Сабақ мақсатын қалай тұжырымдауға болады? Оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқыту дегенімізді қалай түсінесіз?



Дата15.05.2024
өлшемі18.48 Kb.
#501190
түріСабақ
Практика қорғау сұрақтары


  1. Критериалды бағалау дегеніміз не?

  2. Қысқамерзімді жоспарлауға не жатады?

  3. Сабақ мақсатын қалай тұжырымдауға болады?

  4. Оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқыту дегенімізді қалай түсінесіз?

  5. Математикадан сыныптан тыс жұмысты қалай түсінесіз?

  6. Логикалық есептер жайында не айтасыз?

  7. Диплом жұмысы тақырыбыңызға қатысты қандай зерттеу жүргіздіңіз?

  8. Жиынтық бағалау процессі қалай жүргізіледі?

  9. Өздік жұмыс сабақ барысында қаншалықты тиімді?

  10. Өздік жұмыстар ұйымдастыруда талаптар қандай?

  11. Есеп шығару дегеніміз не? Есеп түрлері?

  12. Есептің негізгі міндеттері қандай?

  13. Сабақты сәтті жоспарлау үшін, мұғалім қандай принциптерді ұстануы керек?

  14. Қысқамерзімдіжоспарлауға не жатады?

  15. Оқушыларды математикалық есептерді шығаруға оқыту қалай жүзеге асты?

  16. Оқушының ақыл-ой қабілетінің бағыты айқындалған ба?

  17. Математикадан өздік жұмыс?

  18. Проблемалы оқыту. Математика сабағында проблемалық оқытуды ұйымдастыру?

  19. Сабақ процесі кезінде қандай кезеңдер сәтті болды және неге?

  20. Сабақты сәтті жоспарлау үшін, мұғалім қандай қағидаларды ұстануы керек?

  21. Математика сабағында қолданылатын көрнекі құралдардың негізгі түрлері мен рөлі.

  22. Жиынтық бағалау қашан жүргізіледі?

  23. Дифференциялы оқыту.

  24. Сынып ұжымының оқу мүмкіншілігінің сипаттамасы. Берілген сабақты жоспарланғанда сыныптың қандай ерекшеліктері ескеріледі ?

  25. Сабақ уақытын ұтымды пайдаланды ма? Сабақтың басты мақсатына жету үшін ұтымды құрылымы болды ма?

  26. Оқушыларды математикалық теоремаларды дәлелдеуге оқыту қалай жүзеге асты?

  27. Дифференциялды (даралау бабымен) оқыту. Математика сабағында (даралау бабымен) оқытуды ұйымдастыру.

  28. Математикадан мемлекеттік білім беру стандарты. Сіздерге бекітіліп берілген сыныптағы мемлекеттік стандарттың орындалуы.

  29. Нақты тақырып бойынша математикалық ұғымды қалыптастыру әдістемесін жазыңыз (суреттеңіз).

  30. Басқа да өзекті сұрақтар қосып, оған жауап жазуға болады

Төмендегі үлгі бойынша көркемдеп, әрқайсыңыз бір сұраққа жауап жазып, старосталарыңызға жіберіңіздер. Староста жинақтап, практиканы қорғау хаттамасы, тобының атымен, маған немесе басқа да практика жетекшілеріне жібересіздер. Әлден жауап жазып, тапсыра берулеріңізге болады.


Үлгі:
Қорғау:
Алдабаев Бекзат Жамбулатович
Сұрақ. Толеуханова Р.Ж.: Геометрия пәні сабақтарында қолданылған көрнекіліктер?
Жауап: Геометрия пәнінен сабақ беру кезінде «Миллион кімге бұйырады» атты ойын сабағын өткізгенде интербелсенді тақтаны пайдаланғам. Сабақ беру үрдісінде оқушылардың өткен тақырып бойынша біліммін тексеру мақсатында карточкаларды дайындап қолданғам.
Сұрақ: Искаков С.А.: Сабақ беру барысында қандай оқыту құралдарын қолдандыңыз?
Жауап: Сабақ беру барысында жетекшімнің кеңесі бойынша келесі оқыту құралдарын пайдаландым. М.И.Сканави сурет бойынша есептер;Геометрия, есептер жинағы 8 сынып С.Төлеубаев, Г.Жүнісова, Е.Тұяқов, Г.Даньяров; Алгебра 8 сынып А.Н. Шыныбеков, Алгебра 8 сынып Ә.Е.Абылқасымова; Геометрия 8 сынып А.Н.Шыныбеков, 8 сынып Г.Солтан, 8 сынып В.А. Смирнов; Алгебра есептер жинағы 8 сынып С.Төлеубаева, Г.Жүнісова, В.Корчевский, В.Даньяров.
Кәріғұл Ақнұр Дулатқызы
Сұрақ. Кервенев Қ.Е.:Өздік жұмыстар ұйымдастыруда талаптар қандай?
Жауап: Өздік жұмыстар ұйымдастыруда келесідей талаптар орындалуы қажет:
1.Өздік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек;.
2.Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті;
3.Өздік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек;.
4.Әрбір өздік жұмыс тексеріледі және бағаланады;
5. Өздік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезендерінде, орынды жерінде өткізу керек.
Сұрақ. Бейсенова Д.Р.: Педагогикалық іс-тәжірибе барысында қандай АКТ құралдарын пайдаландыңыз?
Жауап: АКТ-ны сабақ үстінде кеңінен қолдандым. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңінде тақырыпқа байланысты білімленд сайтынан материалдарды интерактивті тақта арқылы немесе видеопроектормен тақтаға көрсету көрсеттім. Мысалы, білім ленд порталына кіріп, тапсырмаларды оқушылармен бірге орындап, есеп шығардық. Осы арқылы жаңа тақырыпты да түсіндіріп өттім, өткен тақырыптардың формула, ереже, теоремаларын еске түсіріп қайталап алдық. Ең бастысы оқушының сабаққа деген қызығушылығы болды және тақырыпты жақсы меңгерді. Видеороликтер мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотосуреттер, бейнелік, дидактикалық материалдар, т. с. с.) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет