Қазақстан өңірлерінің рейтингі
қорытындылары туралы
АНЫҚТАМА
Жыл сайын ҚР Президентінің Әкімшілігі Астана, Алматы және облыстардың өңірлерді әлеуметтік - экономикалық дамытудың негізгі көрсеткіштері бойынша рейтингін жүргізуде. Рейтинг жыл қорытындысы бойынша ресми статистикалық мәліметтер негізінде құрылады. Оның нәтижелері әрбір өңірдің қуатты тараптарын көрнекті түрде көрсетуге, сондай-ақ оларды дамытудың осал тұстарын өзге әкімшілік - аумақтық бірлікке қатысты түрде дамытуға мүмкіндік береді.
2011 жылы өткізілген рейтинг қорытындысы бойынша даму деңгейі бойынша Астана 1 орынға ие болды және қатарынан екінші жылы өзінің «дамуы жоғары деңгейдегі қала» мәртебесін анықтады. Одан кейін Атырау облысы, Алматы қаласы, Маңғыстау облысы және өзге өңірлер ие.
Рейтинг нәтижелерінің талдамасы барысында Астана экономикалық, сондай-ақ дамытудың әлеуметтік көрсеткіштері бойынша жоғары нәтижелерді көрсетеді.
Әлеуметтік көрсеткіштер бойынша келесі түрде: Астанада ең төменгі күнкөріс минимумынан төмен кіріспен халықтың ең төменгі үлесі, үй шаруашылығының персональды компьютермен жоғары деңгейде қамтамасыз ету, өлімнің ең төменгі коэффициенті және бала өлімінің ең төменгі деңгейі, ұзақ өмір сүру деңгейінің жоғарылылығы, бір дәрігерге ең төменгі жүктеме, жастарды техникалық және кәсіби білім берумен қамтудың жоғары үлесі, апатты мектептерде және үш ауысымдық мектептерде оқитын балалардың ең төменгі үлесі.
Бұл елордада өмір сүру, оқыту, халықты әлеуметтік қорғау үшін ең қолайлы жағдайлардың жасалғандығын көрсетеді.
Сонымен қатар, экономикалық дамыту бойынша қала маңызды жетістіктерге ие - өңірлер арасында аса күшті көрсеткіштерге 1000 адамға шаққанда тұрғын үй беру көрсеткіштері, адам басына шаққанда көлікті жалпы шығару көрсеткіштері ие. Сондай-ақ, шағын және орта кәсіпкерлік саласында, адам басына шаққандағы салықтық түсімдердің, құрылыс жұмыстарының, бөлшек сауда айналымының, байланыс қызметінің, қауіпсіз ауыз суымен қамтамасыз етілген халықтың үлесінің, экология көрсеткіштері жатады.
Сөйтіп, әкімдіктің елорданың орнықты дамуының басымдықтары және мақсаттарын жүзеге асыру бойынша қабылдаған шаралары экономика дамуында елеулі нәтижелер және қарқынға жетуге мүмкіндік берді. 2011 жыл бойынша қаланың жалпы өңірлік өнімінің көлемі, өткен жылға қарағанда 11,9% өсіммен 2 трлн. 298 млрд. теңгені құрады (ел бойынша 4-орын).
Өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі, физикалық көлем индексі 121,4%-бен 164 млрд. теңгеге жетті. Орта және шағын кәсіпкерлік субъектілері 887 млрд. теңгеге өнім өндірді және қызмет көрсетті, бұл 2010 жыл деңгейінен 4,3%-ға жоғары. Инвестиция саласында 2011 жылы қаланың негізгі капиталына 35,7%-ға өсумен, 570 млрд. теңге қаржы салынды, құрылыс нысандарына 355 млрд. теңге тартылды (ФКИ - 110,2%), оның ішінде тұрғын үй құрылысына 75 млрд. теңге қаржы салынды (ФКИ - 108,4%).
Дәл осындай өсу тенденциясы ағымдағы жылдың 5 айында сақталуда – негізгі капиталға инвестиция көлемі 197,7 млрд. теңгені құрады (ҚР бойынша 2-орын), ФКИ - 150,7%. Тұрғын үй құрылысы саласында Қазақстан бойынша 2012 жылдың қаңтар-мамырында іске қосылған тұрғын үйдің 20%-ы Астанаға тиесілі. Іске қосылған тұрғын үй көлемі 473 393 кв. метрді құрады (ҚР бойынша 1-орын) және өткен жылдың көрсеткішіне қарағанда 0,1%-ға өсті.
Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері 2012 жылдың 5 айында 300,9 млрд. теңге сомасына өнім шығарды (2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға өскен). Шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің саны ағымдағы жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 50 041 бірлікті құрады және 32,9%-ға ұлғайды. Жұмыспен қамтылғандар саны 9,2%-ға өсумен - 169,7 мың адам.
Астана қаласы бөлшек тауарайналымы көлемі бойынша Қазақстанда 3-орынды иеленді (Алматы қаласы және Қарағанды облысынан кейін), 2012 жылдың қаңтар-ақпанында оның көлемі 158 518,9 млн. теңгені құрады және 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда салыстырмалы бағада 15,2%-ға ұлғайды.
Орташа айлық жалақы 2012 жылдың қаңтар-сәуірінде 135 342 теңгені құрады, 2011 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 17,9%-ға ұлғайды.
Достарыңызбен бөлісу: |