Қазандағы Азиялық типография



бет1/3
Дата28.03.2024
өлшемі20.23 Kb.
#496812
  1   2   3
кітаптардың пайда болуы (1)


Қазандағы Азиялық типография
1797 жылы отставкадағы лейтенант Ғабдулгазиз Бурашев қазан губерниясында татар баспаханасын ашу туралы император Павел I атына алғашқы өтініш берді. Император рұқсатқа қол қойды, бірақ Сенат оны қабылдамады. Соған қарамастан, 1800 жылғы 13 қыркүйектегі жарлықпен Сенат басқа провинциялардағы татарлар қолдаған екінші өтінішті қанағаттандырды және Қазанда қазыналық баспахананы ұйымдастыруға рұқсат берді. Оның мазмұны Бурашевке берілді .
Азиялық баспахана цензуралық бақылауды жүзеге асырған алғашқы ерлер гимназиясының ғимаратында орналасқан . Орынбор мүфтият ислам діні кітаптарының сәйкестігін тексерумен айналысты. Баспахананың қарамағында тек арабографиялық қаріптер болды [4]. Сенаттың Жарлығына сәйкес тек"алкорандар, дұға кітаптары және сол сияқтыларды"басып шығаруға рұқсат етілді. Бурашев өз есебінен Сенат баспаханасының азиялық филиалында теру керек-жарақтарын сатып алды, сондай-ақ терушілер Хамзу Мамышев пен Ғали Рахматуллинді шығарды. 1803 жылдың аяғында Бурашев баспахананы басқарудан шеттетілді, алайда ол 1805 жылға дейін тапсырыс беруші болып қала берді[.
Азиялық баспахананың келесі менеджерлері көпестер Ғали Апанаев[5] әкесі Юсуп Апанаевпен, сондай-ақ ағайынды Юнусовтармен[4] болды. Баспаханада Қазан университетінің оқытушысы және оқытушысы Ибрагим Халфин жұмыс істеді .
1829 жылы Азия баспаханасы Қазан университетінің баспаханасына қосылды


Қазақ баспа ісінің тарихы
Ұлттық негізде құрылған жаңа баспаның алғашқы өнімі – «Әліппе». Бұл – қазақ баспа ісінің қарлығашы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы
Қазақ баспа ісінің тарихынан сөз қозғау үшін алдымен баспа және кітап, баспасөз деген ұғым-түсініктердің мағынасын білуіміз шарт. Қазақтың төл жазбасында жарық көрген кітаптардың шығуымен кітаптардың тарихын бастай аламыз. Ұлттың жазуының тарихы тым көнеде, ерте заманнан басталатынын ескерсек, тек жаңа заманғы үрдістердің қалыбымен жарық көрген кітаптарды, ілгерішіл басылымдарды, оны дайындап шығаратын ортаны (баспа ісін) осы мақаламызда арнайы сөз етеміз. Қазақ баспа ісінің қарлығашы 
Жазба әдебиетінің дамуынан болған кітаптар шығару ісі Алаш ұлт-азаттық қозғалысының кезеңімен тұспа-тұс келеді. Алайда осы орайда қазақ ақын-жырауларының шығармалары мен көне хисса-дастандардың, ертегілер мен батырлар жырының жарияланып тарағанын жоққа шығармаймыз. Фольклорлық мұралардың бірнеше мәрте бастырылып көршілес Қазан, Уфа, Орынбор, Ташкент, Астрахан және Санкт-Петербург қалаларындағы жеке меншік баспалардан жарық көргені белгілі. Алайда өзімізде жеке баспа болмағандықтан ұлттың ұлы ақыны Абайдың жырлары кітап болып 1909 жылы Санкт-Петербург қаласында жарық көргенін айта кетуіміз лазым. Бұл уақытта Ресейде баспа ісі жанданып, біршама жетіліп, бір ғана жазушы, баспагер Н. Новиков баспахана, кітапхана, мекемелер ашып, кітап дүкендерін ұйымдастырған. Қазақтың оқыған азаматтарының топтасып, елі мен жерінің қорғанына айналу және жас қазақ баласының көкірегіне сәуле құю үшін газет ашып, баспа ісін жандандыру үшін ұлттың саяси көсемі Әлихан Бөкейханның тікелей басшылығымен Ахмет Байтұрсынұлы 1913 жылы «Қазақ» газетін шығарды. Алғашқы қазақ журналы «Айқаптың» бас редакторы Мұхамеджан Сералиннің де түпкі мақсаты қазақтың санасы ояту, патшалық отаршылдықтың зардаптарын елге көрсету, оқыған қазақ жастарының пікір алуандығын жариялау. Дегенмен, баспасөз қарқынды өріс алып, кең тарағанымен, баспа ісін ашу, баспахананы қалыптастыру үрдісі кейін қазақ даласына советтік билік орнаған соң келді. Алашорда үкіметінің күресі біржолата тоқтатылып, кейбір зиялылардың Қазақ АССР құрамында қызмет етті. Ахмет Байтұрсынұлы басқарған ҚазАССР Оқу-ағарту халық комиссариатының аса маңызды қызметі – қазақ баспасының құрылуы, баспаханалардың қалыптасуы және тұтастай алғанда баспа ісінің өркендеуіне жол ашуы. 1921-1922 жылдарда Қазақстанда 29 баспахана, бір литография жұмыс істеді. Бір жылдың ішінде Мемлекеттік баспа (Госиздат) тиражы 27 мың дана 20 кітап шығарды. «Қазақстанда баспа ісін қайта құру туралы» Қазақ өлкелік партия комитетінің қаулысынан кейін (22 қазан, 1931) аталған баспа «Қазақстан баспасы» (Казиздат) болып қайта құрылды. Миіне, бұл істерде, қазақ баспасының даму тарихында А. Байтұрсыұлының қолтаңбасы болғандықтан, оны ұлт тұлғаларынан шыққан тұңғыш баспагер деп мойындауымыз қажет. Баспа ісінің бастаулары 1921 жылы осы баспадан қазақ тілінде 680570 дана, өзбек тілінде 2147850 дана, түрікмен, тәжік тілдерінде 233800 дана кітап басылып шықты. Қазақстанда алғашқы кітап 1918 жылы басылған. 
Ұлттық негізде құрылған жаңа баспаның алғашқы өнімі – «Әліппе». Бұл – қазақ баспа ісінің қарлығашы Ахмет Байтұрсынұлының араб графикасына негізделе отырып жасаған төте жазуы, қазіргі таңда Қытай қазақтары қолданатын жазу. 1922-1927 жылдар аралығында 75 атаумен 319 кітап жарық көрген. 1922-23 оқу жылында 14 оқулық, оның ішінде «Грамматика», «Физика», «Алгебра», «Педагогика», «Мектеп гигиенасы», Сұлтанбек Қожановтың «Арифметика оқулығы», Иса Тоқтыбаевтың «Бастапқы география» оқулықтары болды. 1922-23 жылдары Әбубәкір Диваев жинап, «Қамбар батыр»,«Қобыланды батыр», «Алпамыс батыр», «Қыз Жібек», «Шора батыр» кітаптарын шығарды. Қазақ халқының тарихына байланысты А. Гулошниковтың «Қазақ-қырғыз халықтарының тарихы» еңбегі, Рязановтың «Исатай Тайманов» кітабы да жарық көрді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет