Қазақстан берлік пен татулық мекені



Дата03.01.2022
өлшемі15.24 Kb.
#451473
алмагул саматкызы 2


Қазақстан - берлік пен татулық мекені

Кең байтақ Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Әрине,бұл қазақ халқының ұлылығынан, «Кең болсаң, кем боласың» дегендей қазақ халқының пейілінің кеңдігін басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

Қазақ осы-айтатұғын елге сыр,

О, ағайын, халық емес ол кесір.

Қазақ осы-аңғал-саңғал жабусыз,

Қазақ осы-дала дейтін, күн дейтін,

Қазақ осы-қарасың ба, ақсың ба,

Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін, -деп жырлаған Қадыр Мырзалиев ағамыз. Сол айтқандай, ұлы қазақ даласында бюасқа ұлт өкілдерінің бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүріп жатқаны мәлім.

Қазақ халқы өз тарихында көптеген қиын да азапты бел-белестерді басынан кеше отырып сол кезеңді желбегейдей желпіп тастап, түнерген түнді жара шығыстан жарқырап атқан таңдай болып, Тәуелсіздіктің дәмін тата, алдыға нық баса адымдауда.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауына былай деді: «Біз ұлтына, діни наным-сенімдеріне қарамастан әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр, мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз». Осы жолдауын басшылыққа ала отырып Қазақстанда тұратын 130-дан астам этнос мемлекетіміздің өсіп өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.

1995 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан халқы ассамблеясын құрды. Ассамблеяның құрамына 33 ұлттың өкілдері саналатын 320 адам енді. Ассамблеяның бастауымен Қазақстанда 621-ге жуық этно-мәдени ұйымдар, оның ішінде республикалық «Қазақ тілі», «Русская община» мәдени орталығы, Қазақстан немістерінің кеңесі, өзбек, қырғыз, украин, армян, грек, поляк, чех, венгр, күрд, қытай мәдени орталықтары жұмыс жасады.

Елбасымыздың бастамасы бойынша құрылған мемлекеттік, ұлттық саясатты дамыту мен жетілдірудің ерекше маңызды құралы болып саналатын Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде елді біріктіруде, этностар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді, татулықты нығайтуда аса маңызды қызмет атқарады.

Байтақ Қазақстанның әрбiр облысында түрлі ұлттардың мәдени орталықтары ашылған. Олардың мiндеттерi өз ұлтының тiлiн, мәдениет, тарихын, әдебиетiн, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрiн жаңғырту, кейiнгi жастарға үйрету сол арқылы қалпына келтiру. Мұндай еркiндiк Қазақстаннан басқа қай елде жасалды? Бұл нағыз шынайы демократияның, Елбасымыздың өз мемлекетiнде тұратын ұлттар мен ұлыстардың өкiлдерiн құрметтегенiнiң нәтижесi.

Соңғы жылдары Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесi бұрынғыдан да жоғарылады. Қазақстанның ең жоғарғы Заң шығарушы органы Парламентке депутаттар сайлау құқығына ие болды. Ассамблеяның ұсынуымен және оның мүшелерiнiң дауыс беруiмен тоғыз депутат Ассамблеядан сайланады. Бұл елiмiздiң Негiзгi Заңы — Конституция берген мүмкiндiк. Ассамблея-еліміздегі бірлік пен келісімнің киелі бесігі, тұтастық пен тұрақтылықтың құтты шыңырағы. Ол еліміздің этносаралық қарым-қатынасты дамытудың іргелі институтына, татулық пен сыйластықтың берекелі бекетіне айналды.

Тұратын сан алуан, ұлттан; ұлыстан,

Аман болсын даудан, алыс-жұлыстан.



«Ырыс түбі-ынтымақ» деп жарасып,

Қазақстан болсын жайнап Гүлстан.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет