«Қазақстан 2050»- құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру туралы есеп Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050»



Дата08.06.2016
өлшемі28.79 Kb.
#122941
«Қазақстан 2050»- құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Елбасы Жолдауын жүзеге асыру туралы есеп
Курчатов қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050»Статегиясы» - құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Жолдауын жүзеге асыру барысын ақпараттық алып жүру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп және бекітілді.

Президент Жолдауын насихаттау мақсатында 8 ақпараттық-насихаттау топтары құрылып және жұмыс істейді. Ақпараттық – насихаттау топтары (АНТ) әкім аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, Курчатов қаласы кәсіпорындарының, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінен құрылған, барлығы 41 адам жұмыс істейді. Топтарды Курчатов қаласының әкімі және Курчатов қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінің бастықтары басқарады.

АНТ жұмыстарының негізгі бағыттары - мемлекеттік ішкі саясаттағы негізгі басымдылықтарды, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау мен түсіндіру болып табылады.

2013 жылы Елбасының «Қазақстан 2050»Статегиясы» - құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдылықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау бойынша жұмыс, семинарлар өткізу, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының, мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру жолдарымен, «дөңгелек стөлдер» отырысттарында, ақпараттық әдістемелік материалдарды тарату арқылы өткізілді.

Сонымен, Курчатов қаласының ішкі саясат бөлімімен көрсетілген уақыт ішінде мынадай жұмыстар атқарылды:

2013 жылдың 28 қаңарында АНТ мүшелеріне арналған семинарлар өткізілді, онда Елбасының «Қазақстан 2050»Статегиясы» - құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Жолдауында айтылған, АНТ қызметтерінің негізгі бағыттары түсіндірілді. Семинарда тұрғындармен жұмыс істеудің әдісі мен түрі түсіндіріліп, ШҚО және Курчатов қаласында Жолдауды тәжірибелік жүзеге асыру бойынша АНТ мүшелері үшін толық ақпарат беруге ерекше назар аударылды.

2013 жылдың 8 ақпанында Елбасының «Қазақстан 2050»Статегиясы» - құрылған мемлекеттің жаңа саяси беталысы» Жолдауын түсіндіру бойынша Курчатов қаласы әкімдігінің мемлекеттік және азаматтық қызметкерлері үшін семинар өткізілді. Семинар барысында «Қазақстан 2030» жүзеге асыру аясында Қазақстанның жетістіктері, жаңа ғаламдық шақырулар туралы тыңдаушыларға түсінерлік түрде айтылды. «Қазақстан 2050»Стратегиясына» сәйкес ел дамуының бағыттары жан-жақты хабарланды. Семинар жұмысына 40 адам қатысты.

Кестеге сәйкес ақпараттық-насихаттау топтарымен қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіледі. Сонымен, 2013 жылы ақпараттық – насихаттау топтарымен (АНТ) Елбасының «Қазақстан 2050» Стратегиясы» Жолдауын насихаттау бойынша тұрғындармен 131 кездесу өткізілді (Жолдау шыққан кезден бастап 135 кездесу), онда 11 890 адам қатысып, кездесуде 101 адам сөз сөйледі.

Насихаттаудың дәстүрлі әдісінен басқа қазіргі уақытта АНТ мүшелерімен жаңасы да қолданылады. Сонымен «Ұлттық ядролық орталығы» РМК, ҚР ҰЯО «Атом энергиясы институты» ЕМК, ҚР ҰЯО «Геофизикалық зерттеулер институты» ЕМК, ҚР ҰЯО «Радиациялық қауіпсіздік және экология институты» ЕМК электронды мекенжайы бар барлық қызметкерлерге материалдардың электронды жіберілуі қолданылады. Осындай түрмен, тұрғындардың едәуір толық қамтылуы қамтамасыз етіледі.

«Қазақстан 2050»Стратегиясы» тақырыбымен Курчатов қаласы бойынша көрнекі агитацияны өткізу шеңберінде орталық көшелерде 9 баннерлер мен 3 кергілер орналастырылған.



Бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің жұмысын насихаттау бойынша жұмыстар кеңінен жарық көреді. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі тікелей эфирде жазылып және бейнематериалдар 3514 ә/б және тағы сондай мекемелер мен ұйымдарға тапсырылды. «Қазақстан 2050» Стратегиясы» Жолдауының толық мәтіні қала әкімінің сайтындар жарияланған.

Қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық рубрика ашылып, Прездденттің Жолдауы бойынша түсіндіру материалдары жарияланды. 2013 жылы «Курчатов көкжиегі» газетінде Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және насихаттау бойынша 44 мақала, «Спектр резонанс» газетінде 42 мақала жарияланды . Бұдан басқа, «Спектр резонанс» газетінде тұрақты негізде осы тақырыпта инфографика жарияланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет