1.Реалистік тип. «Ер адам» типі. Эмоциялық тұрақтылығы жоғары, заманына қарай бейімделе біледі. Ептілікті талап ететін, үнемі қозғалыста болатын кәсіппен айналысқанды жөн деп есептейді. Міндеті нақты бір кәсіпті: механик, жүргізуші, инженер, агроном т.б. мамандықтарды ұнатады.
2. Интеллектуалдық тип. Интеллектуалдық шығармашылық міндеттерді шешуге бейім. Ғылыми тұрғыда мамандықты таңдайды. Қызметтің мына түрлерін ұнатады: математика, география, геология, шығармашылық кәсіптер.
3. Әлеуметтік тип.Айрықша әлеуметтік ептілігі бар,айналасындағыларға тәуелсіз,жағдайға тез бейімделгіш, сезімтал. Ұнататын қызмет саласы: психология, медицина, педагогика.
4. Конвенциялық тип. Құрылымдық қызметке бейім,нұсқау бойынша істейді. Ұйымдастырушылық қабілеті аз,ауыз сөзге жоқ. Ұнататын мамандықтары: бухгалтер, финансист, тауартанушы, экономист, іс жүргізуші, кеңсе қызметкері.
5.Тапқыр тип. Белсенділік, қызбалықты, құлшынысты, ынта-жігерді талап ететін міндеттер мен мақсатты таңдайды. Мінез ерекшеліктері: басшылық етуді, нұсқау беруді, тапқырлықты ұнатады. Мұндай мінез ерекшеліктері дипломат, репортер, менеджер, директор, делдалға лайықты.
6. Әртістік тип. Адаммен қарым-қатынаста өз қиял-сезіміне сенеді,сүйенеді.Өмірге сезімталдықпен қарайды. Мінез ерекшелігі: шешім қабылдауға тәуелсіз, икемді, өзімшілдігі мол. Шығармашылық кәсіпті ұнатады: музыка, сурет салу, гуманитарлық саладағы қызметке бейім. Бұлар тарих, филология, өнер жағын ұнатады.
Достарыңызбен бөлісу: |