Құмырсқа арыстаны – тор қанаттылар отрядының әдемі жәндігі, далалы және шөлді аймақтарда кездеседі. Ересек түрлерінің сыртқы пішіні инелікке ұқсайды, бірақ ұзын шоқпартәрізді мұршаларымен оңай ерекшеленеді. Бұл жәндіктердің бұлай аталуы жыртқыш дернәсілінің тіршілігіне байланысты. Олар шұңқыр қазып, құрғақ жерде тіршілік етеді. Дернәсілдері шұңқыр түбіндегі топыраққа көміліп, тек жақсы жетілген жақтарын сәл қалқалап, шұңқыр үстінде қалдырады. Ұсақ жәндіктер қасынан өтіп бара жатып, қабырғасы құлап тұрған шұңқырға түсіп, шыға алмай қалады. Осы жерде олар өзгеше “арыстан” жемтігіне айналады.
Киелі қоңыз – тақтамұртты қоңыздар тұқымдасының өкілі. Бұл ұзындығы 2,5-4 см қара қоңыз, алдыңғы аяқтарының қазуға бейімделген тісшелері бар. Мұртшалары шоқпартәрізді, ұшы жіңішкерген немесе тарқатылған әдемі желпеуіш сияқты.киелі қоңыз өзіне жақын басқа да қи қоңыздары сияқты, қи шарын жапсырып, дайындаған жерінен 10 м қашықтыққа дейін домалатады. Қоңыздар жаңа қидың иісін алыстан сезіп, қи шарын жасау үшін ұшып келеді. Қи үйіндісінен шарды домалатып бір шетіне алып кетіп, жерге көмеді. Жиі өздері осы шармен бірге көміледі, сөйтіп шарды бірнеше күнде толық жеп бітіреді. Аналықтары топырақта шарлардан өздеріне тән “алмұрт” жасайды, сөйтіп оның жіңішке жеріне жұмыртқа салады. Дернәсілдері “алмұртты” жеп қоректенеді. Осыдан кейін дернәсіл қуыршаққа ауысып, бір айдан кейін ересек қоңызға айналады, жер бетіне келер жылы ғана шығады. Қоңыздың бұлай аталуы ертедегі египеттіктердің сенушілігінен туған. Ол бойынша шарды домалатуы – Күннің аспанда қозғалуы, ал аяқтарындағы тісшелері – Күн сәулелері деген ұғым.
Қарақұрт – орташа мөлшерлі улы өрмекші (аналығы 10-20 см, аталығы 4-7 м). Қазақстанның шөлді және далалы аймақтарын мекендейді. Құрсағында қызыл дақтары бар қара түсті өрмекші. Апандарда тіршілік етеді, оның маңына жәндіктерді ұстау үшін тор құрады. Аналығы осындай апандарда 100-ден 700-ге дейін жұмыртқа салады, оның сыртын өрмекпен тоқып, піллә түзеді. Келер жылы пайда болған жас өрмекшілер өздері тоқыған өрмектерімен желмеп ұшып кетеді. Осындай өсімталдығының нәтижесінде, кейде қарақұрт саны күрт көбейіп, адамдар мен жануарлар оның шағуынан зардап шегеді. Қарақұрт уы сылдырмақ жыланның уынан 15 есе күшті, әсіресе ересек аналығы өте улы.
Термиттер – жәндіктердің жеке отрядына жатады. Қоғамды тіршілік етуіне байланысты және әр түрлі құрылыстар салуға қабілетті болғандықтан “ақ құмырсқалар” деп атайды. Жанұяларында ерекше топтар – жынысты даралар (топ ұйытқысы – аналық пен жынысты жетілген аталықтар), жұмысшылар, солдаттар. Жұмысшылар ғана өз бетінше қоректенеді. өсімдіктен шыққан құрғақ органикалық қалдықтармен, көбіне шөп жейтін жануарлардың қиымен қоектенеді. Қалған топтарды жұмысшылар сілекей бездерінің өнімдері және нәжістерімен қоректендіреді. Жылу сүйгіш, көлеңкелі жерлерді де ұнатады. Илеулерінің негізгі бөлімі жер астында салынып, үстіңгі жағы 0,5 м биіктікте мұнара тәрізді көтеріледі. Жоғарғы жағында үңгір жолдар орналасқан. Оларды топырақты өз нәжістерімен жапсырып салған. Тропикада тіршілік ететін термиттер бірнеше метр биіктіктегі илеулерін салады. Мұнда көптеген басқа омыртқасыздар да тіршілік етеді. Термиттер елді мекендерде құрылыстарға қатты зиянын тигізеді, балшықтан салынған үйлер мен ағаш тіреулерді бүлдіреді.
Бақылау сұрақтары:
1.Жануарлар әлемінің ресурстары. Су омыртқасыздар.
2.Шөл мен шөлейт омыртқасыздар.
3.Су қоймаларында кездесетін омыртқасыздар.
ОБСӨЖ №23
ОБСӨЖ тақырыбы: Су омыртқасыздар. Қазақстанда жойылып бара жатқан балықтар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Еділ майшабағы.
2.Каспий албырты.
3.Арал албырты.
ОБСӨЖ мақсаты: Жойылып бара жатқан балықтармен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Еділ майшабағы-Қазақстанда Каспий теңізімен Жайық өзенінің төменгі жағында саны өте жылдам азаейып бара жатқан түрше. 30-жылдардан бастап 70-жылдарға дейін жылына ауланатын балық үлесі 70 тоннадан 10 тоннаға дейін кеміді. Негізгі себеп өсу жағдайының нашарлауы және шектен тыс аулауы. Аулауға толық тыйым салып, уылдырық шашатын балықтарды уақытында су құрылыстары арқылы өткізу ұдайы өсіруді қолға алу керек.
Каспий албырты – жойылып кету қарсаңында тұр.Каспий теңізі мен оған құйылатын өзендердің сағаларында кездеседі. Соңғы 15 жылда Жайық өзені мен Каспий теңізінің қазақстанда қарасты бөлігінде кездескен жоқ. 1939 жылға дейін жылына 620 тонна жуық балық ауланса, ал 1970 жылы 5 тоннадан асқан жоқ. Негізгі себебі-өзен бойында су құрылыстарын салумен байланысты оның табиғи өсуінің төмендеуі және шектен тыс аулауы. Қолдан ұдайы өсіру шараларын жолға қою қажет.
Арал албырты – республикамызда бұл балықтың жойылып кетуі де мүмкін. Арал теңізі мен Амудария өзенін мекендеген. 30 –шы жылдары, теңізде 1961 жылы дейін Амударияның жоғарға ағысында бірен сараны ұсталған еді. Қолдан өсіруді ұйымдастыру қажет.
Таймень – қазақстанда тек ертіс өзенімен оның салаларында сонымен қатар суы салқын алтай көлдерінеде және жасанда су қоймаларында кездеседі. Санының көбеюінің негізгі себебі- өзендерде су құрылыстарын салуға байланысты өніп -өсу жағдайының нашарлау және шектен тыс аулау. Бұл балықтардың өніп -өсуін қаматамасыз ету үшін су құрылыстары жұмыстарының режимі оған сәйкестендіру керек.
Ақбалық – нельма – қазақстанда ертіс өзенінің бассейінде бұқтырма жасанды су қоймасы және қара ертісте тараған. Соңғы 40 –жылда аулау үлесі 10 есеге кеміді. Негізгі себебі – аулауды тыйымсыз ұйымдастыру барысында балықтың өніп -өсу қабілетінің кемуі. Қазақстаннан тыс су қоймаларында көбейетін нельмаларды аулауды реттеу. Қолдан өсіруді және қасақылықпен күресуді жолға қою қажет.
Глоссарий:
Жәндіктер класы; Дамалаканта вакка шегірткесі, Кармин бояуының өндіруші ақмия сымыры, Торқанатты барылдауық қоңыз, Үлкен тамыр жегіш қоңыз, Екі нүктелі қанқызы, Алып сколия, Жіңішке аяқты клизодо.
ОБСӨЖ № 24
ОБСӨЖ тақырыбы:Су омыртқасыздар. Қызыл кітапқа енген балықтар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Ақбалық.
2.Шортан тәрізді ақмарқа.
3.Түркістан қиязы (теңге балығы).
ОБСӨЖ мәтіні: Қызыл кітапқа енген балықтар мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Ақбалық – қазақстанда солтүстік каспий мен оған құйылатын өзендердің атырауларында кездеседі. 1960 ж бері Жайық өзенінде ұсталғаны жайында деректер жоқ. 30 –жылдардан 1959 ж-ға дейін бұл балықтың жылдық аулау үлесі 1460 тоннадан 400 кг дейін азайды. Соңғы 20 жылда еділдің атырауынан 70 млн аса қолдан өсірілген шабақтар жіберілді.Қолдан өсіру алқыбымен кеңейтіп табиғи өніп өсу жағдайын одан әрі жақсарту керек.
Күтім -өте сирек тараған түр. Бірен сарандары каспий теңізінің солтүстік шығыс бөлігі мен жайық өзенінің атырауында кездеседі. Санының аз болуының басты себебі; гидрологиялық режимнің бұзылуына байланысты өніп -өсу жағдайының нашарлауы және есебсіз аулау. Республикада оны қолдан өсіруді жүзеге асыру қажет.
Шортан тәрізді ақмарқа – бұл балықтың республикамызда жойылып кетуі де мүмкін. Қазақстанға соңғы рет 1953 жылы ұсталған. Сырдария өзенімен оның салаларында өніп өскен. Шортан тәрізді ақмарқаның жойылып кетуінің себебі; су құрылыстарын салу, суды ауылшаруашылық дақылдарын суғару үшін көптеп алу және оның ластануы бұл балықты сақтау үшін жер суару құрылыстарын салу кезінде балық қорғау жұмыстарын жетілдіру және бұл түрді өсіру әдістерін ұйымдастыру қажет.
Арал қаязы немесе теңге балығы – Сырдария өзенінің су ағысын реттегенге дейін бұл балық арал теңізінен нарыннның сағасына кездескен. Шу өзенінің төменгі ағысында да өніп-өскен. Қазіргі кезде Сырдария мен оның кейбір салаларын, көлдер мен жасанды су қоймаларын мекендейді. Шу өзенінде кезедеспейді, ал 1930-1931 жылдары жерсіндірілген Балқаш-Іле бассейнінде өніп-өсе бастады. Оның қорын көбейту үшін қолдан өсіру шараларын жүзеге асыру керек.
Түркістан қиязы (теңге балығы) – Қазақстанда Сырдария өзені мен оның салаларын қоса, Арал теңізі және Шу өзенінің бассейіндерінде өніп-өседі. Бірақ соңғысында 90-жылдардан бастап кездеспеген. Су қоймаларының гидрологиялық режимінің нашарлауына байланысты саны кемуде. Аулауға тыйым салып, әуесқойлық жолмен ұстауды шектеп, барлық қорғау құрылыстарын жетілдіру керек.
Көкбас немесе осман (Іле популяциясы) – Іле популяциясы жойылып кету алдында тұр (жойылып кетуі де ықтимал). Іле өзені мен Балқаш көлінің батыс бөлігіндегі ең терең және тынық суларда мекендеген. Бұл мекендерде көкбас еш уақытта көп болған емес, ал 1977 жылдан бастап Қапшағай су қоймасын салғаннан бері кездескені жайында анық деректер жоқ. Көкбастың жойылып кетуінің себептері – тек Іле өзенінің ағысын реттеу ғана емес, оған қосымша қасақылық және осында жерсіндірілген жыртқыштар – көксерке мен жайынның – жемқорлығы. Қайтадан жерсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.
Шу сүйрікқанаты – (мүмкін жойылыпта кеткен шығар). Бұрын аздаған балық тек Шу өзенініде кездескен, ал 1960 жылдан бері бұл түрше жайында анық деректер жоқ. 1990-1993 жылдары арнайы жүргізілген зерттеу жұмыстары да нәтиже бермеді. Кейбір жасанды су қоймалары мен Шу бассейнінің көлдерінде сақталып қалуы да мүмкін. Жойылып кету себептері анықталмаған. Іздеу жұмыстарын жалғастыру және жойылып кетуіне себепші болған фактілерді анықтау керек.
Балқаш алабұғасы (Балқаш-Іле популяциясы) – Балқаш-Алакөл бассейнінен Солтүстік Қазақстан мен Өзбекстан суларына кездейсоқ әкелінген. Балқашта алабұғаны жылына аулау үлесі 1961 жылдан 1966 жылға дейін 2300 тоннадан бірнеше тоннаға дейін төмендеп, кейіннен аулау мүлдем тоқтатылған. Негізгі себептері – су қоймаларындағы су режимдерінің бұзылуы және шабақтарының жерсіндірілген жыртқыш балықтар – көксерек, жайын, ақмарқадан өлім-жетімге ұшырауы. Аулауға тыйым салып, Басқан өзенінің сағасындағы Үлкен Алтай көлінде қорық ұйымдастыру керек.
Реферат тақырыптары:
1.Қызыл кітапқа енген балықтар.
2.Бағалы балықтарды қолдан өсіру.
3.Қазақстанда ауланатын балықтар.
ОБСӨЖ № 25
ОБСӨЖ тақырыбы: Балықтар. Майшабақ тәрізділер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Балықтыр.
2.Майшабақ.
ОБСӨЖ мақсаты: Майшабақ тәрізділер мен таныстыру.
ОБСӨЖ мәтіні: Осы кезде тіршілік ететін сүйекті балықтардың ішіндегі ең қарапайым құрылысы, басқа балықтармен салыстырғанда бас сүйегі нашар сүйектенген және жүзу торсылдағы өмір бойы өңешпен байланысты болатын балықтардың тобы майшабақ тәрізділер. Қанат қауырсындары жұмсақ және бунақты болады.Негізгі тұқымдастары майшабақтар және лосось тәрізділер.
Майшабақтар тұқымдасына – негізінен теңіздерде тіршілік ететін балықтардың көптеген түрлері жатады, олардың кейбір түрлері көбею үшін өзендерге шығады.Біздің суларымызда көбінесе мына түрлері кездеседі. Мұхит майшабағы – Ақ теңіз бен Баренцово теңізінде, шығыста жаңа жерге дейін және Қиыр Шығыс теңізіне дейін таралған. Бұл майшабақтар уылдырығын шашу үшін үлкен үйір құрып теңіздердің жиегіне келеді. Уылдырықтары ауыр сондықтан су түбіне шөгіп , оның түбіндегі заттарға көбінесе балдырларға береді. Әрқайсысы 40 мың - нан 280 мыңға дейін уылдырық шашады. Скандинавияның оңтүстік батыс жағалауынан шыққан шабақтар атлантикалық ағыспен ағып шығысқа келеді. Ересектері уылдырық шашып болған соң солтүстікке ауысады.
Майшабақтар- Каспий мен Қара теңізде өте көп болады.Бұл теңіздердегі майшабақтардың тіршілік ету тәсілі де түрліше . Мысалы : Еділ майшабағы және қаражанды майшабақ тыныс алу органдарының жетілу немесе семіру кезінде теңізде болады да . Ал көбеюі үшін өзенге шығып , өзен бойымен жүздеген километр жоғары көтеріледі. Қаражонды майшабақтардың көпшілігі уылдырық шашқан соң қырылып кетеді, ал Еділмайшабақтарының өлімі оған қарағанда азырақ болады. Алдыңғы екі түрден ерекше.Барлық өмірін теңізде өткізетін Каспий пузанкасы дейтін түрі бар. Бірақ бұл да мұхит майшабағы сияқты кең өрістейді.
Балтық теңізі Қара теңізде килька ал Каспиий теңізі мен Қара теңізде соған жақын тюлька деген шабақтар тіршілік етеді. Бұл ұсақ шабақтар нағыз майшабақтарға туыстық жағынан жақын балықтар.
Лосось тұқымдасына – майшабақтар отрядына үлкенді – кішілі бірнеше түрлері жатады. Оларға тән ерекшелік арқасында жұмсақ тері қатпары болады оны майлы қанат деп атайды. Балықтардың бұл тобы қоңыржай және солтүстік ендіктерде тараған. Лососьтар көбінесе өсіп – жетілуі теңізде өтіп, ал уылдырық шашу үшін өзендерге шығатын өткінші балықтар. Лосось балықтарына Қиыр Шығыс теңіздері ерекше бай келеді. Мұнда Лосось тәрізділерден кета, горбушка , нерка және басқалары тіршілік етеді. Бұл балықтар өзендердің бас жағына уылдырық шашады. Ал оның ішіндегі нерка деген түрі уылдырық шашу үшін көлдерге барады. Уылдырық шашу кезінде миграциясы(қоныс аудару) бірнеше мың киломметрге дейін жетеді. Мысалы кета Амур бойымен екі мың км жоғары көтеріледі. Уылдырықтарын өздері қазған арнайы су түбіндегі шұңқырға тастап,оны арнайы уақ тастармен,немесе ірі құмдармен жауып тастайды. Шабақтары өзендерде қыстап шығады да , көктемде теңізге келеді . Ересек балықтар уылдырық шашып болған соң қырылып қалады. Сөйтіп олар бүкіл өмірінің ішінде бірақ рет көбейеді. Кетелар 3 мың , горбушкалар 1-2 мың уылдырық шашады.
Достарыңызбен бөлісу: |