Әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері Жарық ауылдық округі әкім аппараты» мм – сі 2014 жылды Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»



Дата24.02.2016
өлшемі52.9 Kb.
#15915
Жарық ауылдық округі әкімі Б. Наурызбаевтың Жарық ауылдық округі

әкімінің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасының

орындалуы туралы есепті баяндамасының тезистері

Жарық ауылдық округі әкім аппараты» ММ – сі 2014 жылды Елбасының «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауынан туындаған міндеттерге және жұмысты облыс әкім мен аудан әкімі алға қойған тапсырмаларын жүзеге асыруға арнады. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауын 11 қарашада жариялады. Елбасының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын талқылау бойынша округте актив жиыны өтті. Жолдау кеңінен талқыланып, Жарық, Малай ауыл тұрғындарына, мекеме, ұжымдарда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



Тұрғындар: Жарық ауылдық округінде 2015 жылдың 1 қаңтарына 1067 адам тұрады, оның ішінде зейнеткерлер саны 115 адам. Ұлт құрамын қазақтар (97,1 пайыз), орыстар (1,2%), , немістер (0,8 %), татарлар (0,9%) т.б ұлттар құрайды.

Білім: Округте 2 мектеп Жамбыл атындағы орта мектеп және Малай негізгі мектебі жұмыс істейді. Барлық оқушы саны Жамбыл ОМ-де 148, мектепалды даярлық тобында 20 бала, кіші орталық 3 топ-63 бала оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымын 28 мұғалім, 3 тәрбиеші құрайды. Жабдықталған физика, биология, мультимедия кабинеттері бар, компьютерлік класс – 1, мектепте 2 интерактивтік тақта бар. Малай НМ-де барлық оқушы саны 44 бала, мектепалды даярлық тобында 6 бала, кіші орталық 3 топ-19 бала оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымын 12 мұғалім, 1 тәрбиеші құрайды. Жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9, компьютерлік класс – 1 (5 компьютер бар), мектепте 1 интерактивтік тақта бар.

Денсаулық сақтау: Жарық ауылында фельдшерлік акушерлік пункт бар. Медицина құрамында 3 медбике және 1 санитар, жедел жәрдем көліктері бар, 1 жүргізуші жұмыс істейді. Медициналық пунктің арнайы ғимараты бар, оның ішінде егу және қабылдау кабинеттері бар. Малай ауылында ФП жұмыс істеп тұр, арнайы 1 медбике тағайындалған.

Әлеуметтік қорғау: Аппарат жұмысының негізгі бағыттарының бірі - әлеуметтік аз қамтамасыз етілген тұрғындар есебі және оларға әлеуметтік қолдау көрсету болып саналады. 2014 жылы 1 отбасына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 13 отбасына 18 жасқа дейінгі жәрдемақы төленді. «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінің ұйымдастыруымен 9 мамырда тыл еңбеккерлеріне заттай сыйлық таратты, 19 шілдеде тойханада ауыл үлкендеріне, арнайы ауыз бекіткендерге ауызашар берілді., 20 шілдеде «Даяна» шаруа қожалығы басшысы Тектенова Камшаттың ұйымдастыруымен түйе сойылып, округ тұрғындарының аз қамтылған отбасылары, көп балалы отбасыларға және ауыз бекіткен тұрғындарға таратып берді. Қарттар күніне ауыл кәсіпкерлері ауылымыздың қарттарына дастархан жайып, «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінің басшысы Қ.Ешмуратов 1 центнерден жем таратты.

Мәдениет, спорт; Ауылда мәдениеттің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ауылдық кітапхана жұмыс істейді. Кітапханашы оқырмандар арасында жеке жұмыстармен қатар арнаулы күндерге байланысты көпшілік шараларды өткізеді: хабарламалар, сағаттар, кештер, сайыстар, шолулар, викториналар, тақырыптық топтамалар және т.б . Кітапханалық қоры 13000 дананы құрайды, оқырмандар саны 620 адам. 1 компьютер, 2 ноутбукпен жабдықталған және заман талабына сай интернет желісіне қосылған. Кітапханашы қызметін 1 адам атқарады. Әр түрлі мәдени іс шаралар өтететін ауылдық клуб, онда 1 мәдени қызметкер жұмыс істейді.
Округ аумағында мәдениет және спорттық мекемелердің торабы құрылған, Спорт кешені бар, оның үйірмелерінде 50-ге жуық бала жаттығады, бұлардың ішінде қазақша күрес, греко-рим күрес, дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ, футбол, волейбол, бокс және үстел теннисі. Ауылда музыка мектебі жұмыс істейді, онда 2 оқытушы сабақ жүргізеді, оқушы домбырада, қобызда ойнауды үйренеді, 18 оқушы қатысады.

Жұмыспен қамту: «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гінде 154 ауыл тұрғыны жұмыс істейді. 21 жеке кәсіпкер, оларда 21 адам жұмыспен қамтылған. оның ішінде 6-уы ауыл тұрғындарын тұрмысқа қажетті азық-түлікпен, затармен қамтамасыз етеді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба жүзеге асырылды:

  1. 3 млн 800 теңгеге 17 бас мал сатып алды. (Жарасов Алданбек – 1 млн теңге, Абильханова Меруерт 800 мың теңге, Такеева К- 1 млн 500 мың теңге

  2. «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гі комбикорм цехын ашты .

  3. Қымыз цехы ашылды. Малай ауылында

  4. Шаштараз ашылды. Калиева Гүлмира

Ауыл шаруашылығы. Округ бойынша 1 ЖШС және 11 шаруа қожалығы бар. Халықтың әл-ауқатын жақсартуға септігін тигізіп отырған «Қалбатау асыл тұқымды мал зауыты» ЖШС-гі негізі қазақтың асыл тұқымды ақбас қызыл қасқа малын өсірумен және егін шаруашылығымен айналысады. Округімізге қарасты шаруа қожалықтары да қарқынды дамуда. Ірі қара, жылқы, ұсақ қара мал тұқымдарын өсіріп, өркендеп келе жатқан шаруа қожалығының бірі - «Даяна» ШҚ, басшысы Тектенова Камшат. Бұл шаруа қожалығының ерекшелігі түйе өсірумен айналысып отыр. 2015 жылдың 1 қаңтарына ірі қара мал–3708 бас, оның ішінде аналық сиыр- 1659 бас, жылқы -2268 бас, қой-ешкі- 7660 бас, түйе -63 бас, құстар – 1500 бас.

Салық. 2014 жылдың салық жинау жоспары округ бойынша толық 102 пайызға орындалды, яғни жоспарланған 1 474 000 теңгенің орнына 1 502 530 теңге салық жиналып тапсырылды.

Почта, АТС. Бүгінгі таңда почтадан зейнетақы, жәрдемақылар, мұғалімдердің және ДА «Жарық» еңбек ақыларын алады. Жылда почта арқылы, тікелей почта меңгерушісінің көмегімен мерзімді басылымдарға жазылу өткізіледі және уақытында аудан орталығынан әкелініп, тұрғындарға таратылады. 2015 жылдың І жартыжылдығына мерзімді баспасөзге жазылу округ бойынша толық орындалды. АТС жұмысына келетін болсақ , 160 номерлі сандық телефон жұмыс істеп тұр,. Қазір Малай ауылында 43 ауладан 41 аулада телефон бар.

Сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде атқарылған жұмыстар туралы. Жарық ауылдық округі әкімінің аппаратында штаттық кесте бойынша 10 қызмет бірлігі қаралған, есепті мерзімге текті 5 мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді, қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық, құқықбұзушылықтар орын алған жоқ. Келеңсіз жайыттардың алдын алу мақсатында ай сайын ауыл әкімшілігіне 1 рет семинар-кеңестер өткізіліп отырылады.

Қоғамдық ұйымдар туралы. Жарық ауылдық округінде бүгінгі күнде «Ақсақалдар алқасы» , «Әйелдер кеңесі» ,«Көше комитеттері» , «Ақпарат-насихаттау топтары» , «Жастар кеңесі» , «Спорт комитеті» , «Тәртіп сақшылары» тобы жұмыс істейді. Бұл құрылымдардың мүшелері беделді, ауылдың құрметіне бөленіп жүрген азаматтар. Олар әкімшілікпен бірге бар жұмыстарды бірігіп атқаруда. Бұл қоғамдық құрылымдар – жастарға тәрбие беруге, маскүнемдермен күресуге, бұзақыларды дұрыс жолға салуға, көше тазалығы, жеке малдардың бақташыларына бақылау жасауға, шабындық жерлерді бөлуге, мерекелерді өткізуге ат салысып, белсенді қатысады.

Көріктендіру және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері. 2014 жылы ауыл аумағын дамыту бағдарламалары бойынша бөлінген және игерілген қаражаттарға келесі жұмыстар жасалды.

- «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - Абай көшесінде қоқыстар жойылды.

Жалпы мәселелер: Азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдау Қазақстан Республикасы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Тұрғындар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық тәртіп сұрақтары бойынша ауыл әкімшілігімен бірге полиция учаскелік инспекторы айналысады. Учаскелік инспектордың қалыпты жұмысына жағдай туғызу мақсатында бұған қызметтік бөлме қамтамасыз етілді. Округтің жалпы тәртіп жағдайы жақсы: ауыр қылмыстар жоқ. Жолаушыларды тасымалдаумен УАЗ автокөлігімен «Торехан» шаруа қожалығының басшысы Ж.Нуртазина айналысады.

2015 жылға ауыл аумағын дамыту бағдарламалары бойынша бөлінуге жоспарланған қаражат:

- «Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету» - қоқыстарды жою жұмыстары.

- «Жергілікті деңгейдегі мәдени – бос уақытты өткізу жұмысын қолдау» бағдарламасы бойынша сквер салу



- Ауыл тазалығына ұдайы мән беру, ескі бұзылған ғимараттардың орнын тазарту, көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын одан әрі өрістету көшеттер отырғызу

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет