Қазақстан республикасы білім және ғылым министірлігі маңҒыстау аудандық білім бөлімі



бет1/11
Дата30.10.2022
өлшемі4.65 Mb.
#463620
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
минерология және кристаллография


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
МАҢҒЫСТАУ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІ
«Сәду Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат» ММ
Жоба тақырыбы: «Жыңғылды және Сарытаған қонысының минерологиясы мен кристаллографиясы»

Жобаның бағыты: «Жас геолог»


Жобаның секциясы: «Минерология және кристаллография»


Жоба авторы: «Азимут» тобы, Саматқызы Айсары

Жоба жетекшісі: Құлбарақова Фариза, Қорғанбай Римма


География пәні мұғалімдері

Жыңғылды


2019 – 2020 оқу жылы

Мазмұны

І. Кіріспе .........................................................................................................3-4

ІІ. Негізгі бөлім .........................................................................................5 – 17
ІІ.1. Минерология және кристаллография ұғымдарына түсінік ..........5 - 7 ІІ.2. Маңғыстау марганец кендері және Жыңғылды бор таулары ......8 - 9 ІІ.3. Кен құрамында кездесетін минералдардың жаратылысы...........10-14 ІІ.4. Кен құрамында кездесетін минералдардың кристалдық бейнесі ...........................................................................................................................15-16
ІІІ. Қорытынды бөлім..............................................................................17 - 18

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымша материалдар
І. Кіріспе
Қазақ жерінің өткені мен бүгіні жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектері жазылды, оқулықтарға енгізілді. Бірақ ол еңбектерде көбіне Маңғыстау жерінің орта ғасырлық архитектуралық ескерткіштеріне ғана мән берілген. Ал оның әріден басталар тарихына жекелеген ғалымдар болмаса, көбі ат үсті шолу жасайды. Сондай зерттеулердің қатарына геологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезеңдерді де жатқызуға болады.
Маңғыстау геологиясын зерттеп, мұнай – газ байлықтарын ашуда жүргізілген қыруар жұмыстарды негізінен төрт кезеңге бөліп қарастырады.
1 –кезең. 1887 – 1949 жылдар аралығындағы жалпы геологиялық зерттеулерді қамтиды. 1887 жылы алғаш рет Н.И. Андрусовтың басшылығымен Маңғыстаудың геолография картасы жасалынды. 1937 – 40 жылы түбекті зерттеу ісін Бүкілодақтық ғылыми – зерттеу геологиялық институты (БҒЗГБИ) қолға алды, зерттеу жұмыстарын Алексейчик, А.В.Фурсенио, Е.И.Соколова, Е.В.Мятлюк т.б. ғылыми қызметкерлер жүргізді. Қаратаудың геологиялық құрылымы, көмірлілігін, пермь, триас, юра, бор және де басқа жас шөгінділердің стратиграфиялық түзілімдерін, құрамдарын, тектоникалық, палеографиялық ерекшеліктері мен қасиеттерін талдады.
2 – кезең. 1950 – 1957 жылдар аралығын қамтып, арнайы геологиялық – геофизикалық зерттеу жұмыстарының кең көлемде жүргізілгенін көрсетеді. Осы кезеңде БҒЗГБИ экспедициясы өз жұмыстарын қорытындылап: Маңғыстаудың әрбір аймақтарына, аудандарына, құрылымдарына жеке – жеке геология тектоникалық тұрғыдан баға берілді.
3 – кезең. 1957 – 61 жылдарды қамтиды да, Маңғыстаудың мұнай мен газдылығы айқындығын сипаттайды.
4 – кезең. 1961 жылдан, яғни Оңтүстік Маңғыстауда жаңа мұнай көздерін барлау жұмыстарының кең көлемде жүргізілген кезінен басталады.
1939 – 53 жылдар аралығында Таушық кені өнеркәсіптік мақсатта көтерілді және де металл пайдалы қазбалардың көптеген түрлері облыс территориясында кездескенімен әлі де толық зерттеуді қажет ететіндігін, ал белгілілерінің ішінде өнеркәсіптік маңызы бар кен орындарының шамалы екендігі анықталды.
Темір рудасы. Ең ірі кен орны – Шығыс Қаратау Бескемпірсай.
Марганец рудасы. Батыс Қаратау жотасынан 3 – 5 км оңтүстікте 35 км – ге ұзына бойы созылып, тізбектеліп жатқан Сарытаған, Шақырған, Қарақыз, Қызылтұран.
Мыс рудасы. Қаратау жоталарында Қаратаушық, Отпан, Бесшоқы пермь – триас дәуірінің шөгінді қабатында кездеседі.
Құрылыс материалдары мен басқа да пайдалы қазба түрлері анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет