Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет6/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография

Дала шпаттары – қаңқалы силикаттар класының өте көп тараған, тау жынысын түзетін минералдар тобы.

  • Бүкіл Жер қыртысының 50%-ын құрайды.

  • Дала шпаттарының моноклиндік және триклиндік сингонияда кристалданады.

  • Кристалдары тақта немесе бағана пішінді.

  • Түсі ақ, қызғылт, сұр, тағы басқа.

  • Қаттылығы 6,0 – 6,5, меншікті салмағы 2,5 – 2,8 г/см3, балқу t 1110 – 1550°С.

  • Дала шпаттары кальций-натрийлі (плагиоклаздар), калий-натрийлі (ортоклаз, микроклин, санидин, тағы басқа) және калий-барийлі болып бөлінеді.

  • Дала шпаттары көптеген тау жыныстарының құрамына кіреді, граниттерде, сиениттерде, диориттерде, габброда (плагиоклаздар),тағы басқа магмалық жыныстарда жиі кездеседі. Олар метаморфтық жыныстардың (гнейс), кристалл тақтатастардың, амфиболиттердің құрамында түзіледі.

  • Үгілу нәтижесінде дала шпаттары серицитке, каолинге, монтмориллонитке, сазды минералдарға айналады, ал гидротермальдық өзгерістерге және метаморфтануға шалынғанда цеолит, скаполит, мусковит, тағы басқа түзіледі.

  • Дала шпаттары керамика, фарфор, шыны өнеркәсібінде, эмаль, кірпіш, бояу, бетон мен цемент әзірлеу үшін пайдаланылады. Кейбір дала шпаттары (амозонит, тағы басқа) әшекейлегіш тас, ал лабродорит қаптама материал ретінде қолданылады.

Глауконит (грекше glaukos - көгілдір жасыл) – cиликаттар класының гидрослюдалар тобындағы минерал. Химиялық формуласы (K, Na, Ca) (Fe3+, Fe2+, Al, Mg)2 [(Al,Sі) Sі3O10] (OH)2•nH2O. Моноклиндік сингонияда кристалданып, топыраққа ұқсас түйіршік агрегаттар құрайды. Түсі жасыл, күңгірт, шыныдай жылтыр, қатт. 2 – 3, менш. салм. 2,2 – 2,9 г/см,sup>3, суды жақсы жұтады, катиондық алмасуға бейім. Глауконит теңіз түбінде фосфатқа қанық құмды, құм-сазды, саз-карбонатты шөгінділерде түзіледі. Ол калий тыңайтқыштарын алуға, жасыл бояу дайындауға, шыны жасауға, бу қазандарында суды жұмсартуға қолданылады. Түсі — қою жасылдан жасылдау қараға дейін, жылтырлығы — шыныдай,майдай, қаттылығы — 2-3, жіктілігі (001)жетілген, меншікті салмағы — 2,2-2,8. Tаяз теңіз және жағалаулық шөгінділерде тараған, жасыл бояу, шыны жасау өндірісінде, бу қазандарында суды жүмсартуға, калий тыңайтқышы ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет