Алматы қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «__» қазандағы №___ қаулысымен
бекітілді
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
-
Жалпы ережелер
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Алматы қаласының аумағында құрылыс саласында басшылықты жасауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Алматы қаласы әкімдігінің қаулыларына, Алматы қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысандағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрлері мен мөр таңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да актілермен және Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер және өкімдер қабылдайды.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы және штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
-
Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық атауы:
мемлекеттік тілде: «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: коммунальное государственное учреждение «Управление строительства города Алматы».
-
Осы Ереже «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
13. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 18 бабы 5) тармақшасына сәйкес анықталған – Алматы қаласының аумағында құрылыс қызметі саласындағы үйлестіруді жүзеге асыру және мемлекеттік саясатты іске асыру.
14. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің міндеттері Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңының 12 бабына сәйкес анықталған:
1) тұрғын үй құрылысын несиелеу және қаржыландыру схемасын ұйымдастыруға қатысу;
2) құрылыс саласына инвестициялар тарту және тұрғын үй нарығын дамыту үшін жағдайларды жақсартуға қатысу;
3) әлеуметтік, инженерлік объектілермен және көлік инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ете отырып, қалалық аумақтың және шағынаудандардың ұтымды тұрғын үй құрылысы;
4) құрылыс өнімдерін тұтынушылардың құқықтарын қорғауға қатысу және объектілердің құрылысының және пайдаланудың сенімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
5) отандық жобалау және құрылыс өнімдерінің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыратын жағдайлар қалыптастыру, жаңа құрылыста инвестициялардың тиімді пайдаланылуы.
15. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің функциялары 2001 жылғы 23 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздан бастап «Мемлекеттік мүлік туралы» және 2001 жылғы 16 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасындағы саулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңдарына сәйкес анықталған:
1) құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің іс-қимыл бағдарламаларын әзірлеу және олардың іске асырылу барысын бақылау;
2) инженерлік ізденістер, жобалау, құрылыс, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, объектілерді, кешендерді және инженерлік инфрақұрылымды күрделі жөндеу және көріктендіру;
3) мемлекеттік тұрғын үй саясатын, сондай-ақ өз құзыретінің шеңберінде тұрғын үй құрылысы бағдарламаларын іске асыру барысына қатысу;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерді жобалау және салу, Қазақстан Республикасының үкіметтік кепілдігіне берілетін сыртқы қарыздарына және басқа да көздерге мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді ұйымдастыру;
5) инвестициялық бағдарламаларды және жобаларды, сондай-ақ Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі жылдық жоспарларды әзірлеуге қатысу;
6) өз құзыретінің шегінде құрылыс саласындағы инвестициялық бағдарламаларды орындау бойынша құрылыс ұйымдарының және басқа да мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
7) өз құзыретінің шегінде құрылыс индустриясының құрылыс ұйымдары мен кәсіпорындарының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
8) аумақтарды қала құрылыстық игеру, мемлекеттік бюджет қаражаттары есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысы, қайта жаңарту, қалпына келтіру, жаңғырту, күрделі жөндеу және көріктендіру кезінде техникалық қадағалау және тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыру;
9) құрылыс саласындағы әлеуметтік, экономикалық және техникалық саясатты әзірлеу мақсатында қоғамдық бірлестіктермен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықта болу;
10) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
11) гендерлік саясатты іске асыру жөніндегі мәселелерді қарастыруға қатысу;
12) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді қарау, келісу және бекіту;
13) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларының орындалуын талдау және бақылауды жүзеге асыру;
14) оған оралымды басқаруға берілген коммуналдық мүлікке иелік ету және пайдалану (басқарусыз) құқығын жүзеге асыру;
15) гендерлік аспектілерді қарау;
16) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру;
16. Жүктелген міндеттерге сәйкес және өз құзыретінің шегінде «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құқылы:
1) қала аумағында құрылыс саласындағы Алматы қаласы әкімдігінің қаулылары жобаларын және басқа да актілерді қарастыруға енгізуге;
2) белгіленген тәртіпте шартты негізде өндіріс, ғылыми-зерттеу және жобалау-құрылымдық ұйымдардың басқа да салалар мамандарын сарапшылар ретінде тартуға;
3) құрылыс саласының мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік, ғылыми-техникалық, сараптау және басқа да құрылыс құруға;
4) Басқарманың құзыреті шеңберінде кәсіпорындардың және басқа да ұйымдардың қызметіне талдау жүргізуге, олардың қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеуге және енгізуге;
5) жүктелген функцияларды орындау мақсатында заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасауға;
6) белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелерден, заңды және жеке тұлғалардан ақпарат сұрауға;
7) белгіленген тәртіпте азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін, ұсыныстарын, шағымдарын қарауға қатысуға;
8) өз құзыретінің шегінде қала әкімдігінің мүдделерін соттарды, өзге де мемлекеттік билік органдарында білдіруге;
9) өзіне берілген мүлікті басқаруды жүзеге асыруға;
10) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен берілген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асыруға құқығы бар.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру
17. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
18. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Алматы қаласы әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
19. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының заңнамамен белгіленген тәртіпте қызметке тағайындалатын және қызметінен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмысына басшылық жасайды және ұйымдастырады;
2) Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім бастықтарының және өз орынбасарларының міндеттері мен өкілеттігін анықтайды;
3) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыққа қарсы іс-қимылдарға бағытталған шараларды қабылдайды және осы шараларды қабылдағаны үшін жеке жауапкершілікте болады;
4) заңнамаға сәйкес «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметінен босатады;
5) заңнамамен белгіленген тәртіпте Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін мадақтайды, тәртіптік жаза жүктейді;
6) өз өкілеттігінің шегінде бұйрықтар шығарады;
7) «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымын және «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережені бекітеді;
8) «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда білдіреді;
9) заңнамаға сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін анықтайды.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің заңнамамен көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамамен өзгеше көзделмесе, «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
-
«Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру
25. «Алматы қаласы Құрылыс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |