«Цифрлы әлемге-кемел біліммен» интелектуалдық сайыс Тақырыбы



Дата09.09.2024
өлшемі1.1 Mb.
#503508
Сайыс сабақ.Информатика әлеміне саяхат


«Цифрлы әлемге-кемел біліммен» интелектуалдық сайыс
Тақырыбы: «Цифрлы әлемге-кемел біліммен»
Күні: 19.02.2024ж
Мұғалім: Коптилеуова Анар, Садықбаева Айдана
Қатысушылар: 5 сынып оқушылар

Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «Цифрлы әлемге-кемел біліммен» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Сайыстың мақсаттары:
Білімділік: Оқушылардың білімі мен тапқырлығын, өнері мен ұшқырлығын,
ақылдылығы мен жылдамдығын, көптің ортасына салып, бақтарын сынату, алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Оқушыларды компьютерді пайдалана отырып, шығармашылығын, ойлау қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру, компьютерлік сауаттылығын дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, ізденуге, талпынуға, дара болуға тәрбиелеу.

Сайыстың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушылармен амандасу
• Олардың назарын сайысқа аудару
• Тыныштандырып, сайыс кезеңдерімен таныстыру

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста
Біреу озып келеді қатарынан
Біреу қалып жатады асығыста

Ойын толқын жатқанда асып, тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып – деп сайысымыздың кезеңдерімен таныстырайын.

Сайыс 5 кезеңнен тұрады:

1 ші кезең – «Топ туралы» таныстыру сайысы
2 ші кезең – «Бәйге» сайысы
3 ші кезең – «Ғажайып алаң»
4-ші кезең – «Сурет салу» сайысы
5-ші кезең – «Мен саған, сен маған» сайысы
Қатысушыларды марапаттау.
Жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей отырып, «Шыңдарға биік қонғайсың» - демекпіз.
1.кезең – «Топ туралы» таныстыру сайысы. Топ басшысы, өз тобын таныстырып өтеді, бұл сайысты әділ-қазылар алқасы бағалайды.

Көрермен жиналған бұл тамашаға
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа , сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2. кезең – «Бәйге» сайысы.

Сіздерге ортақ сұрақтар беріледі. Сол сұраққа қол көтеріп, жауап бересіздер. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. Әділ қазы алқалары бағалайды.
1. Информацияның өлшем бірлігі? (бит, байт)
2. Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынас (Интерфейс)
3. Компьютердің ақыл –ойы? (процессор)
4. Ақпараттық процесстерді жүзеге асыратын құрал (Компьютер)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (256)
6. Ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (пернетақта)
7. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
8. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Антивирус)
9. Ақпаратты шығару құрылғысы (Принтер)
10. Бос орын қалдыру пернесі? (пробел)
11. Мәтін жазуға арналған редактор (Word)

Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын!
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.

3 - кезең – «Ғажайып алаң» (Тарсия әдісі, Домино әдісі, Paint терезесі )

(Мұнда топ бойынша тапсырмалар жасайды. Тарсия және Домино әдісі бойынша берілген сұрақ-жауаптарымен сәйкестендіреді. Paint терезесінің атауларын сәйкестендіреді).

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып, тасып, асықпа, қалыспа сен
Уақыт деген зымырап, зулап жатыр
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен.

4-кезең - «Қазына алқабы (Остров сокровищ)» топ басшылар сайысы

Сіздердің алдарыңызда қазына алқабы жатыр. Сіздер осы алқаптан, сұрақтарға жауап бере отырып, қазына жинауларыңыз керек.
Жорға, жорға, жорғала,
Шапшаңдыққа таң қалма.
Ойын деген арпалыс,
Жеңілемін деп ойлама.

5 кезең - «Кім жылдам?» сайысы.

Бұл сайыста, Learning Apps программасынан «Компьютер құрылғылары» тапсырмасында компьютер атауларын табу керек. Дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

ІІІ. Жеңімпазды анықтап, қатысушыларды марапаттау.
Әділ-қазылар алқасы әр топтың жинаған ұпай санын есептеп, жеңімпазды анықтайды. Ең көп ұпай жинаған топ- «Үздік информатик» атағына ие болады. Құттықтаймыз!
Жеңімпаз топ марапатталады.

IV. Сайысымызды қорытындылау.
Бүгінгі көріп тамашалаған «Цифрлы әлемге-кемел біліммен» атты интелектуалдық сайыс ойыны өз мәресіне жетті. Зейін қойып тамашалағандарыңызға алғысымыз шексіз.
Рахмет!

Шардара ауданы Алатау батыр ауылы
«Қазақстан жалпы білім беретін мектеп»
мемлекеттік коммуналдық мекеме


Сайыс сабақ


Тақырыбы: «Цифрлы әлемге-кемел біліммен»

Орындағандар:
Коптилеуова А. Садықбаева А
Қатысушылар: 5 сынып оқушылар


2023-2024 оқу жылы

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет