Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің
2014 жылы ғылыми-техникалық саясатты іске асыруы
туралы есебі
2014 жылы бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды іске асыру үшін 212 «Агроөнеркәсіптік кешен және табиғатты пайдалану саласындағы ғылыми зерттеулер мен іс-шаралар» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде келесі нәтижелерге қол жеткізілді:
Есепті жылда ауыл шаруашылығы дақылдарының 110 сорттары мен будандары шығарылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді: дәнді дақылдары - 22, жемшөптік астық дақылдары -11, дәнді бұршақты дақылдары – 4, жарма дақылдары - 4, майлы дақылдары - 10, көкөніс - бақша дақылдары және картоп – 22, жемшөптік дақылдары - 22, жүгері дақылы - 1, 1 жүгері буданы және 5 дәнді құмай дақылдары, қант қызылшасы - 2, мақта – 1, күріш - 1 және жеміс-жидек дақылдары -4.
Қазақтың құйрықты қылшық жүнді қой тұқымдарының ақбастау зауыттық типі, ордабасы қой тұқымдарының бадам зауыттық типі, қазақ бактрианының құланды зауыттық типі, жылқылардың көшім тұқымының жаңғалы зауыттық типі, ірі қара малдың Әулиеата тұқымының Оңтүстік-Қазақстан зауыттық типі шығарылды.
Технологиялар бойынша 51 ұсыныс шығарылды: оның ішінде, егіншілік, өсімдік қорғау және карантин саласында - 30, су шаруашылығы және топырақтың құнарлылығы саласында – 9, орман шаруашылығы саласында – 12. Аймақтарда көктемгi-дала жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар жыл сайын қажет болғандықтан ұсыныстар әзірленіп, аймақтарға жолданды.
Мал шаруашылығы саласы үшін емдеу препараттары мен вакциналар 11 атаулары жасалды. 9 техникалық құжаттама, оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларының тәжірибе үлгілері әзірленді.
166 қорғау құжаттар алынды, оның ішінде өнертабысқа 10 патент алынды; өнертабысқа инновациялық патенттер 83 (қайта өндеу саласында - 23, топырақ құнарлығы және су шаруашылығы - 4, мал шаруашылығы және ветеринария бойынша - 39, ауыл шаруашылығын механикаландыру - 17, орман шаруашылығы саласында - 1); селекциялық жетістіктерге 72 патент алынды (өсімдік шаруашылығы бойынша - 69, мал шаруашылығы бойынша -3).
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімшіліктер және «ҚазАгроИнновация» АҚ ғалымдары бірлескен жүйелі шараларының нәтижесінде астық дақылдардың жалпы егістік көлемінен отандық селекциядан шыққан астық дақылдары егіс алаңдарының үлесі 47,9 % құрады.
АӨК саласында ресурстар мен энергияны үнемдейтін экологиялық қауіпсіз технологиялардың ендіру көлемі 12,9 млн. га құрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында ғылыми зерттеулерді насихаттау, ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер үшін 11 білім тарату орталықтарында семинарларды өткізу арқасында артты.
Есепті жылда қорғау құжаттарға 262 өтінім берілді, 1377 ғылыми мақала жарияланды, 103 кітаптар және ұсыныстар басылып шығарылды.
«Ауыл шаруашылығы саласындағы жоспарлау, реттеу, басқару» 001 бюджеттік бағдарламаның «Өтеусіз негізде агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін ақпараттық қамтамасыз ету» 101 кіші бағдарламасы бойынша алдыңғы қатарлы жетістіктерге және білімге ауыл шауашылық тауар өндірушілердің тікелей қол жеткізілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар, ауыл шаруашылық өндірісінде ғылыми әзірлемелерді енгізуді жылдамдату мақсатында, 2009 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ білім тарату жүйесінің жобасын құрып іске асыруда. Extension жүйесі – өте жақсы әлемдік тәжірибе жағдайының негізінде құрылатын жүйе, бұл ауыл шаруашылығы дамыған көптеген шетелдерде бар.
Extension – бұл жүйе, ауыл шаруашылыққа және оқыту және тәжірибелік іс-шаралар технологиясы арқылы, ноу-хау мақсатты берілуі, өндіріске және табысқа жоғары тиімділікпен қол жеткізу, өмірге сенімділікті жоғарлатуға көмектесетін АӨК субъектілерін жетілуі әдісін енгізу.
Қазіргі таңда, «ҚазАгроИнновация» АҚ Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарының базасында және жеке бизнесте 11 Білім тарату орталығы құрылды және жұмыс атқаруда.
Білім тарату орталықтары АӨК субъектілерінің Қазақстан АӨК-де жоғары тәжірибе тарату және ғылыми әзірлемелерді енгізуге бағытталған қызметі, «кері байланыс» өзгеше кеңселері болып табылады.
2014 жылы Білім тарату орталықтарында: «Шортанды», «Қостанай», «Қызылжар», «Қызылорда», «Тассай», «Мақтарал», «Үшқоныр», «Балқаш», «Өскемен», Қазақстандағы Немеіс Аграрлық Орталығы және «Байсерке-Агро»-да өткізілген 108 семинарға 2625 тыңдаушы келесі ауыл шаруашылық қызметі бағыттарында оқытудан өтті: егін және өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және ветеринария, қор үнемдеуші технология, көкөніс шаруашылығы; мақта шаруашылығы, мал азықтарын өндіру, малды бағалау, апробация, акваөсіру, омарташылық, өсімдік қорғау, жеміс шаруашылығы, қой шаруашылығы, менеджмент, күріш шаруашылығы және марал шаруашылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |