Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығы жаңа сатыға көтерілді



Дата07.07.2016
өлшемі34.22 Kb.
#182948
Дала мен Қала. – 2013. – №41. – 10 қазан

Садыханұлы М.


Қазақстан мен Беларусь ынтымақтастығы жаңа сатыға көтерілді
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізге ресми сапармен келген Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен кездесті.

Шағын құрамдағы басқосуда Нұрсұлтан Назарбаев А.Лукашен­коның биылғы сапары екі елдің соңғы жылдардағы қарым-қатынасының белсенді қарқынының, саясат, экономика және мәдениет саласындағы екіжақты байланыстарының қарышты дамуының дәлелі екенін атап өтті.

– Менің Минскіге былтырғы сапарым барысында көрсетілген қонақжай­лылық есімде, – деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. – Бұл сапар біздің қарым-қатынасымызды одан ары нығайтып, барлық шаруашылық субъектілері үшін, үкіметтер мен бірлескен комиссиялар үшін жаңа серпін береді деп ойлаймын. Беларусь Президенті екі елдің халықтары көп ретте ең­бексүйгіштігіне қоса, өз тарихы мен бірқатар қасиет­тері жағынан ұқсас болып келетініне тоқталды.

– Біздің өзара қарым-қатынасы­мыздың негізінде халықтарымыздың мүдделері жатыр, бұл қымбат құнды­лыққа жатады, – деді Беларусь Прзиденті Александр Лукашенко. 

– Мен, өзіміз келіскендей, тап­сырмала­ры­мыздың орындалу барысын бақылауға келдім. Минс­кіде және Астанада кезе­гімен кездесуі­міз дұрыс шешім, өйт­­ке­ні біз қойған міндеттерді шешу орын­­даушы­ларды ынталан­дыра түседі.

Бүгінде екі ел арасында сауда-эконо­ми­калық ықпалдастық қарқынды дамуда. Қазақ­стан әлемдегі нарықтағы тұрақсыз­дықтың салдарынан еліміздің тауар айна­лымының деңгейі 10 пайызға төмендегеніне қарамастан, ол жөнінен ТМД елдері арасында Беларусь үшін үшінші серіктес болып саналады. Өнеркәсіп кооперациясын­дағы ынтымақтас­тықта оң тәжірибе бар. Бүгінгі таңда өндіріс саласында және карь­ер-шахта техникасы, астық жинайтын комбайндар, тракторлар, қозғалтқыштар, лифтілер мен өзге де техниканы құрасты­ратын 14 бірлес­кен кәсіпорын жұмыс істеу­де. Сондай-ақ, Қарағандыда «КазБелАЗ» бірлескен кәсіп­орны бар. Семей мен Қостанайда ауыл ша­руашылығы техникалары құрастырылады. Пилоттық үл­гідегі көп­­салалы ауыл шаруа­шы­лығын құру жө­нінде қызу жұмыс жүргі­зілуде. Оның базасында елдеріміздің агро­өнер­кәсіп секторын­дағы соңғы жетістіктері қолданылатын болады. «Ауыл шаруашы­лық және коммуналдық техникалар шы­ғаратын Қазақстан – Беларусь индустрия­лық-технологиялық паркі» бір­лескен жобасы жүзеге асырылуда. Көлік пен ло­гис­тика саласындағы ынтымақтастықты дамытудың жақсы келешегі бар.

– Қазақстан Беларусті жақын дос және стратегиялық серіктес ретінде қарастыра­ды. Екі ел арасындағы қарым-қатынас достық, өзара түсіністік және сенім не­гізінде дамып келеді, – деді Мемлекет Басшысы.

Елбасы айтса айтқандай, біздің елі­мізде Беларусь диаспорасы  ынтымақтас­тықтың жақсы дәнекері болып саналады, Қазақстан­ның дамуына зор үлес қосуда. Біз үшін ел­деріміз азаматтарының бір-бірінің аумағы­на келу тәртібі туралы ке­лісімге және реадмиссия туралы үкімет­аралық келісімге қол қойылуы ерекше орын алады. Сонымен қатар, бүгін біздің қатысуымызбен кезекті «2014-2016 жыл­дарға арналған бірлескен іс-шаралар жос­парына» да қол қойылды. Бұл құжат Қа­зақстан мен Беларусь сауда-экономи­калық ынтымақтасты­ғын дамыту­дың тиімді құ­ралына айналады деп сенім­мен айтуға болады. Биылғы жылы, яғни, қазанның алғашқы онкүндігінде Минскіде Қазақ­стан­ның мәдениет күндері өтеді. 2014 жылы Астанада Беларусьтің мәдениет күн­­дері өтпек. Беларусьтің ғы­лы­ми әлеуе­тінің дамуын ескере отырып, Қа­зақ­стан бірлескен ғылыми зерттеулер жүр­­гі­зу, өндіріске ғы­лыми әзірлемелер мен технологиялар енгі­зу саласындағы ынты­мақ­тастықты жандан­дыруға мүдделілік танытуда. Бүгінде Сәкен Сейфуллин атын­дағы Қазақ агротехникалық университеті жа­нындағы инженер кадрларын даярлау және қайта даярлау Қазақстан-Беларусь оқыту-өндірістік орталығы – білім беру саласындағы өзара тиімді ынтымақтас­ты­ғымыздың айқын үлгісіне айналып отыр.



Екі мемлекет басшысы Қазақстан мен Беларусь тауарларын еуропалық және азия­лық нарыққа тасымалдау үшін логис­тикалық орталықтар құру жөніндегі бір­лескен жоспарларда  пысықталатын көлік саласындағы ынтымақтастыққа зор мән беретіндіктерін ерекше атап өтті. 

Сапар қорытындысында бірқатар құ­жат­тарға қол қойылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Президенті мен Беларусь Рес­публикасы Президентінің Бірлес­кен мәлімде­месі, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасында Қа­зақстан Республикасы азамат­тарының Беларусь Республикасы аумағына және Беларусь Республикасы азаматтары­ның Қазақ­стан Рес­публикасы аумағына келу тәртібі туралы келісім, Қазақ­стан Республикасы Үкіметі мен Беларусь Рес­публикасы Үкіметі арасын­дағы реадмиссия туралы келісім, Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасы арасындағы 2009-2016 жылдарға арналған экономи­калық ынтымақ­тас­­тық бағдарлама­сын («Жол картасы») іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған Бірлескен іс-шаралар жоспары, Қазақстан Республикасы Президенті жанын­да­­ғы Мемле­кеттік бас­қару академиясы мен Беларусь Рес­публикасы Президенті жанын­дағы Басқару акаде­мия­сы арасындағы ынты­мақтастық туралы келісімге қол жет­кізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет