Азаматтық қоғам институттары



Дата07.10.2022
өлшемі17.17 Kb.
#462138
Азаматтық қоғам институттары баяндама


Азаматтық қоғам институттары
Азаматтық қоғамның қалыптасу үрдісінде, оның басты факторлары мен құндылықтарына ғылыми зерттеу жүргізіліп, даму үрдістерін анықтау маңызды мəселелердің бірі. «Азаматтық қоғам» ұғымы арқылы қоғамдық байланыстар мен қатынастардың жағдайы бейнеленіп, белгілі бір мелекеттегі тұрғындардың азаматтық қайраткерлігінің қарқыны, мемлекет пе қоғамның əлеуметтік саладағы қызметтерінің бөліну деңгейі анықталады. Басқаша айтқанда, азаматтық қоғам демократиялық құрылысқа аса қажет əлеуметтік қатынаастардың өзін-өзі реттеу қызметіне жағдай туады: азаматтар саяси институттардың көмегіне сүйенбей-ақ, өздері реттей алатын қатынастарға мемлекеттің қол сұғуы тежеледі. Сондықтан да демократиялық сипаттағы саяси жүйесі бар құқықтық мемлекеттің дамуында азаматтық қоғамның алатын орны ерекше.

Азаматтық қоғамның біздің түсінігіміздегі нақты анықтамасы мынадай: ол – құрамындағы мүшелердің арасындағы экономикалық, мядени, құқықтық жəне саяси қатынастары дамыған, мемлекеттен тəуелсіз, бірақ онымен өзара əрекеттесуші қоғам, мемлекеттпен бірлесе отырып, дамыған құқықтық қатынастар құрушы, жоғарғы дəрежелі əлеуметтік, экономикалық, саяси, мəдени жəне моральдық мəртебелі азаматтар қоғамы. Азаматтық қоғамның шынайылығы идеал мен идеалдық жобаның жəне осындай жобаны жүзеге асырушы қоғамның шын мəнісінде қол жеткізген жетістіктерімен анықталады. Бүгінгі таңдағы көзқарас бойынша, азаматтық қоғам бұл айтылғандармен қоса, демократиялық заңдар, биліктің тармақтарға жіктелуі, заң жүзіндегі оппозицияның болуы, көппартиялық жүйе сияқты басқа да азаматтық өмірдің құндылықтарын, адамдардың саяси жəне əлеуметтік бостандықтарын жəне олардың ассоциацияға, топқа, партияға бірлесуін жүзеге асырушы тетіктерді қамтиды. Азаматтық қоғам заңды тіркелген, құрылымды бекітілген жəне психологиялық тұрғыда қамтамасыз етілген əлеуметтік-саяси қызметтің материалдық жəне идеялық плюрализммен ажырамас бірлікте. Ал адамның жеке өміріне ешбір қол сұғушылыққа жол берілмейді, ол тек заңды бұзып, оған қайшы келмесе болғаны. Адам құқығы басты орындағы мəселе.

Тарихи деректемелерге сүйене келе азаматтық қоғам ұғымының пайда болуы жөнінде ұлы ойшыл ежелгі жəне орта ғасыр ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар. Біреулері оны буржуазиялық қоғамның жемісі дей келіп, нарықтық қатынастармен байланыстырады. Екіншілері ондай қоғам белгілі бір шамада болмасын болған дейді.

Еңбек туындыларына сілтемелі нысанда қарастыратын болсақ, азаматтық қоғам идеясы өте ертеде пайда болған. Ұлы Грек əлемінің данасы Аристотель еңбектерінің өзінде бір азаматтық қоғамдағы меншіктің рөлі туралы пікірлерін, жеке тұлғаға байланысты мағлұматтарды кездестіреміз.

Ол кім меншікке ие болса, сол ізгіліктің, адамгершіліктің де иесі болады деп өзінің төл туындыларында жазып өсиет ретінде қалдырған секілді.

Сөйтіп, азаматтық қоғам институттарының зерттелуіне елеулі үлес қосқандар: Т.Гоббс, Ш.Монтескье, Ж.Ж.Руссо,Т.Пейн жəне тағы басқа.

Азаматтық қоғам тұғырнамасын жасауда ерекше еңбек еткен немістің атақты фəлсафашысы – Гегель. Оның ойынша, азаматтық қоғам мемлекеттен тəуелсіз нарықтық экономиканы, əлеуметтік топтарды, таптарды, корпорацияларды, институттарды қамтиды. Олардың мақсаты қоғамның өміршеңдігін жəне азаматтық құқықты жүзеге асыруды қамтамасыз етуде. Адам қоғамы қалай қалыптасты, оның себептері қандай – бұл туралы бір қорытынды пікір жоқ. Бірақ бұл түсінікті ең бірінші ғылымға енгізген Адам Смит, Давид Рикардо, оған саяси сипаттама берген Гегель. Дүниежүзілік ғылыми, саяси қайраткерлердің, ойшылардың айтуынша - қоғам саналы адамдардың ерікті түрде бірігіп өмір сүруі. Бұл бірігудің негізгі себебі адамдардың бір мүдделігі, бір тілектестігі. Мүдде екі түрлі болады: жеке адамның мүддесі жəне қоғамның мүддесі. Қоғам осы екі мүдде-мақсатты біріктіріп, дамытып отырады. Осы объективтік даму процесінде адамдардың өзара ынтымақтастығы қалыптасты. Сол арқылы жеке адамның қолынан келмейтін, əлі жетпейтін істерді атқаруға мүмкіншілік туды. Карл Маркс өз еңбектерінде қысқаша: “Қоғам – адамдардың өзара еңбек жасауының одағы” – деп жазған.

Қоғамдық мүдде-мақсат, қоғамдық тілек уақытша емес, түпкілікті, нақты, объективтік мағынада қалыптасуы керек. Сонда ғана қоғамның жақсы дамуға, нығаюға мүмкіншілігі болады. Себебі қоғам саналы адамдардығ ерікті түрде қалыптасқан одағы. Егер бұл одақ, бұл бірлік еріксіз, озбырлық түрде ұйымдастырылса, ондай қоғам нəтижесіз тез таралып кетер еді. Адам қоғамның ең басты құрылымы. Қоғам адамдардың күрделі əлеуметтік бірлестігі. Бұл бірлестік, бұл қоғам дұрыс, жақсы даму үшін оның ішіндегі қатынастарды реттеп, басқару қажеттілігін тудыртты. Оны қоғамның объективтік даму процесінің заңдарына сүйене отырып, адамдар өздерң əлеуметтік нормалар арқылы реттеп, басқарып отырады. Сондықтан мемлекет пен құқық пайда болды. “Адамдар өз тарихын өздері жасайды, деп жазды Маркс. – бірақ олар оны өз қалауынша жасай алмайды, қолындағы барды, бұрынғыдан қалған мұраны қолдануға мəжбүр болады”.



Адамдардың объективтік тарихи даму процесіне жəне күнделікті қарым-қатынасында қоғамның бірнеше түрлері болады: өндірістік қоғам, шаруашылық қоғам, əлеуметтік қоғам, азаматтық қоғам жəне т.б. Осылардың ішіндегі ең күрделісі, ең түпкіліктісі адаммен бірге дамып кележатқан азаматтық қоғам. Қоғамның басқа түрлері тез құрылып, тез арада тарап жатады. Олардың өмірі, іс- əрекетінің шеңбері кеңістігі көп өлкеге жайылмайды, уақыты көпке созылмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет