Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


-параграф. Жеке құрамның психологиялық дайындығы



бет12/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26
заңнамалық акт

6-параграф. Жеке құрамның психологиялық дайындығы



  1. Психологиялық даярлық әскери қызметшілер мен әскери ұжымдардың жоғары психикалық және дене жүктеулеріне психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

  2. Жеке құрамның психологиялық даярлығы жалпы, арнайы және мақсатты болып бөлінеді. Ол командирлермен (бастықтармен) жауынгерлік даярлық жоспарын орындау жөніндегі бірыңғай іс-шаралар кешенінде және психологиялық жұмыс мамандарының ұсыныстарын ескерумен әскерлердің (күштердің) күнделікті тіршілік әрекеті барысында ұйымдастырылады және жүргізіледі.

  3. Жеке құрамның жалпы психологиялық даярлығы әскерлердің (күштердің) даярлығы үдерісінде командирлермен ұйымдастырылады және жүргізіледі және жеке құрамның қазіргі заманғы ұрыс жағдайында іс-қимыл жасауда психологиялық әзірлігін, сондай-ақ психологиялық тұрғыда зақымдау факторларының әрекетіне психологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.

  4. Әскери бөлімдерде (мекемелерде) жеке құрамның арнайы психологиялық даярлығы жауынгерлік даярлық жүйесінде психологиялық жұмыс мамандарымен өзара іс-қимыл жасауда командирлермен (бастықтармен) ұйымдастырылады. Ол ҚР ҚК әскер түрлері мен тектері әскери қызметшілерінің орындайтын міндеттерінің қызмет ерекшеліктері мен өзгешілігін ескере отырып, оқу-жауынгерлік міндеттерінің нақты түрлеріне жеке құрамның психологиялық әзірлігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

  5. Жеке құрамның мақсатты психологиялық даярлығы оқу-жауынгерлік (жауынгерлік) іс-қимылдары басталмас бұрын жүргізіледі, нақты оқу-жауынгерлік міндетті орындауда психологиялық әзірлігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді.



7-параграф. Жеке құрамға психологиялық көмек


  1. Психологиялық көмек жеке құрамның бұзылған функционалдық психикасы жай-күйін сақтау және қалпына келтіру мақсатында көрсетіледі.

  2. Жеке құрамға психологиялық көмекті көрсету барысында мынадай міндеттер шешіледі:

  1. дағдарыстық психологиялық жай-күйелерінің рұқсат етілуі;

  2. жағдайдың түрлі шарттарында міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігінің қажетті деңгейін ұстау және қалпына келтіру;

  3. әскери қызмет шарттарына олардың бейімделуі кезеңінде жеке құрамның психологиялық тұрғыда қолдау;

  4. қызмет ісі үдерісінде психикалық жарақаттарды басынан өткерген жеке құрамды психологиялық оңалту.

  1. Психологиялық көмек жеке құрамды қабылдау уақытында психологиялық жұмыс мамандарымен көрсетіледі. Қабылдау психологиялық жеңілдеу бөлмесінің жұмыс кетесіне сәйкес жүзеге асырылады, ол командирмен (бастықпен) бекітіледі және әскери бөлімнің, мекеменің барлық жеке құрамына жеткізіледі.

  2. Психологиялық жұмыс мамандары осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша «Психологиялық көмекке жүгінген адамдарды есепке алу журналын» жүргізеді.

  3. Психолологиялық көмекке мыналар жатады:

  1. психологиялық кеңес беру – кеңес алушы өзіне пайдалы шешімді қабылдай алатын жағдайларды жасауға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметі.

Психологиялық кеңес беру жеке және топтық психотерапия қабылдауларын пайдаланумен жеке, сондай-ақ топтық әдіспен жүргізіледі;

  1. психологиялық түзеу жұмысы, ол белгілі критерийлер бойынша қызмет ісінің нақты жағдайларында қабылданған моделіне сәйкес келмейтін психикалық дамудың ерекшеліктерін түзетуге бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметін ұсынады.

Психологикалық түзеуді ауытқулар мен бұзушылықтар психикалық сырқаттанудың немесе бас миы ағзасы әлсіреуінің салдары болып табылмайтын жағдайларда жүргізуге болады;

  1. адамдардың сезімтал жай-күйін, писхикалық денсаулығын және оқу-жауынгерлік қызметі үдерісінде психологиялық жарақаттарды басынан өткерген еңбекке қабілеттігін қалпына келтіруге бағытталған психологиялық іс-шаралар кешенін ұсынатын психологиялық оңалту;

  2. тренингке қатысушылардың әскери ортаның түрлі жағдайларында үйлесімді және тұрақты жұмыс істеуіне септігін тигізетін білімдер мен тәжірибелік дағдыларды қалыптастыруға бағытталған психологиялық жұмыс мамандарының қызметін ұсынатын тренинг жұмысы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет