Сәбит Мұқанов қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Жамбыл ауданындағы Жаманшұбар деген жерде кедей отбасында 13-сәуір (26- сәуір) 1900 жылы туған. Сәбиттің жеті жасқа келгенде әкесі,сегіз жасқа келгенде анасы көз жұмады. Ол жастайынан әке-шеше қамқорын көре алмағандықтан және жетім қалгандықтан ағасы Мұстафаның қолында қалады. Жетімдіктің ауыр қасіретін тартқан Сәбит он жасынан бастап өз бетінше еңбек ете бастайды.
Ерте есейген жас Сәбит.
Сәбит жастайынан Абай Құнанбаевтың шығармаларына қызығып,ізденіп,Абайдай атақты,ұлы ақын болуды армандаған болатын.
Ол 1918жылдың күзінде Омбы қаласындағы мұғалімдер курсна түсіп,онда бір жыл оқиды. Осы жылдары ”Көңілім’’(1917),”Зарығу”(1918),”Жоқшылыққа”(1918) өлеңдерін жазады. Білім ала жүріп,М.Жұмабаевқа хатшылық етті,оның педагогика тарихы курснан оқыған лекцияларын қагазға түсірді. Өзіде алғашқы өлеңдерін Мағжанға оқып беріп,ақындық өнерін шыңдады.
1920 жылы Бүкілодақтық Коммунист партиясына мүшелікке өтіп,1921-1922жылдары Петропавл қалалық партия комитетінде істейді.1922-1924 жылдары Оренбургтегі рабфакта оқып,орыс әдебиеті классиктерінің шығармаларымен танысады.
Сәбит Мұқановтың осы өлеңдері мен поэмалары – қазақ совет поэзиясында Маяковский дәстүрін кеңейте түскен және сол дәуірдегі әдебиетіміздің көркемдік амал-құралдарын молайта түскен шығармалар.
Еңбектері
1917 жылғы Қазан төңкерісін қазақ халқына келген теңдік‚ бостандық деп танып‚ әдебиетке кедейдің жырын жырлай келгендер ішінде коммунистік идеяға берілгендігімен ерекше көзге түскен Сәбит Мұқанұлы тек көркем шығарма жазумен ғана айналыспай, 1920-30 жылдары әдебиеттегі идеялық күреске белсене араласып‚ сын мен әдебиеттану саласында да қалам тартты.
Жазушы қаламынан туған әдеби мұра сан жанрлы, мол көлемді, идеялық-эстетик. мәні жоғары да бағалы. Оның артында қисапсыз мол мұра - 80 мың жолға жуық лирикалық өлең, жиырмаға тарта поэма, бірнеше повесть пен роман, көптеген әңгіме, очерктер, оннан астам пьеса, жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар, қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын талдайтын монографиялар мен қазақ мәдениетінің тарихы және этнографиясы туралы зерттеу еңбектер‚ т.б. сан-салалы кітаптар қалды