|
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
|
«Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы «Қазақстан Республикасы аумағында жылжымайтын мүлік объектілерінің мекенжайын анықтау жөнінде анықтама беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі әзірледі (бұдан әрі – Министрлік).
3. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың сәулет және қала құрылысы бөлімдері (басқармалары) (бұдан әрі – уәкілетті орган) мекенжайлары осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – орталық) арқылы немесе «электрондық үкіметтің: www.egov.kz» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) осы стандартың 9-тармағында көзделген құжаттарды берген сәттен бастап:
жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау кезінде (осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – 3 (үш) жұмыс күнін құрайды;
жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне бару және мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, оны «Мекенжай тіркелімі» ақпараттық жүйесінде міндетті тіркей отырып, жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту немесе жою кезінде (осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді) – 7 (жеті) жұмыс күнін құрайды.
2) құжаттарды тапсыру кезінде өтініш берушінің кезекте күтуінің ең көп рұқсат берілген уақыты –20 минуттан аспайды;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты – 20 минуттан аспайды.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электронды (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.
6. Осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес мекенжайдың тіркеу кодын көрсете отырып, көрсетілген жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын өзгерту, беру, жою, нақтылау бойынша анықтама немесе қағаз жеткізгіште немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкiлетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрi - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында қызмет көрсетуден дәлелді жауап көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі болып табылады.
Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттiк көрсетілетін қызметтiң нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкiлетті адамының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» жолданады.
7. Мемлекеттiк қызмет тегiн көрсетiледi.
8. Орталықтарда мемлекеттік көрсетілетін қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, орталықтардың белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады.
Орталықтарда қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады.
Порталда құжаттарды қабылдау тәулік бойы жүзеге асырылады (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзiлiстерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметтi алушы мыналарды ұсынады:
орталыққа өтініш берген кезде:
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау (өзгерту) үшін:
еркін нысандағы өтініш;
жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
2) жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру үшін:
еркін нысандағы өтініш;
жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
әкімдік қаулысының немесе әкімдік шешімінің көшірмесі (жобалау, құрылыс);
жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспортының көшірмесі;
ақпараттық жүйелерден ұсынылған мәліметтерді қоспағанда, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары;
кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса бере отырып, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасын, жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатынан қорытынды (қажет болған жағдайда);
атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы топографиялық түсірілім;
атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы атқарушылық түсірілім;
3) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын жою үшін:
еркін нысандағы өтініш;
жеке адамның жеке куәлігі (сәйкестендіру үшiн түпнұсқа);
қолданыстағы заңнамаға сәйкес тіркелген жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжат; меншік иесінен сенімхаттың түпнұсқасы (өтінішті өкіл берген жағдайда);
жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда).
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді, жеке куәлікті, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспарын, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды орталық мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
Орталық қызметкерi құжаттар пакетiн қабылдау кезiнде көшiрменiң түпнұсқаға сәйкестiгiн салыстырып тексереді және түпнұсқаны өтiнiш көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
Барлық құжаттарды қабылдағаннан кейін көрсетілетін қызметті берушілердің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға осы стандартқа 4-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдау туралы талон береді.
Портал арқылы өтініш берген кезде:
1) жылжымайтын мүлік объектісінің мекенжайын нақтылау үшін:
Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
2) жылжымайтын мүлік объектісіне мекенжай беру, оны өзгерту үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
әкімдіктің қаулысы немесе әкімдіктің шешімі (жобалау, құрылыс) – құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспары, ақпараттық жүйелерден ұсынылатын мәліметтерді қоспағанда, - құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
кооператив (гараждар және саяжайлар үшін) мүшелерінің тізімін қоса бере отырып, мүшелігін растау туралы кооператив төрағасының анықтамасы, жылжымайтын мүлік орталығының мұрағатынан қорытынды (қажет болған жағдайда) - құжаттың электрондық көшірмесі нысанында;
атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы топографиялық түсірілім құжаттың электрондық көшірмесі нысанында (электрондық нысанда);
атқару мерзiмi 6 айдан кем емес М 1:500 масштабындағы атқарушылық түсірілім құжаттың электрондық көшірмесі нысанында (электрондық нысанда);
3) жылжымайтын мүлік объектісін жою үшін:
көрсетілетін қызмет алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау;
жылжымайтын мүлік объектісін бұзу актісі (қажет болған жағдайда) - құжаттың электрондық көшірмесі нысанында.
Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар болып табылатын мәліметтерді, жеке куәлікті, жылжымайтын мүлік объектісіне техникалық паспорт, реттік нөмірлері мен блоктың нөмірін көрсете отырып (гараждар және саяжайлар үшін), елді мекеннің сәулетшісімен келісілген гараж кооперативі (бау-бақша серіктестігі) жер учаскесінің бас жоспарын, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжаттарды орталық мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында өз бетінше алады.
Өтінішті портал арқылы берген жағдайда көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» алу күні мен уақытын көрсете отырып, сұрау қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жолданады.
Мемлекеттік қызмет орталық арқылы көрсетілген жағдайда, көрсетілетін қызмет алушының жазбаша келісімінің негізінде, оның электрондық құжат нысанындағы сұрауы орталық қызметкерінің қызметтiк мақсатта қолдану үшін берiлген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады.
Сонымен қатар, көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша орталық қызметкері көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттың түпнұсқасынан құжаттың электрондық көшірмесін куәландырады.
Құжаттарды қабылдау мекенжайлары осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген орталықтарда, орталық қызметкері арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі:
өтініштің нөмірі және қабылданған күні;
сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
құжаттарды беру күні, уақыты мен орны;
құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты;
тұтынушының тегі, аты, әкесінің аты, уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты және олардың байланыс телефондары.
10. Мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда, орталық құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Орталықтың қызметкері құжатты қабылдаудан бас тартқан кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға жетпей тұрған құжаттарды көрсете отырып, қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті беруші орталықтан түскен, осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ресімдеуде қателер анықтаған жағдайда құжаттардың пакетін алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тарту себептерін жазбаша негіздей отырып, мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады және орталыққа қайтарады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді).
Құжаттар пакетiн алғаннан кейiн орталық бiр жұмыс күнi iшiнде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етедi және уәкiлеттi органның қайтару себебi туралы жазбаша негiздеме береді.
Бас тартқан жағдайда орталықтың қызметкері мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушыға 1 (бір) жұмыс күні ішінде хабарлайды және бас тартуы туралы жазбаша негіздеме береді.
Портал арқылы өтініш берген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсынудан бас тарту туралы дәлелді жауапты көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанында порталдағы жеке кабинетте алады.
3. Шағымдану тәртібі
11. Егер көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы белгіленген тәртіпте мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген уәкілетті органның басшылығына шағым бере алады.
Уәкілетті органдардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет көрсетуді ұйымдастыруға жауапты әкімдердің аппаратына беріледі. Әкімдер аппараты басшыларының мекенжайлары, жұмыс кестелері, электрондық почталары мен телефондары осы стандартқа 6-қосымшада көрсетілген.
Орталықта дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда орталық қызметкерлерінің әрекетіне шағым мекенжайы мен телефоны www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің орталығына беріледі.
Сонымен қатар, уәкілетті органдар, орталықтар қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсiздiгіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі біріңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Шағымдар қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда жазбаша нысанда почта арқылы немесе осы стандарттың 3-тармағында көрсетілген ұйымның кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Қолма-қол және почтамен түскен шағымды қабылдауды растау оны уәкiлеттi органның немесе орталықтың кеңсесiнде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн журналда тiркеу болып табылады (мөр, кiрiс нөмiрi және тiркеу күні шағымның екiншi данасына немесе шағымға iлеспе хатқа қойылады).
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қабылдаған адам оның шағымының қабылданғанын растау үшін осы стандартқа 4-қосымшада көрсетілген талонды береді, онда байланыс деректерiн көрсете отырып, нөмiрi, күнi, шағымды қабылдаған адамның тегi, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен күні көрсетіледі.
Шағымды портал форумы арқылы: www.1414.kz мекенжайы бойынша беруге болады.
Көрсетілетін қызметті беруші, орталық қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсiздiгіне) портал арқылы шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі біріңғай байланыс орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
Портал арқылы «жеке кабинеттен» шағым жібергеннен кейін шағым туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушыға колжетімді болады, ол оны мемлекеттiк органда өңдеу барысында жаңғыртылып турады (жеткiзу туралы белгі, тiркеу, орындалу, қарау нәтижелерi бойынша жауап немесе қараудан бас тарту).
Шағымдарды қарау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушыға шағымды қарау нәтижелері туралы почта арқылы немесе қолма кол қол қойғызып жазбаша түрде хабарланады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық
нысанда және халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетілетін, ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушы тұрып жатқан немесе тіркелген жердегі уәкілетті органның немесе орталықтың ғимаратында көрсетіледі, онда мүмкіндігі шектеулі көрсетілетін қызмет алушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген. Залда күтуге және құжаттарды толтыруға арналған орындар, анықтама бюросы, күтуге арналған орындықтар орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
1) www.minregion.gov.kz мекенжайы бойынша Министрліктің интернет-ресурсындағы «Мемлекеттік органның қызметі» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер мен стандарттар» деген кіші бөлімде;
2) орталықтың www.con.gov.kz мекенжайы бойынша интернет-ресурсында;
3) ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес уәкілетті органдар мен орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде орналастырылады;
4) порталда:
сонымен қатар, мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефон нөмірі бойынша ұсынылады.
Министрліктің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі, 10-кіреберіс.
14. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыда ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы көрсетіледі.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтан қолжеткізу режимінде мемлекеттiк қызмет көрсету мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкiндігі бар.
16. Мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі біріңғай байланыс орталығының телефоны 1414.
17. Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда, орталық оларды 1 (бір) ай сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды уәкілетті органға береді.
18. Көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу үшін уәкілетті органда немесе орталықта жеке және заңды тұлғаларға арналған шағымдар мен ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
19. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 21-2) тармақшасының және «Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2012 жылғы 27 маусымдағы № 278 және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 маусымдағы № 378 бірлескен бұйрығының негізінде жүзеге асырылады (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 13 тамызда № 7845 тіркелді).
___________________________________________________
Достарыңызбен бөлісу: |