Оңтүстік Қазақстан облысының 2015 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы



Дата29.02.2016
өлшемі72 Kb.


Оңтүстік Қазақстан облысының

2015 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы
Өнеркәсіп. 2015 жылдың қаңтар-мамырында 237,2 млрд.теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2014 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне – 103,1% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 27,1% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі – 41,3% артып, 64,2 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 60,8%) өнімінің нақты көлем индексі – 93,4%, немесе өнім көлемі 144,3 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 24,7 млрд. теңгені, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіне 80,8% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және тара-тылуын бақылауда 4,1 млрд. теңгенің өнімі өндірілді, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 111,6% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта иірімжібі – 2 есеге артық (4,1 мың тонна), цемент – 100,7% (655,9 мың тонна) құрады. Сонымен қатар, ұн өндіру – 10% (өндірілгені 303,6 мың тонна), бензин – 33% (293,7 мың тонна), газойли – 29% (358,9 мың тонна), мақта маталары – 4,5% (8,1 млн. шаршы метр) кеміген.



Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 74,3 млрд. теңгені немесе нақты көлем индексі 104,2% құрады. Оның ішінде, мал шаруашылығында – 64,7 млрд. теңгеге (104,7%), егін шаруашылығында - 9,5 млрд. теңгеге (100,0%) өнім өндірілді.

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 81,8 мың тонна ет (тірідей салмақта), 281,4 мың тонна сүт, 118,2 млн. дана жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 106,2%, 101,7% және 112,0% құрады.

2015 жылдың 1 маусымына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 1018,7 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 98,1%, қой – 4494,2 мың бас, немесе 103,3%, ешкі – 412,6 мың бас, немесе 95,2%, жылқы – 246,9 мың бас, немесе 106,5%, түйе – 25 мың бас, немесе 109,3%, шошқа – 27,1 мың бас, немесе 99,3%, құс саны – 2241,5 мың бас, немесе 95,9% құрады.

Көлік және байланыс. 2015 жылдың қаңтар-мамырында темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 52,2 млн. тонна жүк және 937,4 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне тиісінше, 105,6% және 103,1% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 4,4%-ға артты, жолаушылар тасымалдау – 2,7%-ға кеміп, тиісінше, 355 тонна жүк және 344 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 4439 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, бұл 2014 жылмен салыстырғанда 7,1% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 63,3%-ды құрады.

Жалпы табыс көлемінде басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 28%, халықаралық және қалааралық телефон байланысына – 7,3%, интернет – 42,1%.



Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2015 жылғы 1 мамырға 184,6 мың бірлікті немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 98,3% құрады.

Инвестиция саласы. 2015 жылдың қаңтар-мамырында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі бағалау есебімен 91,2 млрд. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 87,6% құрады.

Негізгі инвестициялық салымдарды шағын кәсіпорындар жүзеге асырған, олардың көлемі 61,5 млрд. теңгені құрады және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,4% артты.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 35,9%, немесе 32,7 млрд. теңгені, меншікті қаражаттар – 45,9%, немесе 41,8 млрд.теңгені, қарыз қаражаты – 18,2%, немесе 23,3 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым бөлігі өнеркәсіп, бiлiм беру, инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлесі, тиісінше 34,6% және 17,9% құрады.



Тұрғын үй құрылысын дамыту. 2015 жылдың қаңтар-мамырында тұрғын үй құрылысына 7551,3 млн. теңге инвестиция бағытталған, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 96,1% құрады.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 121,6 мың шаршы метрді құрады, және өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда немесе 80,4% құрады.



Сыртқы сауда. 2015 жылғы қаңтар-сәуірде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1010,8 млн. АҚШ долларын немесе 2014 жылғы қаңтар-сәуір деңгейіне 87,7% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше – 517,4 млн. АҚШ доллары немесе 74,2%, импорт – 493,4 млн. АҚШ доллары немесе 108,4% құрады.

Экспорт Кеден одағы елдерімен 117,1 млн. АҚШ долларын (немесе 181,8%), импорт – 106,9 млн. АҚШ долларын (немесе 99,3%) құрады.



Салықтық-бюджеттік сала. 2015 жылдың 1 маусымына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдердің көлемі 84,9 млрд. теңгені, немесе жоспарға –116,9%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 101,0% құрады.

Республикалық бюджет 45,7 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 53,8%), немесе, жоспарға – 112,1%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 86,4% құрады.

Жергілікті бюджетке 39,2 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 123,1% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 125,8% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2015 жылғы 1 мамырға екінші деңгейлі банктермен 63,5 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13,5% кеміді, оның ішінде ипотекалық несиелендіруге 1 284 млн. теңге несие берілді, немесе 35,3% кеміді.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 8,9 млрд.теңгені құрап, 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 66,3% құрады.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 60,4%, өнеркәсіп – 19,3%, сауда – 13,3%, ауыл шаруашылығы – 0,3%, құрылыс – 4,2%, көлік салаларына – 2,5% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымының көлемі 131,3 млрд. теңгені, немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 20,9% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (59,4%) шетел валютасында.



Бағалар. 2015 жылдың мамырында облыста тұтыну бағаларының индексі 2014 жылдың желтоқсанына 101,2% құрады. Азық-түлік тауарлары – 1,1%-ға, азық-түлік емес тауарлары – 0,2%-ға, ақылы қызметтер – 2,3%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарлары нарығында картопқа 3,2%, тоқаш жəне ұннан дайындалатын кондитер өнімдеріне – 2,9%, қант пен кондитер өнімдеріне – 1,9%, қара бидай жəне қара бидай-нанына – 1,7% өсім байқалды.

Азық-түлік емес тауарларынан скутер мен мопедтер бағасы 11%, бензин – 8,1%, қол сағаттары – 5,3%, туризм жəне спортқа арналған жабдықтар – 1,1%, жеке күтімге арналған тауарлар – 0,8%, киім мен аяқ киім, тұрмыстық тоқыма өнімдері мен бұйымдары – 0,5%-дан, медикаменттер, емдеу жабдықтары мен аппаратурасы – 0,4% өсті.

Ақылы қызмет көрсету саласында Түркияға жол жүру бағасы 11,1%, шипажайлар – 2,4%, əуе көлігі – 1% көтерілсе, теміржол көлігіне баға 3,6% төмендеді.

.Халықты әлеуметтік қорғау. Ағымдағы жылдың 1 маусымына аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 1642 адамды немесе облыс халқының 0,1% құрады.

2102 азаматқа атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2147 адамға кем.

18 жасқа дейінгі 298,3 мың балаға жәрдемақы төленді, немесе 44,4мың балаға артты.

Тұрғын үй көмегі 5442 отбасыға көрсетілді, немесе 1908 отбасыға артты.



Демография. 2015 жылдың 1 мамырына облыс халқының саны 2 803,7 мың адамды құрады (2014 жылдың 1 мамырына – 2752,5 мың адам), оның 1 256,5 мыңы қала халқы (44,8%), 1 547,2 мыңы – ауыл халқы (55,2%).

Жұмыспен қамту. 2015 жылдың I тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1265,8 мың адамды, жұмыссыздар саны – 66,8 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі - 5,3% құрады.

Ағымдағы жылғы 1 маусымға жұмысқа орналастыруға өтініш білдірген 22230 жұмыссыздың – 12206-і, немесе 54,9% жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа орналастырылды. 7559 жаңа жұмыс орны, оның ішінде 6261 тұрақты жұмыс орны ашылды.



Халықтың табысы. 2014 жылдың желтоқсанында облыс халқының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 41486 теңгені құрап, 2013 жылдың желтоқсанымен салыстырғанда 9,1%-ға артты. Нақты ақшалай табысының индексі 101,4% құрады.

Денсаулық сақтау. 25 нысанның құрылысы мен қайта құру жұмыстарына бюджеттен 2,7 млрд. теңге бөлінді.

2015 жылы облыстық бюджеттен 17 денсаулық сақтау нысанының жөндеу жұмыстарына 1138,6 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында, жергілікті бюджеттен – 1195,8 млн. теңге қарастырылған.

Сала желісі 861 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 103 – аурухана, 242 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 229 – медициналық пункт, 270 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 17– басқалар.



Білім беру. Облыста 156,8 мың тәрбиеленушісі бар 1451 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 897-ы балабақша, 554-і шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 45,3%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 77,4% құрады.

2014-2015 оқу жылында жалпы білім беру мектептері мен мектеп-интернаттарының саны – 1041 (о.і. 12 коррекциялық мектеп), ондағы оқушылар саны – 562,6 мың адамды, оның ішінде жекеменшік мектептер саны – 7, ондағы оқушылар саны – 2,0 мыңды құрады.

Жалпы орта білім беретін 1022 мектептің ішінен байланыс жүйелеріне – 1017 қосылған, интернет жүйелеріне - 1016 қосылған. Мектептер 36,0 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 16 оқушыдан келеді (2014 жылы - 11 оқушы).

262 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 592 мектепке 1390 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 97 колледж (оның ішінде 42 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 77,1 мың оқушыны (мемлекеттік – 40,6 мың оқушы) құрады.



Облыста жоғары білікті мамандар даярлаумен 11 жоғарғы оқу орны (оның ішінде 3 – мемлекеттік) айналысады. Оларда 74,6 мың студенттер, оның ішінде 21,8 мың студент – мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында оқиды.

Мәдениет. Облыста 756 мәдениет және өнер мекемелері қызмет етеді. Оның ішінде: 428 - кiтапхана, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 268 – клубтық мекеме, 8 – театр, 12 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5023 – спорт ғимараттары, оның ішінде 22 – стадион, 3656 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізеді. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 568,4 мың адамды немесе облыс халқының 20,4% құрады.



Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
pages -> Оңтүстік Қазақстан облысының 2014 – 2018 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы Кіріспе
pages -> 2. Мақсаттарға жету және іс-шараларды орындау
pages -> 2015 жылдың 9 айға су көлігі қызметіне талдау Теңіз көлігі
pages -> Бағдарламасы Бағдарламаның паспорты Атауы
pages -> Бәйдібек ауданының 2015-2017 жылдарға арналған Азаматтық бюджеті
pages -> Облыстың 2013-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері
pages -> «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы жобасына анықтама-негіздеме
pages -> Қаулы жобасына ТҮсіндірме жазба
pages -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет