Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің



Дата13.06.2016
өлшемі126 Kb.
#133994


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2014 жылғы «26» қыркүйектегі № 399, Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2014 жылғы «19» қарашадағы №240, Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің

2014 жылғы «22» қыркүйектегі №630 бірлескен бұйрығымен бекітілген



Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері
1. Осы Әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау критерийлері (бұдан әрі – Критерийлер) Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленген және адамдарды әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудан зардап шегушілерге жатқызудың негіздерін айқындайды.

2. Осы Критерийлерде мынадай түсініктер пайдаланылды:

1) әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қарау – жасалған әрекеттерге катысты қылмыстық іс жүргізуді қозғау фактісінің бар-жоғына қарамастан, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа, адам саудасына, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасына, оларды пайдаланудың өзге де түрлеріне байланысты әрекеттер, сондай-ақ адам ұрлау;

2) зардап шегуші оған қатысты әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың нысанына қарамастан, ол жасалған жеке адам;

3) әлеуметтік бейімсіздік – жеке адамның әлеуметтік ортамен өзара байланысының бұзылуы;



4) әлеуметтік депривация - адамның (отбасының) негізгі өмірлік қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыру мүмкіндігін шектеу және (немесе) одан айырылу.

3. Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

1-блок - күш көрсету зорлық-зомбылығы;

     2-блок - психологиялық зорлық-зомбылық;

3-блок - экономикалық зорлық-зомбылық;

      4-блок - сексуалдық зорлық-зомбылық.

4. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 1-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

5. Егер блоктардың бірі бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, адам тұрмыстық зорлық-зомбылықпен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.

6. Адамды саудаға салу кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде адамға қатысты жасалған әрекеттер мынадай блоктар бойынша топтастырылады:

1-блок – адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адам ұрлау;

     2-блок – адамға қатысты жасалған әрекеттер;

3-блок – адамға қатысты пайдаланылған құралдар;

4-блок – адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адам ұрлаудың мақсаттары;

5-блок - адамға келтірілген зиян.

7. Қатыгездікпен қараудың бар-жоғына бағалау жүргізу кезінде әрекеттердің әрбір блогы бойынша осы Критерийлерге 2-қосымшаға сәйкес баллдар беріледі, олардың қосындысы бойынша адам қатыгез қараудан зардап шеккендер қатарына жататыны айқындалады.

8. Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, жалпы нәтижесі 25 және одан жоғары балл болса, адам адамды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ адамды ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.

Егер әрбір блок бойынша баллдардың қосындысы 5 және одан жоғары баллды құраса, 3-блокты қоспағанда (субъектіге қатысты пайдаланылған құралдар), жалпы нәтижесі 20 және одан жоғары балл болса, кәмелетке толмаған адам кәмелетке толмағандарды саудаға салумен, оларды пайдаланудың өзге де түрлерімен, сондай-ақ ұрлаумен байланысты әрекеттердің нәтижесінде қатыгез қараудан зардап шеккен деп танылады.

Әлеуметтік бейімсіздікке және

әлеуметтік депривацияға әкеп

соққан қатыгездікпен қараудың

бар-жоғын бағалау

критерийлеріне

1-қосымша



Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен

қараудың бар-жоғын бағалау кезінде балдар беру



р/с


Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің

тізбесі


Тұрмыстық зорлық-зомбылық кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1

Күш көрсету зорлық-зомбылығы

1.1

Тән ауруына ұшырататын ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

3 балл

1.2

Құқық бұзушымен отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсетіліп, былапыт сөйлеу, қорлап тиісу, кемсіту, үй заттарына зақым келтіру және жеке тұрғын үй немесе пәтер шегінде жасалған олардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер

2 балл

1.3

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

1.4

Адамның өмiрiне қауiптi емес және зардаптарға әкеп соқпаған, бiрақ денсаулықты ұзақ уақытқа бұзылуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтiру

5 балл

1.5

Адамның өмiрiне қауiптi немесе көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру, сондай-ақ өмiрге қауiптi немесе еңбек қабiлетiнiң кемiнде үштен бiрiн тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кiнәлiге мәлiм кәсiби еңбек қабiлетiн немесе түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға

душар еткен денсаулықтың бұзылуын тудырған денсаулыққа өзге зиян келтiрген қасақана ауыр зиян келтiру



5 балл

2

Психологиялық зорлық-зомбылық

2.1

Дөрекілік, қорлау, балағаттау, қорқыту, бопсалау, ізіне түсу және адамның теріс эмоциялық реакциясы мен жан күйзелісін тудыратын басқа әрекет (әрекетсіздік)

3 балл

2.2

Адамды өзiн-өзi өлтiруге жеткiзу немесе жәбiрленушiнi қорқыту, оған қатыгездiкпен қарау немесе оның адамдық қасиетiн ұдайы қорлау жолымен өзiн-өзi өлтiруге баруға дейiн жеткiзу

5 балл

2.3

Өлтiремiн деп немесе денсаулыққа ауыр зиян келтiремiн деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлiктi өртеп құртамын деп, жарылыс жасап немесе өзге жалпы қауiптi тәсiлмен қорқыту, бұл қорқытудың iске асатындығына қауiптенудiң жеткiлiктi негiздерi бар болған кезде

5 балл

3

Экономикалық зорлық-зомбылық

3.1

Жеке басты куәландыратын, меншікке құқық белгілейтін, әрекеттер жасауға құқық беретін құжаттардан айыру

3 балл

3.2

Тіршілік қызметі үшін қажетті ақшалай қаражаттан айыру

2 балл

3.3

Тұрғын үйінен айыру

5 балл

3.4

Тіршілік қызметі үшін қажетті тамақтан айыру

4 балл

3.5

Тіршілік қызметі үшін қажетті киімнен айыру

3 балл

4

Сексуалдық зорлық-зомбылық

4.1

Зорлау, яғни жәбірленушіге немесе басқа адамдарға күш қолданып немесе оны қолданбақшы болып қорқытып не жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдаланып жыныстық қатынас жасау

5 балл

4.2

Көрінеу он төрт жасқа толмаған адамға қатысты күш қолданусыз азғындық іс-әрекеттерді жасау

5 балл

4.3

Адамды жыныстық қатынасқа түсуге, еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстық қатына жасауына немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер жасауға мәжбүр ету

5 балл

Әлеуметтік бейімсіздікке және

әлеуметтік депривацияға әкеп

соққан қатыгездікпен қараудың

бар-жоғын бағалау

критерийлеріне

2-қосымша

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде әлеуметтік бейімсіздікке және әлеуметтік депривацияға әкеп соққан қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалау кезінде балдар беру



р/с


Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған критерийлердің

тізбесі


Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салу, оларды пайдаланудың өзге де түрлері, сондай-ақ адамдарды ұрлау кезінде қатыгездікпен қараудың бар-жоғын бағалауға арналған шекті көрсеткіштер

1.

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың нысаны

1.1

Сексуалдық пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/сексуалдық пайдалану

5 балл

1.2

Еңбекте пайдалану мақсатында адамды саудаға салу/еңбекте пайдалану

5 балл

1.3

Баланы/қызды заңсыз асырап алу мақсатында кәмелетке толмаған балаларды саудаға салу

5 балл

1.4

Қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу мақсатында адамды саудаға салу/қайыршылықпен айналысуға мәжбүрлеу

5 балл

1.5

Адамның ағзаларын және тіндерін заңсыз алу мақсатында адамды саудаға салу

5 балл

2.

Адамға қатысты жасалған әрекеттер

2.1

Сатып алу-сату, өзге мәмілелер (сыйға тарту, айырбастау, жалға беру, адамды мәміле бойынша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету ретінде қалдыру, мүліктік емес сипаттағы қандай да бір пайда алу мақсатында адамды беру және басқалар)

5 балл

2.2

Адамды пайдалану:

- Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кінәлінің мәжбүрлі еңбекті, яғни адам оны орындау үшін өз қызметтерін ерікті түрде ұсынбаған, осы адамнан күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы талап етілетін кез келген жұмысты немесе қызметті пайдалануы;

- кінәлінің алынған табыстарды иемденіп алу мақсатында басқа адамның жезөкшелікпен айналысуын немесе ол көрсететін өзге де қызметтерді пайдалануы, сол сияқты кінәлінің материалдық пайда алу мақсатын көздемей, адамды сексуалдық сипаттағы қызметтер көрсетуге мәжбүрлеуі;

- адамды қайыршылықпен айналысуға, яғни басқа адамдардан ақша және (немесе) өзге мүлікті сұрауға байланысты қоғамға жат әрекет жасауға мәжбүрлеу;



- кінәлі және (немесе) басқа адам үшін жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді орындаудан өзіне байланысты емес себептер бойынша бас тарта алмайтын адамға қатысты меншік иесі өкілеттіктерін кінәлінің жүзеге асыруына байланысты өзге іс-әрекеттер.

5 балл

2.3

Азғырып-көндіру – жәбірленушіні қандай да бір жұмыстарды немесе қандай да бір қызметті, соның ішінде, егер оны пайдалану мақсатымен байланысты болса, құқыққа қайшы қызметті атқаруға келісуіне қол жеткізу.

5 балл

2.4

Тасу – адамды пайдалану мақсатында бір жерден екінші жерге, соның ішінде бір елді мекеннің ішінде оның орнын ауыстыруға байланысты қасақана жасалатын іс-әрекет.

5 балл

2.5

Беру – жәбірленушіні оны пайдаланатын адамға тікелей беру.

5 балл

2.6

Жасыру – жәбірленушіні құқық қорғау органдарынан, туыстары мен басқа адамдардан жасыру (мысалы, арнайы үй-жайларға жасыру, қандай аумаққа болса да шығуына мүмкіндік бермеу, жәбірленушінің жеке өзіне немесе психикалық белсенділігінің төмендеуіне дәрі-дәрмек арқылы ықпал ету).

5 балл

2.7

Алу – адамды пайдалану немесе одан әрі беру үшін оны тікелей алу.

5 балл

2.8

Пайдалану мақсатында ұрлау

5 балл

2.9

Пайдалану мақсатында бас бостандығынан заңсыз айыру

5 балл

3

Адамға қатысты пайдаланылған құралдар

3.1

Өмір мен денсаулыққа қауіпті күш қолдану немесе оны қолданамын деп қорқыту

5 балл

3.2

Қару немесе қару ретінде пайдаланылатын заттарды қолдану

5 балл

3.3

Алдау немесе сенімге қиянат жасау

5 балл

3.4

Өзінің қызметтік жағдайын пайдалану

5 балл

3.5

Материалдық немесе өзге де тәуелділікті пайдалану

5 балл

3.6

Психикасының бұзылуын немесе дәрменсiз күйін пайдалану

5 балл

3.7

Жеке басын куәландыратын құжаттарды алып қою, жасыру не жою

5 балл

4

Адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды саудаға салудың, оларды пайдаланудың өзге де түрлерінің, сондай-ақ адамдарды ұрлаудың мақсаты

4.1

Мүліктік сипаттағы пайда алу

5 балл

4.2

Мүліктік емес сипаттағы пайда алу

5 балл

5

Адамға келтірілген зиян

5.1

Тән ауруына ұшырататын, бiрақ зардаптарға әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау

5 балл

5.2

Ұдайы ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттерi жолымен тән зардабын келтіру немесе психикалық зардап шегу

5 балл

5.3

Адамның өмiрiне қауiптi емес, денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру

5 балл

5.4

Адамның өмiрiне қауiптi, көруден, тiлден, естуден қандай да болсын органнан айырылуға немесе органның қызметiн жоғалтуға немесе бет-әлпетiнiң қалпына келтiргiсiз бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа зиян келтiру, сондай-ақ денсаулықтың бұзылуын тудырған не түсiк тастауға, психикасын бұзуға, есiрткiмен немесе уытты умен ауыруға душар еткен денсаулыққа өзге зиян келтiру

5 балл


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет