Химиялық оқу экспериментінің техникасы мен әдістемесін жетілдіру Егер эксперименттің «техникасы»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата23.12.2023
өлшемі1.25 Mb.
#487711
  1   2   3   4
stud.kz 78081 20-22-23-40-41-60



1.3 Химиялық оқу экспериментінің техникасы мен әдістемесін
жетілдіру
Егер эксперименттің «техникасы» мен «әдістемесі» дұрыс
ұйымдастырылса, онда мектеп химиялық эксперименті химияны тереңдетіп
оқытуды ойдағыдай жоғары сатыға көтеруге көмегін тигізеді. Мектеп
эксперименті әдістемесі мазмұны мен оны жүргізу техникасына байланысты екі
түрлі көзқарас бар. Кейбір әдіскерлер, демонстрациялау техникасы және оны
жүргізу әдістемесінің арасындағы тығыз байланысты мойындай отырып,
оларды бір-бірінен ажыратады. Мұнда демонстрациялау техникасы ретінде
демонстратордың, жекелей алғанда құралдың, қондырғының тоқтаусыз жұмыс
істеуіне байланысты ең жоғары қабылдауды қамтамасыз етудегі сапалық
өызметін түсінеді. Екінші көзқарасты жақтаушылар химиялық оқу
экспериментінің және оны жүргізу техникасы арасында ешқандай дәл шекера
жоқ, сондықтан оларды бірге қарастыру қажет дейді [33].
Екінші көзқарасты жақтаушылармен келісуі қиын себебі эксперименттің
техникасы құралдың сапасына, демонстрациялық қондырғыға, жақсы көрінуді
қамтамасыз етуге, сонымен бірге демонстратордың ебдейліктері мен
дағдыларына байланысты және сыныптың жас ерекшеліктеріне байланысыз.
Эксперименттің техникасы тәжірибелерге әдістемелік талдаумен және оның
сыныпқа қолайлылығымен айналыспайды. Бұл жағдайда эксперименттің
техникалық талабы, құралдың, қондырғының тоқтаусыз жұмыс істеуіне және
жақсы көрінуді қамтамасыз етуге байланысты.
Жалпы алғанда демонстрациялық тәжірибелерді жүргізу әдістемесімен
байланысты. Сондықтан химияны оқытуды әдістемесінің негізіне қойылатын
дидактикалық принциптер, тәжірибелерді демонстрациялаудың әдістемесіне де
қатысты.
Осыған байланысты мектеп химиялық экспериментін жетілдіру
жолдарының бірін, оның «техникасы» мен «әдістемесін» жақсартудан қарау
керек. Химия мұғалімдерінің қызметін талдаудың, олармен жүргізілетін
әңгімелерден, олардың көпшілігі оқу экспериментін оның психологиялық-
дидкатикалық аспектілері орғыта, тек техникалық жағынан
бағалайтындықтарын көрсетеді. Мысалы, демонстрациялық эксперимент
көпшілік жағдайда материалды баяндау барысында айтылған қағидаларды
суреттеу үшін қызмет атқарса, ал зертханалық эксперимент әдетте, тек өткен
тақырыпты тереңдетіп оқытуды аяқтайды.
Сондықтан мектеп химия экспериментінің қарқынды дамуы жағдайында
оның әдістемесі мен техникасының құрылымын анықтау ерекше маңызды.
Мұндай құрылымды анықтауда біз «техника» және «әдістеме»
ұғымдарының даму процесіне (генезис), сонымен бірге мектеп химия
экспериментінің әдістемесі мен техникасындағы мынадай өзара тығыз
байланысқан құрылым элементтерін (схеманы қараңыз): химиялық оқу
экспериментінің техникалық құралдары; экспериментті дайындау, таңдап алу
және жүргізу техникасы; химиялық экспериментті қабалдауды
22


эксперименттік қондырғылардың тазартылуы ғана педагогикалық расталған
[32]. 
Қондырғы неғұрлым қарапайым болған сайын, оның бұйымдары және
элементтері аз болады. Қызметке тағайындалған бұйымдар және құралдар
оқушылардың назарларын аудармайтындай өлшемдері өте шағын болуы немесе
мүлдем байқалмайтындай болуы керек.
2. Демонстрациялық тәжірибе ғылыми жағынан түсінікті болуы керек.
Демонстрациялық тәжірибенің мақсаты зертханалық шарттар жағдайында,
берілген құбылысты таза күйінде көрсету бола тұрып, тәжірибелердің
нәтижелеріне елеулі ықпалын жасайтын, бақылаушыға байқалмайтын, сыртқы
факторлар әрқашанда орын алады. Бұдан демонстрациялық тәжірибелердің
көптеген түрлерінің ішінен, қосымша құбылыстары азын бөліп алу қажет.
3. Демонстрациялық тәжірибелер барынша дәлелді және оқушылардың
түсінулеріне жеңіл болуы керек. 
Егер тәжірибе қондырғысының қарапайымдылығына қол жеткен болса,
онда қолайлылық және нанымдылық талаптарын орындау қиын емес.
Сенімділік-сезгіш индикаторларды, күшейткіштерді және басқа да құралдар
мен тәсілдерді пайдалану арқылы, демонстрацияланатын құбылыстың ең
жоғары дәрежедегі тиімділігіне жету арқылы, қосымша құбылыстарды
мейлінше төмендету арқылы жасалынады. Демонстрацияның нанымдылығы ең
алдымен оны оқушылардың шапшаң түсінулеріне мүмкіндікті туғызуында.
4. Демонстрациялық қондырғының қауіпсіздігі және сенімділігі.
Демонстрацияны сабақта көрсету кезінде оның тоқтаусыз жұмыс істеуі үшін
оларды дайындау барысында барлық алдын алу есте ұстау керек.
Демонстрацияның сәтсіздігі тәжірибенің өзіне деген сенімзсіздікті туғызады
және мұғалімнің беделін түсіруі мүмкін.
5. Қағида бойынша демонстрация сапалық сипатқа ие болуы керек.
Қарама-қайшы пікірлердің болуына байланысты, бұл сұрақ анағұрлым
толығырақ қарастырылады. Неғұрлым дәлірек болса, соғұрлым жақсырақ деген
ой тараған. Шындығында, үнемі былай емес, неғұрлым дәлдік жоғарылаған
сайын, соғұрлым қиындау және оған жету күрделі. Мақсатқа лайықты
әдістемелік мектеп химиялық экспериментінде басты рөл атқаратынына белгілі
[35]. Бұл сұрақты шешудегі негізгі болатын мақсатқа лайықтылық белгісі.
Әдетте, демонстрациялық жабдықтардың бағасына пропорционал белгісі
демонстрациялық эксперименттің де дәлдігі артады. Алдын –ала зерттеулердің
нәтижесінде жаңа оқу құралдарын өндіріске ендіру жүзеге асырылады.
Экономикалық көзқарас тұрғысынан басымдылықты ең тиімді
демонстрациялық тәсілге беру керек. Ең бастысы, дәл сандық өлшеулер
зертханалық экспериментте орын алуы керек.
Дәл сандық нәтижелерді алу үшін күрделі және қымбат демонстрациялық
техника қажеттігін ескере, көпшілік жағдайда берілген құбылыстардағы
жоғары дәлдіктігі сандық өлшеулерден бас тартуға да болады. Бұл тәжірибені
күрделі емес және жылдам жүргізу, қолайлылық, қарапайымдылық және
жылдам жүргізу, қолайлылық, қарапайымдылық және қаржыландыру
24


ықыластарына байланысты жасалынады. Оқу экспериментінің негізгі мақсаты
берілген құбылысты бақылау екендігі есте болуы қажет. Оқушылар химиялық
құралдармен жұмыс істеуге және химиялық зерттеулерге қажетті ебдейліктер
мен дағдыларды алып, оның химиялық мағынасына жете ұғынулары тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет