есептеу машиналарының, компьютерлiк құрылғыларға қызмет көрсету жөнiндегi, диспетчерлiк қызмет операторы; күзетшi, паспортшы; медициналық бикенiң, тәрбиешiнiң көмекшiсi; тiркеушi, хатшы, хатшы-машинист, хатшы-стенографист; оқу бөлiмiнiң хатшысы; статистик; стенографист; суфлер; есеп жүргiзушi; табельшi; есепке алушы; фельдъегерь, экспонат сақтаушы, сызушы, экспедитор.

      ЕСКЕРТПЕ:
      1. Бас бухгалтердiң лауазымы, басшының әкiмшiлiк-шаруашылық қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бiр санат төмен болады; бас бухгалтердiң орынбасарының лауазымы бас бухгалтердiң лауазымынан бiр санат төмен болады.
      2. Денсаулық сақтау жүйесi бойынша:
      басшының бикелiк iс жөнiндегi орынбасарының лауазымы, басшының азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар медициналық қызметi жөнiндегi орынбасарының лауазымы басшы орынбасарының лауазымынан бiр санат төмен болады;
      бас медициналық бикенiң лауазымы медициналық бикенiң лауазымынан бiр санат жоғары болады.

      * Республикалық мемлекеттiк мекемелердiң және қазыналық кәсiпорындардың тiзбесi осы қаулыға 24-қосымшаға сәйкес.



Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2007 жылғы 29 желтоқсандағы
N 1400 қаулысына
2-қосымша    


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет