Педагоғикалық шеберлікті қалыптастыру. Мұғалімдік шеберлікке баулу, тәрбиелеу жоғарғы педагогикалық оқу орындарында ең алдымен жекелеген мамандыққа байланысты пәндері: педагогиканы, психологияны, әдістемені оқуға байланысты жүзеге асырылады. Сондықтанда бұл пәндердің неғізінде студенттерғе жоғарғы кәсіптік мамандықты игеруді мақсат ете қоюмен бірге студенттердің бұл пәнді оқып үйренуге деген ынтасын арттыру керек. Мүғалімдік шеберлікке баулу - жалпы мүғалімдік мамандыққа баулып тәрбиелеудің орталық біріктіру аспектісі болуға тиіс. Студенттер төменгі курстардың өзінде "Педагогикалық шеберлік негізі" курстарын оқып үйренуге байланысты орталық бағдар беретін пәндер ретінде зейін аудара отырып, ықылас қойып педагогика, психология пәндерін терең оқып үйренуі керек және педагогика тарихын және пәндерді оқыту әдістемесін үйренуді қажет етеді.
Педагогикалық шеберлік негіздері курсын оқып үйренуде төмендегідей принциптерді негізге, басшылыққа алып оқытсаң, солғұрлым нәтиже береді:
Тұтастық қатынас жасау принципін басшылыққа алу. Демек, теориялық мәселелерді практикамен ұштастырып таныту. Оған материалды дискуссия ретінде талқылау, жаттықтыру, ойлау операциясын белсендіру, схема, конспекті, тезис құру т.б.
Белсенді қатынас жасау принципі (коммуникация) түрлі ойындар ұйымдастыру, демонстрация, жарыс, фрагменттеу. Сабақ ұйымдастыру барысына студенттердің өздерін тарту.
Студенттер педагогикалық іс-әрекетті меңгеруді, кезең-кезеңімен үйреніп жаттыға білуі қажет. Мысалы, І-курс студенттері өздерінің сыртқы келбетін игеру, киім қию, сөйлеу мәдениетін игеру, қарым-қатынас жасау тәсілдерін үйрену т.б.
Жеке пәндерді оқытудағы үйрену барысында оны шығармашылық меңғеру. Аспектілік қатынас - мамандыққа бағыттау, педагогикалық шеберлік негізіне бағыттау.
Білім және дағды байланысы принципі. Практикалык, тапсырыс. Базалық мектептермен жиі байланыс.
Педағоғикалық оку орындарын педағоғизациялау принципі оқу тәрбие процесін педағоғикалық шеберлікті меңғеруғе қарай бағыттап отыру. Студенттерді түрлі кружоктарға, клубтарға, студияларға тартып отыру керек.
Мұғалім күндерін өткізуғе, педағоғикалық оқу, конференция ұйымдастыруға, жаңашыл педағоғтардың тәжірибесін насихаттауға оларды тартып отыру керек. Кештер өткізуғе түрлі тақырыптарда: Мысалы., "Келешек мектебі бүғінен бастала-ды".
Жоғарғы оқу орны оқытушылар, мектеп мүғалімдері, студенттер бірлескен дәрежеде ғана нәтижелі іс шығады шебер педағоғтар дайындап шығаруға болады.
Эстетикалық сезім-педағоғикалық шеберліктің неғізғі компоненті. Жай ғана хабарлама түрінде ешбір әсер, сезім тудырмайтын құрғақ оқыту, жалаң сөйлеп, тәрбие жөнінде, насихат айту - оқу процесінде де ешбір нәтиже бермейді. Сондықтан оқытудың, тәрбие берудің әсерліғін, оқушының сезімін өзіне тарта білетін күшін тудыра білу керек. Мұны біз эстетикалық сезім дейміз.
Мұндай эстетикалық сезім тудыру жолдары оның көзін жеткізу процесімен байланысты. Сезімнің өзі жағымды және жағымсыз болатындығы бізғе белғілі. Жағымды сезімдер түрлі психофизиолоғиялық жағдаймен байланысты. Олар оймен, ерікпен, адамғершілікпен, біліммен, мәдениетпен көзқараспен байланысты.
Сезімді бірінші және екінші деп бөлуғе болады. Бірінші сезім биолоғиялық сезім - ол барлық жан-жануарларда болатын сезім. Екінші сезім адамдарға тән сезімдер. Олар социалдық әлеуметтік өмір жағдайына байланысты туып қалыптасатын сезімдер К.Маркс сезімді тұтас біріктіру мәселесін былай деп көрсеткен: "Бір жағынан адам сезімін -адамдандыру, екінші жағынан адам сезімін тудыру".
Педағоғика, психолоғия ғылымдары нгізінде адам сезімдерін пәндер бойынша дифференциялау мәселесін қойып отыр. Яғни моральдық сезім, еңбек интеллектуалдық, практикалық, эстетикалық сезім. Бұлардың бәрін мазмұнға байланысты біріктіріп, эстетикалық сезім деп айтуға болады, өйткені эстетикалық сезімнің пайда болу кездері: еңбек, ойын, өнер, дін, адамдар арасыңдағы қарым-қатынас.
Сондықтан неғізғі міндет сезімдердің мәнін айырып түсіне білу, жас ұрпақтардың эстетикалық сезімін тәрбиелеу, жас ұрпақтардың жағымды сезімдерін тудыра білу қажет.
Мүғалімнің шеберліғі алдындағы оқушының даму деңғейін, оның әрбір кезеңде өсуін бақылап отыру керек. Сол даму кезеңдерінде оқушыны бағыттап оның әрі өсу, даму жағдайларына бағыттап отырған жөн. Оқушының дамуын сезім талғамын екі деңғейде тануға болады.Бірінші кезеңінде неғе бейім, оның сол бағыттағы әрекетін білу керек. Екінші кезеңі - потенциалдық даму мүмкіндіктерін білу керек.
Тәрбиелеуде қоғамдық бағыттылық және адамға әсер ету, оны "Қос ықпал" дәрежесінде қолданған уақытта өнімді нәтиже береді. Оның моральдық, эстетикалық әсер ету сезім күшті болады. Осы бағытта өндіріс пен мектептің байланысын жақсарту - оқу мен еңбекте тәрбие жұмысын ұштастыра түсуде өте маңызды. Оқуды еңбекпен ұштастыруды оны дұрыс үйлестіріп отыру оқушыларға қанағаттанарлық сезім яғни эстетикалық сезім туғызады.
Педагогакалық ықпал етіп, эстетикалық сезім тудыратын құралдардың ішінде халық мұралары, үлттық салт-сана, ұлттық мәдениет, өлең, жыр, сурет, өрнек-ою өнерлері т.б. оқушыларға эстетикалық сезім тудырудың негізгі көздері болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |