Қазақша ем
Редактор:Жакенова Гауһар
МӘТІН:Қазақ емі-тарихы терең,байырғыдан келе жатқан киелі ғылым. Миллиард халық мойындаған қазақ емімен сусындап, атадан балаға жалғастырып келе жатқан аталарымызбен әжелеріміз арамызда әлі жүр.Шетпе үзу,шетпелік,қан алу,ілме,бұлау,сүлік салу,сынық таңу,тамыр ұстау,қатарлы ем түрлері бар. Қазақ ұлттық емшілігі дегеніміз дәстүрлі медицина саласы.Онда нақты диагноз қою мен емдеудің түрлері жолдары қалыптасқан.Енді осы саланы тереңнен зерттеп,батыстың озық емдеуімен ұштастырсақ,біздегі медицина саласы бұданда жоғары дами түсері анық.
Муз қоспа:
СНХвидео ролик сүлік салу, өзім салып көрсетемін)
МӘТІН: Қаратал ауданы Үштобе қаласына қарасты Жанаталап ауылында Жакен деген атамыз бар.Бұл кісі неше түрлі ауруларды алған мықты кісі, өзінің емдік дәрілеріде бар.Бір қызығы атамыз сырқаттанып келген адамдарды көбінесе өте көне түрде жазылған дұғалармен емдиді.Тамыр ұстау,сынық салу,дәрі жасау,дұға жасау секілді қасиеттері бар.Атамыз өзі қажы кісі.(тағыда мәліметтер қосылады)Тамыр ұстау-ауруға диагноз қоюдың,денсалыққа сараптама жасаудың бір тәсілі. Жүрекке жалғасқан күре тамырлардың соғысы ең негізгі хабар беруші болып саналады. Сол арқылы жүрек соғысын, жүрекке баратын оттегінің әсерін, қан жеткізу қызметінің мүмкіндігін білуге болады.Қазірге дейін аталарымыз тамыр райының өзгерісінің 62 түріне дейін меңгере алған.Дәрі шөптермен емдеу де біліктілікті қажет етеді. Қазақ емшілігінде қолданылатын дәрі-дәрмектері табиғаттағы хайуанаттар мен жәндіктерден және минералдардан алынған.Нақты айтқанда өсімдіктен алынатын дәрілер өсімдіктердің сабағы, тамыры, гүлі, жапырағы, қабығы, жемісі, тұқымы жеке жеке дәрі дәрмекке қолданады. Минералдық заттардан алынатын дәрілер – мыс, сынап, күкірт, ашутас.Қазақ емінің тағы бір түрі булау. Булау, яғни шөп дәрілерді қайнатып, буымен емдеу немесе мал терісіне салып емдеу. Бұл көбінесе тері ауруларына және суықтан, желден пайда болған ауыру түрлерін емдеуге қолданылады.
Видео кадр:(ем жасайтын бөлмесі дәрілері,сертификаттары,дұға сүрелер жазылған қағаздары))
СНХ:отбасы бала шағасынан сұхбат)
МӘТІН:Қан алып емлеу тәсілі. Қан күміс қандауырмен 4 жерден шетіп немесе шабақтап алынады. Баспа, шетпе, ілме, құяң, обыр (рактің бір түрі) қатарлы ауырудың түрлеріне қарай маңдайдан, мұрын қуысынан, тілдің асты мен жұтқыншақ бездерінен (ангина кезінде) және арқа, бел, бүйір, мойыннан алынады. Құяң үзу Қазақта тағы бір көп кездесетін ауыру – құяң. Құяң дегеніміз қан тамырындағы қанның өзгеріске ұшырауынан, баяулауынан, тамырдан сүзіліп шығып, қақ тұрып қалу яғни жиналған сарысудан асқынып қаққа айналуы. Соны қазақтың құяң үзуге арналған аспаптары арқылы емдейді әрі шөп дәрілер арқылы зардабын да жояды. "Шетпе" ауруы вирус, микроб, бактерия таяқшасынан пайда болмайды. Осы заманғы медицина іліміне енбеген, ғылыми талдауы кемшіл ауру түрі
Жалпы ғылыми тұрғыдан алғанда, жел тиіп немесе терлеп жатқан баланы аша қойғанда ұстаған суықтан, тер қатудан немесе кіндік кескен кезде кіндік бауы толық саумаланбай ішінде қан не ауа қалып қоюдан сәбидің тері лимфа тамырлары, тері ұсақ тамырлары және тері бездері зақымдалудан пайда болады. Қан айналысы баяулап, жон, арқа жағы тырысады да қызуы көтеріледі. Сәбилердің іші кебеді, мазасызданып, жылай береді. Емдеу – шетпені үзу деп те аталады. Әдетте ауру белгісі байқалғанда баланы шетпешөптің суына салу, шай суына шыланған көк шүперекпен орау, ешкі, қой терісіне салу, құрқылтай ұясын, малдың тоқ ішегін қарнына, кіндік тұсына қою, ұн мен кебекке бөлеу арқылы, сондай-ақ, арқасын мыс не күміс білезікпен, мүйіз тарақтың сыртымен, усарымсақпен тағы басқа заттармен ысқылап (тарап) шетпе тамырын тарқатқан.Сол кезде арқасы қып-қызыл болып шығады.
СНХ:осы күнге дейін қандай ауруларды алғаны жайлы сұхбат)
СНХ:ем алған кісілерден сұхбат)
МӘТІН: Қазақ бойтұмарсыз жүрмейді.Бойтұмар немесе тұмар адамды ауру-сырқаудан, ұшықтан, қастандықтан сақтайды деген түсінік бар. Оны тек түйсігі бар адамдар ғана біледі деп есептейді."Тілің тасқа", "Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады" деген аталы сөз бар. Тіл-көздің тиюі – ғылымның шамасы келмейтін өмірде дәлелденген іс.Көзінің не тілінің сұғы бар кісі сұқтанып қараса, сол адам иә жануар қалпақтай ұшады, ауырады. Жеңіл болса, жазылады. Ауыр болса, кемтар боп қалады. Тіптен өледі.Тіл-көз тиген не көздің сұғы өткен ауруды дәрігерлер емдей алмайды. Сол тіл-көзі тиген адамның ұлтарағымен немесе сол адам ұстап кеткен есік жақтауларын сүрткен сумен ұшықтайды. Басқа да халықтық емдеу жолдары бар.
СНХемдік дәріні қалай жасайды емдік заттарды,улы шөптерді қай жақтан алып келеді)
МӘТІН: Кейде медицинаға қатты сеніп, қазақша емді жоққа шығаратынымыз рас.Алайда.қазақи емшілік саласындағы тарихи құндылықтар елдің денсаулығы үшін қызмет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |