Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы


-параграф. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын алдын алу жөніндегі психологиялық жұмыс



бет11/26
Дата23.10.2023
өлшемі185.81 Kb.
#481444
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26
заңнамалық акт

5-параграф. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын алдын алу жөніндегі психологиялық жұмыс



  1. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын алдын алу жөніндегі психологиялық жұмыс әскери басқару органдарының барлық басшыларымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.

  2. Өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын алдын алуға:

  1. өзіне-өзі қол жұмсау тәуекелінің жоғары деңгейі бар әскери қызметшілерді уақтылы айқындаумен;

  2. бөлімшелер мен ұжымдарда қақтығыс жағдайларын уақтылы айқындаумен;

  3. жеке, отбасы және тұрмыстық мәселелерін шешу кезінде психологиялық жұмыс мамандарының (және басқа да мамандардың) консультациялық көмекті көрсетумен;

  4. жауынгерлік кезекшілік, қарауыл және ішкі қызмет уақытында қызметті атқаруға әскери қызметшілерді сұрыптау мен дайындауды қатаң бақылауын белгілеумен;

  5. бөлімшелерде моральдық-психологиялық климатты зерделеумен және жедел шараларды қабылдай отырып, ұжымда теріс үдерістерді айқындаумен;

  6. ҚР ҚК Бас штабының бастығы айқындайтын тәртіпте «Жауынгерлік дос» өзара жұптас бақылау жүйесін ұйымдастырумен және жүргізумен;

  7. келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің өмір сүру жағдайларын талдаумен және мониторингілеумен;

  8. отбасы мүшелерінің, туыстарының әскери қызметшінің қызметіне қатынастарын анықтау, отбасылық-тұрмыстық мәселелерді, өмір сүру жағдайлары мен отбасындағы мүмкін болатын дауларды айқындау мақсатында келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің отбасыларына мерзімді барумен;

  9. әскери қызметшілерге түсіндірумен өзіне-өзі қол жұмсауды жасаған жағдайда отбасы мүшелеріне келетін теріс азаматтық-құқықтық салдарлары туралы;

  10. келісімшарт бойынша әскери қызметшілерге банк кредиттерін қайтару шарттарын және отбасылық бюджетті ұтымды бөлу қажеттігін түсіндірумен қол жетеді.

  1. Өзіне-өзі қол жұмсау қылықтарына бейім адамдарды айқындау үшін психологиялық жұмыс мамандары командирлердің және олардың орынбасарларының әскери қызметшілерді психодиагностикалық тексеруі, зерделеуінің мәліметтерін, қызметтестерімен әңгімелесу, ата-аналарымен хат алмасу (сөйлесу) уақытында алынған деректерді пайдаланады.

  2. Психологиялық жұмыс мамандары бөлімшедегі (отбасыдағы, ұжымдағы) психологиялық жағдайдың талдауын жүргізеді, өзіне қол жұмсауға септігін тигізетін жағдайлардың болуын және қаупін бағалайды. Жағдайды жан-жақты бағалауды жүргізгеннен кейін психологиялық жұмыс мамандары өзіне-өзі қол жұмсау туындауы тәуекелінің дәрежесін, өзіне-өзі қол жұмсау оқиғаларын ескертуге бағытталған әскери қызметшілерге психологиялық (тәрбие, ұйымдық) әсерінің тәсілдері мен үлгілерін анықтайды.

  3. Өзіне-өзі қол жұмсау белгілері бар әскери қызметші айқындалған кезде осы әскери қызметші медициналық (психиатрлық) тексеру үшін ҚР ҚК медициналық мекемелеріне бөлімшеден оқшауланады.

  4. Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетін жасаған әскери қызметшілер медициналық мекемелерге келгеннен кейін психологиялық жұмыс мамандарының ұсынысына сәйкес аса қолайлы психологиялық климатпен басқа бөлімшелерге ауыстырылады, олармен оңалту іс-шараларының кешені жүргізіледі.

  5. Командирлер (бастықтар) мен олардың орынбасарлары өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін алдын алу, өзіне-өзі қол жұмсауды жасауға септігін тигізген алғышарттарды жою бойынша жұмысты жетілдіру бойынша шараларды қабылдайды және бөлімшелерде салауатты психологиялық климатты ұстау үшін жағдайлар жасайды, әскери қызметшілердің психофизиологиялық асқынуымен байланысты мерзімділік пен жас ерекшеліктерін ескере отырып, өзіне-өзі қол жұмсау көріністерін ескеру бойынша жұмыс жоспарын әзірлейді және бекітеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет