Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
“Сырдария ” университеті
Химия және биология факультеті
Биология кафедрасы
“Бекітілді”
Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі,
№1----------- хаттама -----------08 ж
____________________________
(төраға, аты жөні)
Қазақстан биоресурстары пәнінен
ОБСӨЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы
Мамандық: 050113 “Биология ”
3-курстарға арналған
Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т.
Жетісай – 2007ж
Пәннің мақсаты
Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан
түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін
зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды
қолдану жолдарымен таныстыру.
Пәннің міндеттері
-
Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;
-
Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;
-
Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын,таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін;
ОБСӨЖ № 1
ОБСӨЖ тақырыбы: Қазақстанның шикізат өсімдіктері. Мақта.
Мақтаның өсіп-жетілуі мен пісіп жетілуінің негізгі факторларына қойылатын талаптар.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Мақтаға қойылатын талаптар.
2. Қозаны вегетациялық өсіп-жетілуі барысында күтіп-баптау.
3.Қозаның ұшын шырпу және оның маңызы.
ОБСӨЖ мақсаты: Мақтаға қойылатын талаптар және вегетациялық өсіп – жетілуі.
ОБСӨЖ мәтіні: Жылуға қойылатын талаптар. Қоза жалпы алғанда жер шарының тропикалық аймағында пайда болған. Ол аймақта аяз атаулы тіпті де болмайды. Жыл ішіндегі ең салқын деген айдың өзінде ауаның температурасы орта есеппен Цельсия бойынша 18 градус жылылықтан төмен түспейді. Сондықтан да қозаның жылуға деген жоғары сұранысы қалыптасқан. Қозаның өсіп-жетілуі мен пісіп жетілуі үшін қажет ең жақсы әрі тиімді температура шиттің өніп шығуын қоса есептегендегі Цельсия бойынша 25-30 градус болып келеді. Мұндай 25 градус жылылықтан төмен температурада қозаның өсуі баяулай түседі, ал, 17-20 градус температурада жылудың жетіспеушілігі қозаның өсіп-жетілуіне зардабын тигізеді. Қозаның өсіп жетілуі мен шиттің әлі де болса өніп шығуы үшін қажет ең төменгі температура 10-12 градус. Ал, температура Цельсия бойынша 10 градустан төмен түскен кезде шит өнбейді, қоза өспейді. Қозаның жас өскіндері Цельсия бойынша -1-2 градус суықта үсіп кетеді. Бұл ретте суықтың қаншалықты созылатындығы үлкен роль атқарады. Суықтың тигізетін зардабына ауаның ылғалдылығы, күннің күңгірттігі, желдің соғуы сияқты факторларда қосымша әсер етеді. Цельсия бойынша 30 градус жоғары температура кезінде қоза қатты қолайсыздық сезініп, сола бастайды. Ал, температура 37 градусқа жеткенде қоза өсуін тоқтатады, өйткені оның өн бойы ыстыққа шыдай алмайды. Сондықтанда жазғы ыстық кезінде қоза күндіз өспей, негізінен алғанда түнде өседі.
Жарыққа қойылатын талаптар. Қозаның жарыққа деген сұраныстарыда тым жоғары. Ол күннің көзі жақсы түсетін ашық алаңқайды ұнатады. Оның жапырақ пластинкалары өзінің үстіңгі бетін күні бойы өзіне күн сәулесі тік түсетіндей қалыпта ұстауға тырысады. Жарық жетіспеген жерде қозаның өсуі кешеуілдейді.
Суға қойылатын талаптар. Қоза өзінің салыстырмалы түрде алғанда құрғақшылыққа едәуір төзімді екендігіне қарамай, суға деген сұранысында кемітпейді.
Топырақты шит себуге әзірлеу - Бүкіл агротехникалық шаралардың арасында жерді мұқият баптап өңдеу аса маңызды буындардың бірі болып табылады. Топырақты дұрыс әрі дер кезінде өңдеу себілген шиттің дүркіреп тез өніп шығуын және шитті-мақта өнімін неғұрлым мол алуды қамтамасыз етеді.
Топырақтың өңдеу оның құрылымын жақсартады және егіс даласының арамшөппен былғануын кемітеді, топыраққа ауаның кіруі мен бір мезгілде онда ылғалдың барынша жақсы енуі мен сақталуына игі ықпалын тигізеді.
Р. Назаров топырақты тиімді пайдаланудың ғылыми зерттеулер негізінде жасалған тәсілдері қозаның өнімді мол беруін үздіксіз арттырып отыруды және топырақтың құнарлылығын жақсарта түсуді қамтамасыз ететінін, сөйтіп мақта шаруашылығын дамытудың экономикалық тиімділігі күшейе түсетінін атап көрсетті.
Қозаны вегетациялық өсіп-жетілуі барысында күтіп-баптау
Қозаны дұрыс және дер кезінде күтіп-баптау – оның ойдағыдай жақсы өсіп-жетілуі мен дамуының, мол және сапалы өмін беруінің кепілі. Оны күтіп-баптау әрбір ауыспалы егіс танабы мен жекелеген учаскелердегі өсімдіктің талап ететін қажеттігіне қарай жүргізілуі тиіс.
Қозаны күтіп-баптау мерзімін кешіктіру немесе оны қалай болса солай, сапасыз жүргізе салу өсімдіктің өсіп-жетілуін нашарлатады, бойлап өсуін, гүлдеуін және жетілуін кешіктіреді.
Қазақстанның оңтүстігіндегі суармалы мақта шаруашылығы жағдайында қозаны күтіп- баптау жұмыстары алғашқы өскіндердің жер бетінде көрінуіне дейін-ақ басталады.
Мысалы, шит себіліп жатқан кезде немесе бұл жұмыс аяқтала салысымен нөсерлеткен жаңбыр жауатын жағдайлар әдетте жиі кездеседі. Сөйтіп топырақтың үстіңгі қабаты езіледі де, кебе келе бірте-бірте қатты қабыршықтарға айналып, қатып қалады. Ондай қатты қабыршақтардың қалыңдығы 3-4 сантиметр, кейді тіпті одан қалың болады. Мұндай жағдайда енді өне бастаған шиттің әлі нәзік өскіндері әлгі қатты қабыршақтарды жоғары қарай тесіп өте алмайды, оның үстіне, әбден қиналып, зардап шегеді. Сондықтан да жаңбырдан кейін пайда болатын қатты қабыршақтардың зиянды әсерін болдырмайтын шараны шит өнбей жатып, жас өскіндер жер бетіне көтерілмей тұрып жүзеге асыру керек.
Топырақтың мұндай қатты қабыршақтарына қарсы дер кезінде тиімді күрес жүргізілмесе, шиттің өніп шығуына, өскіндердің еңсе көтеріп өсуіне қатер төнеді, олардың өліп қалуы, өсімдіктің жиілігіне зардабын тигізіп, өте-мөте сиретіп жіберуі әбден мүмкін. Ал, мұның бәрі де қозаның қалыпты өсіп-жетілуіне, олардың пісіп –жетіліп мол өнім беруіне келеңсіз әсерін тигізеді.
Олай болса, топырақтың бетінде пайда болатын ондай қатты қабыршақтың зардапты әсерін болдырмау үшін мүмкіндігінше тез қимылдап, топырақтың жаңбырдан кейін қатып қалуын күтпей, егіс танабына тырма салу керек, ротациялы мотыгамен сондай-ақ қол тырмамен не шапқы шотпен қатты қабыршақтарды жоюға тырысу керек.
Топырақтың қатты қабыршақтарын жою кезінде топырақты қопсыту тереңдігіне ерекше назар аудару керек. Ротациялық мотыганың жұмысшы органдары өсіп келе жатқан шитті топырақтың үстіңгі қабатына қопара шығарып тастамайтын болуы тиіс, сондай-ақ өнім шыққан өскіндер тамырымен қоса жойылып кетпейтін болуы қажет.
Топырақтың қатты қабыршақтарын тырмалау кезінде топырақты қопсыту тереңдігі 5-6 сантиметрден аспауы керек.
Қозаның қатараралығын баптау – жұмыстары жүйектің бойында өскіндер өсіп шығып, айқын белгі берген кезде басталады. Қозаның қатараралығын баптау жұмыстары кешіккен сайын онда арам шөптер тез әрі қаулап өсе бастайды.
Қатараралық баптау жұмыстарының негізгі міндеті – арамшөптерді тез жою, топырақтың үстіңгі қабатын қопсығын қалпында ұстау, ылғалдың мол мөлшерде босқа ысырап болуына және төменгі қабаттағы тұздардың жоғары көтерілуіне жол бермеу, қозаның өсіп жетілуіне және талшығының сапасы жақсы мол өнімге негіз қалайтын қолайлы жағдайлар жасау.
Қозаның ұшын шырпу және оның маңызы – қозаның негізгі сабағының ең жоғарғы ұшы өзіне қоректік заттарды оның жан-жағына таралған бұтақтарынан гөрі әрі көп, әрі жақсы тартып алады, қозаның жан-жағына таралған бұтақтары тап осы себептен де өздеріне қоректік заттар мен суды аз алып түйіндері мен гүлдерінің бөлігін жоғалтады. Әдетте, 45-60 тіпті одан көп өнімдік түйін салатын қозаның ақыр аяғында 6-8 көптегенде 12-13 толық пісіп жетілетін көсекті әрең дегенде сақтап қала алады. Қозаны шырпу нәтижесінде оның өнім беретін бұтақтары өзіне қажетті заттар мен ылғалды неғұрлым жеткілікті мөлшерде алады да өнімдік көсектердің көбірек сақталуына жағдай сақталады. Оның үстіне ол көсектер ірі болады және әлдеқайда тез пісіп жетіліп жақсы ашылады. Қозаны шырпу оның негізгі сабағының сондай-ақ бұтақтарының ұшындағы бір-екі түйінді ғана қамтуы тиіс. Мұның өзі олардың ұшжағын шамамен 1-2 см қысқарта кесу керек.
ОБСӨЖ № 2
ОБСӨЖ тақырыбы: Шикізат өсімдіктердің негізгі топтары. Дәрілік өсімдіктер.
ОБСӨЖ жоспары:
1.Көкек жанаргүлі.
2.Қала гравилаты.
3.Қарама – қарсы жапырақты ербасы.
ОБСӨЖ мақсаты: Шикізат өсімдіктердің негізгі топтары.
Көкек жанаргүлі – ГОРИЦВЕТ КУКУШКИН.
ОБСӨЖ мәтіні: Көкек жанаргүлі –көп жылдық, шөп тектес. Биіктігі –90 сантиметрге жуық. Сабағын төмен қараған қысқа түк басқан. Сопақша келген жапырақтары қарама –қарсы орналасқан, екі жағында да аздаған түктері бар. Гүлдері қызыо, бұтақтарының ұшында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау сықылды,үстіңгі жағында да аздаған түктері бар. Гүлдері қызыл, бұтақтарының ұштарында сыпырғы сықылданып шоғырланып тұрады. Гүл сабақтары қысқа, тостағаншасы қоңырау сықылды, үстіңгі жағында үш бұрышты өткір тістері бар. Июнь-июль айларында гүлдейді. Ылғалды жерлерде, батпақтардың шеттерінде алаңдарда, жоңышқалы шабындықтардың арасында кездеседі.
Дәрілік мақсат үшін көкек жанаргүлінің жер үстіндегі бөлігін пайдаланады.халық арасында бұл өсімдікті сары ауруға, брогх қабынуына, ревматизмге қарсы қолданады. Жатырдан және басқа органдардан қан кеткен жағдайларда ем үшін пайдаланады. Бұл дәрімен сыртқы жараларды жуады және қышыманы емдейді. Іріңді жараларға компресс ретінде сыртынан таңып байлап қоюға болады.
Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. өсімдіктің 20 грамын 200 мл қайнап тұрған суға салып. 1-ас қасықтан күніне 3-рет ішеді. Дененің сыртына жағарда осындай тұнба жасайды, ол үшін өсімдіктің 10 грамын ғана алады.
Спиртті тұнба: 25 грамм өсімдікті 10 мл спиртке салып,8-10 күн тұндырады да, күніне 20-40 тамшыдан 3- рет ішеді.
Қала гравилаты- ГРАВИЛАТ ГОРОДСКОЙ.
Қала гравилаты –шөп тектес, көп жылдық өсімдік, сабағы тік өседі, биіктігі 30-60 сантиметрге дейін жетеді. Бұтақтары аз, төиенгі жағындағы сағақтарының ұын, қауырсын тәрізді болады. Ал жоғарғы жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқа, 3-4 салалы немесе бүтін болып келеді. Гүлдері ірі, сабағы ұзын, ашық сары түсті, гүл жапырақтары бесеу. Май-авгуть айларында гүлдейді. Июнь-сентябрь айларында жемісі піседі. Шалғынды жерлерде, ормандарда, бұталардың арасында,өзендердің жағаларында, бақшаларда өседі. Дәрі жасау үшін өсімдіктердің тамырын күзде, жер үстіндегі бөлігін көктемде гүлдеген кезде жинап алады. Құрамында ілік заттар, эфир майлары, С витамині және ащы заттар бар.
Халық медицинасында өсімдіктің сулы тұнбасымен асқазанның түрлі ауруларын емдейді. Өсімдіктің қабынуға қарсы әсер ететін, микробтарды жоятын қасиеттері де бар. Ол дизентеренцияға, асқазанның қабынуына қарсы қолданады. Іш желденгенде, ішек түйнеп ауырғанда және геморрой түйіндерінен қан кеткенде де осы өсімдікпен емдеуге болады. Ол бауыр мен өт жолдарының ауруларынада шипа. Кейде қала гравилатын қатты жөтелді басу үшін және тістің түбі босап, қанағанда, тамақ бездері қабынғанда қолданылады.
Қолдану тәсілі. өсімдіктің 1 ас қасық ұнтақталған тамырын немесе шөбін 1 стакан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, стаканның төрттен біріндей мөлшерде күніне 3-4 рет ішеді.
Достарыңызбен бөлісу: |