Қазақстан халықтарының Ассамблеясы және



бет11/13
Дата15.11.2022
өлшемі145.62 Kb.
#464870
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Тезисы лекции2

Дін философиясы
Жоспар:
1.Дін анықтамалары. Дін және философиялық білім. Дін және өнер.
2. Діннің алғашқы формалары.
3. Буддизм және оның негізгі бағыттары.
4.Христиан дінінің пайда болу тарихы және негізгі формалары.
5. Ислам. Исламның қалыптасуы, догматикасы және тарихи формалары.

Діндердің бейбіт қатар өмір сүруі, экстремизм дамуына қарсы іс-шаралар – Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының басым бағыты. Діни және этникалық негіздегі қақтығыстар, мәдени, әлеуметтік, саяси құқықтардың шектелуі, этникалық немесе конфессионалдық белгілер бойынша дискриминация - халықаралық қатынастардың шиеленістерінің өсуіне және ұлттық-мемлекеттік тұрақсыздықтың себебіне әкелуі мүмкін.


Дінтану жеке ғылым жүйесі болып ХІХ ғасырдың екінші жартысында дүниеге келді. Дегенмен, дінтанудың қайнар көздері сонау ортағасырлық христиан философтарының, мұсылман теологиясының құдайтанушылық ізденістерінен бастау алады деп айтуға болады.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси-әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамзатпен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның арақатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға болады.
Дін құлшылық жолындағылар мен Құдірет арасындағы бір байланыстың барлығына деген сенімге негізделеді және ол сенім белгілі бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, тұрмыста діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс береді. Ол құрылымдық жағынан діни сана, діни харекет, діни ұйым болып тарайды.
Қан­дай да бір ді­ни ұғым бол­ма­сын олар­ды күр­де­лі әлеумет­тік құбы­лыс ре­тін­де қа­рас­ты­ра­мыз. Дін де­ген ұғым­ның әлеуметтік елеулі белгі­ле­рі: ді­ни са­на; ді­ни ғи­ба­дат, іс-әре­кет, ді­ни қа­ты­нас жә­не ді­ни ұйымдар.
Діни сана құрылымы – діни сенім, діни ілім және діни идеология. Діни сана күнделікті және концептуалды болып екі сатыға ажыратылады. Бірінші сатыға діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Концептуалды деңгейде осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, дін ілім сипатына ие болады, оның теориялық негізі жасалады, ақиқаттығы дәлелденеді. Мұнымен теология және діни философия шұғылданады.
Діни сана, әр тарихи кезеңде, түрлі қоғамда әртүрлі дәрежеде қызмет атқарып, көрініп отырады. Негізінен оның үш сатысын атауға болады. Бірінші сатысы – діни сана қоғам санасында жетекші орын алады; діни тұрмыс бүкіл қоғамның әлеуметтік тұрмысының құрамды бөлігі болады; әлеуметтік қатынастарда діни сенімдер міндетті түрде ескеріледі; өкімет билігі діни және азаматтық салалардан тұрады. Бұл үрдіс (процесс) сакрализация (латын тілінде sakra - қасиетті) деп аталады.
Екіншісі – діни сана қоғамдық санада басымдықпен көрінбейді, одан азаматтық дүниетаным мен мәдениет озық тұрады; діни қызмет барған сайын өзінің негізгі қызмет аясына дейін тарыла береді; қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланады; бірақ, діни тұтастық бұрынғысынша этностық тұтастыққа ұмтылады.
Үшіншісі – діни сана қоғамдық ойға мейлінше аз ықпал жасайды, діни қызмет тек діни ұйымдардың ісі болып қалады, діни ортақтастық этникалық, мемлекеттік тұтастық мәселесімен сәйкестігін жояды, діни және азаматтық өкімет биліктері біржола ажыратылады. Бұл үрдіс секуляризация үрдісі (латынша secularis - зайырлы) деп аталады.
2. Ді­ни іс-әре­кет. Ді­ни ғи­ба­дат, іс-әре­кет - әр­ түр­лі объ­ек­ті­лер­ге әсер ету­ге ба­ғыт­тал­ған рә­міз­дік іс-әре­кет­тер­дің жиын­ты­ғы.
Ді­ни ғи­ба­дат­тық іс-әре­кет­тер жә­не ғи­ба­дат­тан тыс іс-әре­кет­тер болып бө­лі­не­ді. Ғи­ба­дат­тық іс-әре­кет­тер­ге әр ­түр­лі ді­ни шы­ғар­ма жа­зу, ді­ни әдет-ғұ­рып­та­рын шы­ға­ру, бас­қа­ру жұ­мыс­тары жа­та­ды.
Ді­ни ғи­ба­дат­қа – ді­ни-сиқырлық ба­ғыт­та­ғы әдет-ғұ­рып­тар, рәсімдер , құр­бан­дық ша­лу, ора­за, құ­пиялар, дұ­ға ету, сон­дай-ақ осы орайда пайда­ла­ны­ла­тын ма­зар­лар жә­не т.б. ді­ни іс-әре­кет­тер.
Ді­ни ғи­ба­дат­тық іс-әре­кет­тер дін­нің не­гі­зі жә­не оның өмір сү­ру фор­ма­сы. Дін­шіл мен дін­шіл емес адам­дар­ды ажы­ра­тып көр­се­те­тін тү­рі. Ке­рек бол­са, сол бір дін­шіл адам­дар­дың ді­ни са­на се­зі­мі­нің те­рең­ді­лі­гі мен таяз­ды­ғын көр­се­те­тін эле­мент.
3. Ді­ни қа­ты­нас. Ді­ни қа­ты­нас - сол бір ді­ни іс-әре­кет­тер ар­қы­лы ру­ха­ни жағ­дайда жү­ріп жа­та­тын үрдістер. Ді­ни қа­ты­нас­тың екі объ­ек­ті­сі бар. Бі­рін­шісі, дін­шіл адам­дар­дың өза­ра қа­ты­нас­ы, ал екін­шісі, дін­шіл адам­дар­дың ки­елі де­ген объ­ек­ті­мен қа­ты­нас­ы. Адам­дар­дың қа­ты­на­сы­на ұқ­сас, ді­ни қа­ты­нас­тар да күр­де­лі, жай көз­бен қа­ра­ған­да, көп­те­ген ді­ни қа­ты­нас­тар­дың түр­ле­рін кө­ру­ге бо­ла­ды. Мы­са­лы: 1) та­би­ғат­та­ғы ті­рі неме­се өлі зат­тар­мен – (тө­тем­дік, ма­зар, крес, икон) – зат­тық қатынастар; 2) об­раз­дық қа­ты­нас – Құ­дай об­ра­зы, ару­ақ, жан, пе­ріш­те, рух; 3) тіл­дік, се­ман­ти­қа­лық қа­ты­нас - әр ­түр­лі ки­елі сөз­дер, асыл кі­тап сөз­де­рін қайталау, ман­три­лер, құ­ран оқу; 4) же­ке адам ба­сы­на та­бы­ну – же­ке адамдарға пайғам­бар­лық, ки­елі ма­ғы­на бе­ріп та­бы­ну.
4. Ді­ни ұйым­дар. Ді­ни ұйым­дар – ді­ни ғұ­рып­тар­дың ор­та­лық­та­ры, бел­гі­лі бір дін­ді ұс­таушы­лар­дың бір­лес­ті­гі.
Ді­ни ұйым­дар­дың кө­ле­мі әр түр­лі бо­лып ке­ле­ді: ді­ни кіш­кен­тай сек­та, қауым­нан дін­нің мил­ли­он­да­ған бір ді­ни ұйым­дарына дейін құрыла­ды. Ді­ни қауым­дар­ ді­ни жә­не дін­сіз іс-әре­кет­тер жа­сайды. Дін­сіз іс-әре­кет­тер­ге әр түр­лі ұйым­дық, басқа­ру­шы­лық (ді­ни ке­ңес, тек­се­ру комис­сиясы, бі­лім бе­ру бө­лім­де­рі, жо­ғар­ы оқу орын­да­ры, бас­па­ха­на­лық ұйым­дар). Дін­сіз іс-әре­кет­тер ді­ни қауым­дар­дың ба­сын құ­рас­ты­ра­ды. Ді­ни қауым­дық ұйым­дар­дың үш тү­рі бар:
1) Шір­кеу – ді­ни ұйым­ның аты, дін адам­дарының кә­сі­би қыз­ме­ті, ор­та­лық­тан­ды­рыл­ған дер­бес инсти­тут. Шір­кеу деп ғи­ба­дат ету үшін, яғ­ни храм­ды атайды;
2) Секта (латынның “ойлау тәсілі, ілім, бағыт” деген мағынадағы сөзінен шыққан) әдетте орнықты діни ілімге оппозициялық ағым, әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болады, тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіздігімен ерекшеленеді. Секталарға тән нәрсе - өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім, оқшауланушылық, ғұрыптарына ерекше беріктік, секта мүшелерінің теңдігін жариялау;
3) Деноминация (латынның denomen – “атын өзгерту” сөзінен) не басқа діни бірлестіктерден бөлініп шығады, не әуелгі бастан дербес қалыптасады. Оған тән нәрселер мыналар: иланушылардың құдайдың қалаулы пенделері екендігіне сенім, кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім, оқшаулану міндетті саналмайды; қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік; қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі; мүшелерінің хұқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы; дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеу, сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.
Ді­ни ұйымдар­дың не­гіз­гі ат­қа­ра­тын фун­кциясы екеу: ұйымдастыру­шы­лық (қай жер­ден шір­кеу ашу, шір­кеу ба­сы­на кім­ді жіберу т. б.), екін­ші­ден, ді­ни үгіт-на­си­хат­тық, мо­дер­ни­за­тор­лық рөл­де­рі. Се­бе­бі, ді­ни көз­қа­рас­ты өз­гер­тіп оты­ру, қо­ғам­ға бейім­деп оты­ру ке­рек, ол бол­са, үлкен жұ­мыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет