Газет бетінде қазақ билері, батырлары туралы тұщымды мақала, тарихи-танымдық очерктер жарияланып тұрды



Дата25.02.2016
өлшемі26.5 Kb.
#24248

Газет бетінде қазақ билері, батырлары туралы тұщымды мақала, тарихи-танымдық очерктер жарияланып тұрды


Дәл осы үрдіс әрі қарай жалғасып, газет бетінде қазақ билері, батырлары туралы тұщымды мақала, тарихи-танымдық очерктер жарияланып тұрды. Мәселен басылымда Сыпатай батырдың туғанына 210 жыл толуына орай, Сыпатай Әлібекұлының суреті басылып, батырға арналған астан Қайырбек Асановтың «Бірлік пен береке бейнесі» атты репортажы жарияланды. Сондай-ақ Қаракерей Қабанбай батырдың туғанына 300 жыл толуына орай, баба суреті басылып, Қайым Мұхамедхановтың «Қаракерей Қабанбай батыр», Болатжан Абылқасымовтың «Хан батыры Қабанбай» атты көлемді тарихи-танымдық очерктері жарық көрді. Тағы бірде Бөгенбай батырға арналған мақала жарияланып, Ақмолада өткен конференциядан редакциялық есеп басылды. Осының бәрі – егемендік жылдарындағы қазақ публицистикасының «өшкенімізді жандырып, өлгенімізді тірілтіп», жаңа тарихымызды жасауға қызмет еткендігінің көрінісі.

«Қазақ әдебиеті» газетінің «Егемендік: аты мен заты» айдары бойынша да айтар ойы құнды ұсыныстарға толы мақалалар жиі жарияланды. Соның бірі А.Қайырбаевтың «Өсер халықтың арманы көп» атты шығармасы. Автор бейтаныс болғанмен, материал мазмұны оқырманды жақсы ойға жетелейді, көпшілікті бірлік, татулық, ынтымаққа шақырады. Ел Әнұранында «Біз қазақ ежелден еркіндік аңсаған» деген қанатты жолдардың қалуына пікір қосады. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасында Мәскеуден таңылған «Қазақ ұлтшылдығы» деген тіркесті қаулыдан алып тастауды ұсынады. Жалпы желтоқсан оқиғасы ол кезде әлі өзінің тарихи бағасын алмаған болатын. Одақ тағайындаған басшы Г.Колбиннің тікелей ұйымдастыруымен 1987 жылы екі бірдей конференция өткізілді. Онда желтоқсан оқиғасы қазақтардың өз аузымен қараланды, оған қатысушы жастар басбұзарлар, ұлтшыл-экстремистер ретінде жалған айыпталды. Бір қызығы ұлтшылдықты қаралай отырып, кейбір коммунист-үгітшілер құнды деректер келтірді», - дейді сол конференциялардың куәгері, профессор Ғ. Есім. «Очевиден, конечно, факт, что события 17-18 декабря в Алмате придали силу антисоветчикам, вселили в них уверенность. Так, автор книги «Интеллигенция в развитие национализма в Казахстане» Марта Б. Олкотт в статье Лондонской «Таймс» писала уже 20 декабря: «Смещение Кунаева с поста первого секретаря было лишь предлогом для студенческих волнений, а главной причиной был рост национального самосознания и засилье Москвы».



«Қазақтар» атты кітап жазып, ұлтымыздың аты мен ісін ұлықтаған М.Б.Олкотт ханым мәселеге оң баға берген болатын. Кейіннен, 1996 жылы Ұлттық ғылым академиясында желтоқсан оқиғасының 10 жылдығына арналған ғылыми конференция өткізіліп, мемлекет қайраткері Ә.Кекілбаев баяндамасында – Алматыда 1986 жылы өткен оқиғаларға «Желтоқсан көтерілісі» деген тарихи ат тағылды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет