ҚР ҚК-де психологиялық жұмыс жеке құрамның белгіленуі бойынша міндеттерді орындауға психологиялық әзірлігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады және жүргізіледі.
ҚР ҚК-де психологиялық жұмыстың негізгі бағыттары:
жеке құрам жеке ерекшеліктерінің психодиагностикасы;
жеке құрамды психологиялық білім беру.
Психологиялық жұмыс ұйымдастырушылық, тәрбие қызметінің және әскери қызметшілерді оқып үйрету шеңберінде барлық лауазымды адамдармен іске асырылады.
ҚР ҚК-де психологиялық жұмыстың жалпы басшылығы ҚР ҚК Бас штабының құрылымдық бөлімшесімен жүзеге асырылады.
Психологиялық жұмыс міндеттерін шешуде ҚР ҚК Бас штабының бастығы бекіткен психологиялық әдістер мен құралдар пайдаланылады.
Психологиялық жұмыс мамандарына жүктемені бөлу осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес кәсіби қызметтің әр түрлерінің ұзақтығына қойылатын талаптарға сүйене отырып белгіленеді.
Командирлерге (бастықтарға) ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу, ұйымдастырушылық және тәрбие іс-шараларын жүргізу мүдделерінде оларға әскери қызметшілер туралы қажетті деректерді беру кезінде психологиялық жұмыс мамандары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес ҚР ҚК психологы кәсіби қызметінің әдеп нормаларын сақтайды.
Психологиялық жұмыс нәтижелері туралы жеткізілім ай сайын осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес үлгі бойынша бағыныстылық тәртібінде ұсынылады.
Психологиялық жұмыстың жай-күйі туралы апталық есеп психологиялық жұмыс мамандарының бағыныстылық тәртібінде әр дүйсенбіде ауызша баяндалады.
Істерге (папкаларға, журналдарға) қалыптастырылған жеке құрамды зерделеу материалдары қызметтік құжаттаманы сақтауға қойылатын талаптарға сәйкес сақталады.