Қр зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Концепциясы



Дата24.02.2016
өлшемі51.5 Kb.
#14053
ҚР Зейнетақы жүйесін

2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Концепциясы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 841 Жарлығымен Қазақстан Республикасының Зейнетақы жүйесін 2030 жылға дейін әрі қарай жаңғырту Концепциясы (бұдан әрі – Концепция) бекітілді. Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесін жаңғырту қажеттілігі зейнетақының ортақ мөлшерінің азаюымен және зейнетақы төлемдері көздерін әрі қарай әртараптандыру қажеттілігімен, ұзақ мерзімді демографиялық трендтерімен және экономикалық даму циклділігімен, мемлекет, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы зейнетақымен қамсыздандыру үшін жауапкершілікті бөліп таратуды әрі қарай оңтайландыру қажеттілігімен қабылданған.



Концепцияны әзірлеу мақсаты зейнеткерлік жасында лайықты өмір сүру деңгейі үшін зейнетақы төлемдерінің теңдестігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесін жаңғырту болып табылады.

Жаңғыртылған зейнетақы жүйесі көп деңгейлі болып келеді.

Бірінші деңгейге мемлекеттік бюджет есебінен төленетін төлемдер кіреді (ортақ және базалық зейнетақы төлемдері/ ең аз кепілді зейнетақы).

Екінші деңгейге міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МЗЖ), міндетті кәсіби зейнетақы жарналары (бұдан әрі - МКЗЖ), жұмыс беруші есебінен төленетін шартты-жинақтаушы компоненттегі МЗЖ есебінен төленетін төлемдер кіреді.

Үшінші деңгейге ерікті компоненттен төленетін барлық төлемдер кіреді.

Концепцияның міндеттері қаржылық тұрақтылықты, зейнетақы жүйесінің айқындығын қамту, міндетті және ерікті сияқты зейнетақы жүйесімен халықтың қамтылуын кеңейту, зейнеткерлік жасындағы кіріс көздерін әртараптандыру (мемлекеттік, жекеменшік, кәсіби, ортақ және жинақтаушы), зейнетақы қызметтерінің қол жетімді және сапалы болуын қамтамасыз ету, зейнетақы активтерін инвестициялық басқару айқындығын арттыру болып табылады.

Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін келесі негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады:

1) базалық деңгейде зейнеткерлер арасындағы кедейлікті төмендету және азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысуларын ынталандыру мақсатында мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі жетілдірілетін болады;

2) міндетті деңгейде жинақтау компоненті сақталып, жұмыс берушінің өз жұмысшылары пайдасына беретін 5 % жарна есебінен қалыптасатын шартты-жинақтаушы компонент енгізілетін болады;

3) Жұмысшылардың және/немесе жұмыс берушілердің ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптасатын үшінші ерікті деңгей сақталып, әрі қарай дамитын болады.

Концепция ұзақ мерзімді болашақ перспективаға есептелген.



Бірінші кезеңде (2016-2020 жыл) құқықтық негіздердің негізін қалау және зейнетақы жүйесін жаңғыртудың бірінші кезектегі шараларын жүзеге асыруды қамтамасыз ету жоспарланып отыр:

- 2017 жылғы 1 шілдеден бастап зейнеткерлер арасындағы кедейліктің алдын алу және еңбекке қабілетті жастағы азаматтардың экономикалық белсенділігін ынталандыру мақсатындазейнетақымен қамсыздандырудың ең аз кепілдік жүйесін жетілдіру ұсынылады:

· базалық зейнетақыны азаматтардың зейнеткерлік жасына жеткеннен кейін ғана, сондай-ақ азаматтардың зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне сәйкес тағайындауға көшуін жүзеге асыру;

· зейнетақы жүйесінде 10 жылдан кем қатысу өтілі бар тұлғалар үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі (ЕТКД) шамасынан 50 % мөлшерінде әлеуметтік зейнетақыны тағайындау;

· зейнетақы жүйесіне 10 жыл қатысу өтілі болған жағдайда базалық зейнетақыны ЕТКД 50 % мөлшерінде, 10 жыл үстіндегі әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артатын болады және 35 жылдық және одан да көп еңбек өтілі кезінде ЕТКД шамасына тең келетін болады.



Зейнетақылары белгіленген зейнеткерлер үшін үлкен еңбек өтілі бар, алайда төмен зейнетақы мөлшерін алатын зейнеткерлер үшін зейнетақы төлем мөлшерін жоғарылатуға мүмкіндік беретін зейнетақы жүйесінің ортақ және жинақтаушы жүйелеріне қатысу өтілін есепке ала отырып, базалық зейнетақыны біржолғы қайта есептеу өндірілетін болады.

2030 жылға дейінгі кезеңдегі ортақ жүйеден жинақтаушы жүйеге өтуші зейнеткерлікке шығатын азаматтар үшін базалық зейнетақы мыналарды есепке ала отырып, тағайындалатын болады:

1) олардың 1998 жылғы 1 қаңтарға жинақталған еңбек өтілінен;

2) 1998 жылдан кейінгі жинақтаушы зейнетақы жүйесіне жинақталған зейнетақы жарналарын төлеу кезеңінен.

Тек қана жинақтаушы зейнетақы жүйесі және шартты-жинақтаушы компонент қатысушылары үшін зейнеткерлік жасына жеткен кезде (2030 жылдан бастап) базалық зейнетақыны тағайындаудан ең аз кепілді зейнетақыны тағайындауға өту, егер олардың зейнетақы төлемдерінің біріккен мөлшері зейнетақының белгіленген ең аз әлеуметтік қолайлы деңгейінен төмен болған жағдайда жүзеге асырылатын болады.

- зейнетақы жүйесінің жаңа шартты-жинақтаушы компонентін енгізу 2018 жылдан бастап ұсынылып отыр, оған қатысушылар жұмыс берушілері олардың пайдасына жұмыс берушінің қаражаты есебінен жұмыскердің табыс мөлшерінен есептелетін 5 % міндетті зейнетақы жарналарын аударып отыратын жұмыскерлер болып табылады.

Шартты міндеттемелерді есепке алу БЖЗҚ-да ашылған жеке шоттарда жүргізіледі. Жинақтаулар шартты болып табылады, мұраға берілмейді және жүйеге қатысушының меншігі болып саналмайды. Ең аз өтілі 5 жылды құрайды, сол уақытта зейнетақы төлемдеріне құқығы болады. Төлемдер белгіленген зейнетақы жасына жеткен соң жүзеге асырылады. Зейнетақы төлемдері өмір бойы жүргізіледі. Инфляция деңгейін ескере отырып жарналарды сақтап қалу бойынша мемлекеттік кепілдіктің шартты-жинақтаушы компонентке қатысы жоқ. Зейнетақы төлемдерін индекстеу мөлшері демографиялық құрамдас бөлікке және жүйенің қаржы көрсеткішіне байланысты болады.

- Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің параметрлерін жетілдіру жұмыскерлердің 10 %

аударымдары есебінен қалыптасатын зейнетақы төлемін сақтап қалады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау инвестициялық стратегия шеңберінде жүзеге асырылатын болады. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясы зейнетақы жинақтарының сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

- зиянды еңбек жағдайлары бар орындарда жұмыс істейтін тұлғаларды зейнетақымен қамсыздандырудың міндетті кәсіби сұлбасын жетілдіру қолданыстағы жүйе осы жерде жұмыс істеумен байланысты тәуекелдердің орнын толтырмайтынына байланысты, сондықтан 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыскерлердің МЗЖ-на қосымша еңбекақы төлеу қорынан 5 % мөлшерінде міндетті кәсіби зейнетақы жарналары енгізілді. Бұл жағдайда жұмыс берушілер МКЗЖ зиянды деп танылған өндіріс түрлері бойынша және сол жерлерде жұмыс істейтін тұлғаларға ғана аударады.

Зиянды өндірістер түрлерінің тізбесі және сол жерлерде жұмыс істейтін жұмыскерлер кәсібінің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013ж.31.12 № 1562 Қаулысымен бекітілген және еңбек жағдайының өзгерілуі ескеріле отырылып, мерзімінде қайта қаралып отырады. Еңбек жағдайы жақсарған кезде және бұндай жұмыс орындары оңтайландырылған жағдайда жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша МКЗЖ төлеу жүргізілмейді.

Бұл жүйеге үздіксіз қатысқан жағдайда (30 жылдан кем емес) және жиі аударымдар жүргізілген жағдайда (жылына 12 рет) зейнетке мерзімінен бұрын шығу үшін жеткілікті қаражатпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

- күш құрылымдары қызметкерлерін зейнетақымен қамтамасыз етуді қайта құру 2016 жылдан бастап төмендегі шараларды жүзеге асыру бойынша ұсынылады:

1) 25 жыл жалпы еңбек өтілі бар (оның ішінде кемінде 12,5 жыл үздіксіз әскери қызметті, арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарындағы қызметті құрайды) күш құрылымдарының барлық қызметкерлерін толығымен мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға ауыстыру;

2) сондай-ақ құқық қорғау органдарының қатардағы және кіші басшылық құрамына еңбек сіңірген жылдары үшін; 20 жылдан астам еңбек сіңірген жылдары бар ТМД елдерінен келге зейнеткерлерге; 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін алғашқы рет қызметке түскен және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқығымен, бірақ зейнетақы төлемдерін алу құқығынсыз жұмыстан босатылғандарға мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыру құқығын ұсыну;

3) күш құрылымдары қызметкерлерін ақшалай ұстаудан 20 % мөлшерде бюджеттік қаражат есебінен МЗЖ төлеу туралы норманың күшін жою;

4) күш құрылымдары қызметкерлерін мемлекеттік зейнетақымен қамсыздандыруға көшірген жағдайда олардың зейнетақы жинақтарының жартысын бюджет кірісіне бір кезеңдік қайтаруды жүзеге асыру ұсынылады;

5) зейнеақылары белгіленген зейнеткерлер үшін бұрын тағайындалған толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдерінің мөлшерін толық көлемге дейін жеткізуді ескере отырып, зейнетақы ісінде бар қызметтен босатылған күніне еңбек сіңірген жылдары мен еңбек өтілін есепке ала отырып, біржолғы қайта есептеуді жүзеге асыру (бюджетке қайтарылатын 50 % зейнетақы жинақтары есебінен) ұсынылады.

Екінші кезеңде (2020 - 2030 жылдары) жаңартылған зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру және салымшылар мен зейнетақы төлемдерін алушылардың құқығын қорғау механизмдерін бұдан әрі жетілдіру шаралары қабылдатын болады, ол былай сипатталады:

1) зейнетақының аударылатын жарнамен, қатысу кезеңімен және зейнетке шығу жасымен байланысының күшеюі есебінен зейнетақы жүйесі тиімділігінің артуымен;

2) базалық зейнетақы төлемінен ең аз кепілдік зейнетақыға көшуді қоса алғанда, зейнетақымен қамсыздандырудың ең аз кепілдігі жүйесін одан әрі жетілдірумен, ол мемлекеттік кепілдікті ұсыну механизмін оңтайландыруға жағдай жасайды;

3) Тек қана ЖЗЖ қатысушыларына арналған өмірлік зейнетақы төлемдерін (зейнетақы аннуитеті) қарастыратын шарт жасау міндеттілігін енгізумен.



Концепцияны іске асыру:

· зейнетақы төлемдерінің теңдестігі мен зейнетақымен қамсыздандырудың теңгерілген қаржылық тұрақты жүйесін құруды;

· 2030 жылға дейін зейнетақы жүйесінде кемінде 35 жыл қатысу өтілімен және аударым жиілігі жылына 12 рет болған жағдайда жойылған еңбекақының кем дегенде 40 % деңгейінде жиынтық зейнетақы төлемдерімен ауыстыру коэффицентін сақтауды;

· 2030 жылға қарай жұмыс басты халықтың 80 %-ға дейін жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамтылуын кеңейтуді;

· зейнетақы жинақтарының сақталуын;

· зейнетақы жинақтарының сақталуы бойынша мемлекеттік кепілдік институтын оңтайландыруды қамтамасыз етуге жағдай жасайды.



Қолданыстағы зейнетақы заңнамасы жағдайында ортақ зейнетақы мөлшерін қолайлы деңгейде ұстау үшін олардың мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінің алдынан екі пайызға индекстеледі.

ҚР-дағы Зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыру Концепциясына қатысты туындаған сауалдармен тұрақты мекенжай бойынша Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың бөлімшесіне мына мекенжай бойынша жүгінуге болады: Павлодар қаласы,Мир көшесі, 22

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет