ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ
ҚҰРМАНҒАЗЫ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ КОНСЕРВАТОРИЯСЫ
«Саяси билік: мәні мен жүзеге асыру механизмдері»
Орындаған: Жалғасова Аружан
Тексерген: Жапаров Елнұр Жұмайұлы
Алматы, 2023ж
1.Билік ұғымы және ол туралы тұжырымдамалар.
2.Биліктің қызметтері мен жіктелуі. Саяси билік пен мемлекеттік билік. 3.Егеменді Қазақстандағы мемлекеттік билік.
4.Биліктің түрлері.
1.Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлык саясат әлемінің мәнін түсініп-білуге мүмкіндік береді. Себебі, саясаттың негізгі мәселесі — билік, ал мазмұны — билік үшін күрес және билікті жүргізу. Шығыстың көрнекті ойшылы Ибн-Халдун адамның басқа жан- жануарлардан ерекшелігі — ол билік үшін күреседі деген екен. Ағылшынның ең ірі фәлсафашыларының бірі, қоғам қайраткері болған Бертран Рассел физикада басты ұғым энергия болса, қоғамдық ғылымдарда негізгі ұғым билік болып табылады деп дұрыс айтқан. Ал Американың әйгілі әлеуметтанушысы Талкотт Парсонс экономикалық жүйеде ақша қандай орын алса, саяси жүйеде билік те соншалықты орын алады деген. Сондықтан бұл курстағы басқа тақырыптардың бәрі билікке байланысты келеді.
Билік жөнінде ғалымдар арасында әр түрлі анықтамалар мен тұжырымдамалар бар. Солардың негізгілеріне қысқаша тоқтала кетейік.
1. Телеологиялық анықтама билікті белгілі бір мақсатқа, белгілеген нәтижеге, қорытындыға жету мүмкіндігі деп түсіндіреді. Мысалы, ағылшын фәлсафашысы Т. Гоббс билік болашақта игілікке жетудің құралы және өмірдің өзі өле-өлгенше билік үшін үздіксіз ұмтылыс деп жазды.
2. Бихевиористік анықтама бойынша билік деп басқа адамдардың жүріс- тұрысын, өзін-өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс-әрекеттің ерекше түрі.
3. Инструменталистіканықтама билікті белгілі бір құралдарды, амалдарды (зорлық-зомбылық, күштеу сиякты шараларды) пайдалану, колдану мүмкіндігі деп біледі. Мәселен, Американың белгілі саясаттанушысы Р. Даль билік бір адамға екінші адамды өз еркімен жасамайтын іс-әрекетті жасауға мәжбүр ету мүмкіндігін береді дейді.
.
Саяси биліктің өзіндікқызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси.жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол
мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институтгар,
мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар
және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды); әр түрлі деңгейдегі қоғам
мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге
басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп
келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және
мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық
(басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық)
қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау-дамай,
шиеленістерді (ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық
келісімге, мәмілеге келу және т.б. Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы
3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси
институттар, мемлекетгік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен
қоғамдық ұйымдарды баскару органдары кіретін ете ірі деңгей; 2) орта
буынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық,
аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер,
агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер)
кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс
және басқа тұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы
болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін-өзі басқару өрісін құрайтын
кіші деңгей.
т
3. Республикадеп мемлекеттiк билiктiң барлық жоғары органдары белгiлi бiр уақытқа сайланатын немесе өкiлдiк мекемелер /парламент/ арқылы қалыптасатын мемлекеттiк басқарудың түрiн айтамыз. Республика президенттiк және парламенттiк болып екiге бөлiнедi.
Президенттік республиканың негізгі белгілері:
· Президент қолына мемлекет және үкімет басшысы өкілеттіліктерінің шоғырлануы;
· Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігінің жоқтығы;
· Парламенттен тыс президентті сайлау және үкіметті қалыптастыру;
· Президент қолына ауқымды биліктің шоғырлануы;
· Парламентте үкіметке сенімсіздік білдіру құқығының болмауы. Парламенттік республиканың негізгі белгілері:
1 Парламент үстемдігі;
2 Үкіметтің парламент алдындағы жауапкершілігі;
3 Үкіметті парламенттік негізде саяси партия жетекшілерінен қалыптастыру; 4 Мемлекет басшысын парламентте сайлау;
5 Үкімет басшысын (премъер-министрді) президент тағайындайды.
Мемлекеттiң аумақтық-саяси құрылымы. Мемлекет басқару түрiмен қатар құрылысына қарай да жiктелiнедi. Мемлекеттік құрылыстың формасы – бұл орталық өкімет пен жергілікті биліктің міндеттер өрісінің арақатынасын білдіреді.
4.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке- дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі).
Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі бір дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия,Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люсембург, Морокко, Сауд Арабиясы, Швеция, Жапония және т.б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президентік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып санады. Оны парламент немесе халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны парламенттік президент дейді. Ол-салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция боцынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер-министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |