Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі 12- жылдық білім беру бойынша эксперименталды сыныптарға психологиялық



Дата05.07.2016
өлшемі105.42 Kb.
#179457
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

12- жылдық білім беру бойынша

эксперименталды сыныптарға психологиялық

көмек көрсету жұмысы бойынша

аралық есеп


Орындаушы: педагог- психолог

Жексенова Б.О.

Кіріспе


Қазіргі таңда әр қоғам мүшесінің назарынан тыс қалмайтын келелі де көкейтесті мәселенің бірі – жалпы білім берудегі 12 жылдық оқуға өту болып табылады. Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігінен жалпы білім берудің басымдылық мақсаты өзгермелі білім жағдайына тез бейімделетін өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлғаны даярлау.Еліміздің әлеуметтік жағынан дамуы оның азаматтарының адамгершілік және шығармашылық белсенділігінің дамуымен тығыз байланысты. Қоғамдағы жетістіктердің негізгі күші – адам, оның білімі, шеберлігі, еңбектегі табандылығы, ойлауы мен адамгершілік қасиеттері. Еңбектің қай түрі болмасын адамның психологиялық мүмкіндіктерін мейлінше толық, жан - жақты ескеріп, соған сәйкес ұйымдастырылса ғана жақсы нәтиже берері сөзсіз. Қазіргі білім беру жүйесін қайта құру мен ұйымдастырудың басты жұмыс жоспарында тұлғаның өзіндік ерекшелігін танып білу мен дамыту және өз мүмкіндігін пайдалы істерге қолдана білуге жағдай жасау мәселесі қойылған.

12 жылдық мектеп оқушыларының әлеуметтік дамуына, болашақ мамандықтары бойынша қажетті дағдыларды жинақтауына, еңбек рыногына бейімделуіне өмір сүруге дайындықтарының артуына жағдай жасайды. Жалпы орта білім берудің басты мақсаты – алған білімдерінің негізінде еркін бағамдай алатын, өзін таныта, дамыта білетін , қазіргі тез өзгеріп отыратын өмірге өз бетінше дұрыс шешім қабылдай алатын тұлғаны қалыптастыру.12 жылдық мектепке көшу жағдайында мектептегі психологиялық қызметтің маңызы зор. Психологиялық қызметтің мақсаты – бала дамуындағы әр кезеңдегі жан дүниесінің ерекшеліктерін анықтап алып, олардың өз-өзіне, қоршаған ортаға деген көзқарасының, қарым-қатынас мәдениетінің қалыптасуына жетекшілік жасау. Бұл мақсат келесі міндеттер арқылы нақтыланады.

Осы анықталған міндеттерді орындау, өмір барысында туған шиеленіс жағдайларды дұрыс шешу үшін психологтар әр адамға сүйеніш болып, бағыт – бағдар беріп отыруы қажет.

Бәрімізге мәлім қазіргі кезеңде мектептің қойып отырған талабы – жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де берік қаруландыру, ал меңгерген білімдерін күнделікті өмірде өз деңгейіндегі іскерлік шеберліктеріне қолдана білу. Осы жетістіктерге жету үшін мұғалім алдындағы оқушының мінез - құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным процестерінің (қабылдау, зейін, қиял, ес, ойлау) дұрыс қалыптасуын қадағалап, әрі дамытып отыруы қажет. Оқушы бойындағы ерекшеліктерді оқу - тәрбие процесінде толық ескеру мұғалімге өте қиын. Сондықтан да білім беру жүйесінде психологиялық қызметтің оның ішінде мектеп психологының атқарар қызметі жетерлік.

Мектеп психологы мамандық қызметін атқару барысында оқушыларға, олардың ата-аналарына, педагогтарға, көптеген мәселелерді тиімді шешуге психологиялық жағынан көмек көрсетеді. Балалардың мектепте оқуға даярлығын анықтаудан бастап, мектепке қабылдау, бастауыш сыныптарда жетелеу, орта және жоғары сынып оқушылары мектеп бітіргеннен соң өмір жолын тауып алу проблемаларын шешуге бірінші кеңесші және көмекші болатын адам – мектеп психологы. Мектепте, психолог, оқушылардың жекелік қасиеттері диагностикалап, зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып , олардың күнделікті дамуына ықпал жасайтын іс-шаралар жүргізеді. Сонымен қатар дамуында нормадан ауытқуы бар балалармен жеке - дара, қажеттілік туғанда - топпен, түзету және дамыту жұмыстарын ұйымдастырады. Ерекше қиын жағдайларда баланы басқа мамандарға көрсетіп, оның психологиялық дағдарысын оңтайландыру жолдарын анықтауға ат салысады.

Мектептегі психологқа қойылатын талап өте көп және жоғары, оны орындау психолог шеберлігіне, біліктілігіне, шығармашылық ізденістеріне байланысты.«Баланы жан-жақты білу керек» деген белгілі педагог К. Д. Ушинский көрегендігі, педагогикалық іс әрекеттің психологиялық қызметтің тығыз қарым қатынаста болатындығының айқын дәлелі.

Мен өз жұмысымды мектепке қабылданған балаларға психологиялық диагноситика жүргізуден бастаймын. Балалардың мектепке психологиялық даярлығын анықтауда кеңінен қолданылып жүрген аса танымал әдістердің бірі – чех ғалымдары А.Керн мен К. Йирасек тестін жүргіземін. Бұл тесттің тиімді жағы – балалардың мектепте оқуға дайындығын анықтауға жалпы бағдар беруімен қатар, оқуға аса қажетті саусақтардың нәзік қимылының үйлесімділігін, зейінді бағытты ұстауын және үлкендердің түсіндіргені бойынша баланың өз әрекеттерін ұйымдастыра алатындығы анықталады. Баланың мектепке психологиялық даярлығы тек бір ғана тестің көмегімен анықтау жеткіліксіз сондықтан бұдан басқа да бірнеше әдістемелерді қолданамын. Тест жұмысының қорытындысына сай координациялық қимыл – қозғалыстары толық жетілмеген, қол саусақ моторикасы әлі де жетік дамымаған, өзіндік жұмысқа бейім емес оқушылармен жекелеген жұмыстар яғни дамыту – түзету жұмыстарын жүргіземін. Ең бастысы балаларды жан – жақты зерттеп, зерттеу жұмысының негізінде соған лайықты жұмыс жүйесін құрып, оқушылардың сабаққа ынтасын дамытып отырсақ сонда ғана нәтижеге жететініміз анық.

12 жылдық білім беруді жүзеге асыруда қазіргі таңда мектеп бағдарламасында бейін алды жұмыстар жүргізілуде. Оқушылардың бейінді оқытуға даярлығын зерделуде мектеп психологының атқарар қызметі ерекше. Оқушылардың мүдделері мен бейімділіктеріне қарай үнемі зерттеу жүргізіп отыру, ол оқушылардың өзіндік танымы , өз мүмкіндіктері, қабілеттері, мүдделерін жандандырады,өзін - өзі тәрбиелеу және өзін - өзі жетілдірумен айналысуына, нәтижесінде 9-10 – сынып оқушысының өмірлік, әлеуметтік және кәсіби өзін - өзі анықтауына , тұлға ретінде өрістеуіне көмектеседі. Мен оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттерін болжау үшін мынадай әдістемелрді қолданамын.

- Қызығушылық картасы (А.Е Голомштоктың модификацияланған әдістемесі)

- Голланд тесті арқылы оқушылардың тұлғалық типтерін анықтау.

- Е. А. Климовтың жіктемелік – болжаулау сауалнамасы

Жоғарыда көрсетілген әдістеме бойынша 10- сынып оқушылары арасында тестілеу жұмыстары жүргізілді. Әрбір оқушының жұмысы қорытындыланып нәтижесі бейінді сыныптарды жинақтауға мүмкіндік берді.

Мақсаты

1.Дамудың әр сатысында оқушылардың субъектілігін қалыптастыру, эксперимент сыныптардың оқуға деген қызығушылықтарын дамыту

  2.Білімді, білікті, шығармашылықпен жұмыс істей алатын, жылдам өзгеріп отыратын ортада өмір сүруге бейімделген, өздігінше дамуға, өз ойын толық жеткізе білуге, өзінің және қоғамның мүддесі үшін мейлінше өзін-өзі іс жүзінде көрсете білетін жеке тұлға дамытып қалыптастыру

3. Оқушыларға өздерін басқаруға жәрдем беріп, көмектесу, психологиялық, жеке дамуына, денсаулығының психологиялық және өмірде өзін-өзі анықтауына психологиялық жағынан қамтамасыз ету.

Психологиялық қызметтің міндеттері :


  • оқушының жеке дамуында ақыл-ой ауытқушылықтарына алдын-ала түзету жұмыстарын ұйымдастыру.

  • жеке аралық қатынаста адамгершілік қағидасындағы жетістік жағдайларын ұйымдастыру.

  • психологиялық және әлеуметтік – психологиялық тұрғыдан қиындық көріп жүрген балалардың проблемаларын анықтап, оларға дер кезінде көмек көрсету;

  • оқушыларды мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап оны бітіргенше жетелеп, сүйеніш болып жүру;

  • проблемасы бар балаларды жан-жақты зерттеп, оны туғызған себебін анықтау және түзету - дамыту жұмыстарын жүргізу;

  • проблемасы бар балалардың психологиялық қасиеттерін өңдеу үшін психологиялық тренингтер ұйымдастыру;

  • оқу – тәрбие жұмысына ғылыми жетекшілік жасап әр оқушының, ата – аналардың психологиялық – педагогикалық білімін жетілдіру және біліктілігін арттыру жұмысын ұйымдастыру.

12- жылдық білім беру бойынша экспериментталды сыныптарға психологиялық көмек көрсету бойынша іс-әрекеттің үлгісі

Мұғалімдер Оқушылар Ата-аналар

Диагностикалық зерттеулер

Түзету-дамыту жұмыстар

Кеңес беру жұмыстары



12 жылдық мектепте білім беруде психологиялық бес бағыты


Әдістемелік

жұмыс

Түзету-дамыту

жұмыстары.

Диагностикалық

жұмыс




Ағартушылық

алдын алу

жұмыстарын

жүргізу

Кеңес беру,



ағартушылық

жұмыстар

12 жылдық білім беру негізінде 8-ші-10- шы эксперимент сыныптарында әр жылда өзіне жоспарланған педагогикалық диагностика өткізілді.

Оқушының мектепте оқуға деген қызығушылығы, оқу іс-әрекеті негіздері мен негізгі алғы шарттарының қалыптасуын, қарым-қатынас жасаудың белгілі деңгейі және барабар өзіндік бағасының дамуын да қамтиды.

Диагностиканың барлық қорытындыларына сараптамалық анықтама жасалынып, сонымен қатар оқушылардың дамуындағы қозғалысының және білім-білік деңгейлерінің, қабылдаған білімдерінің нақты мінездемелері жасалынып сынып жетекшілерімен ата-аналар хабардар болады.

8 –ші эксперимент сынып бойынша үш жылғы оқуға деген қызығушылық деңгейі берілген



 

10 –шы эксперимент сынып бойынша үш жылғы оқуға деген қызығушылық деңгейі берілген



12 жылдық мектептегі психологиялық қызметтің маңызы

10 сынып оқушыларының Дж. Голланд тесті бойынша кәсіби бағыт-бағдарға арналған сауалнамасы бойынша



10 сынып оқушыларына «Табандылықты зерттеу» тестісі бойынша нәтижелер.
 

Психологтың оқушы баланың ішкі дүниесіне тереңдеп енуі. Психодиагностикалық зерттеулердің нәтижесінде оқушының дамуында түзету жасауға негіз болатын қорытынды жасалады, онымен жүргізілетін сақтандыру немесе ақыл – кеңес жұмысының нәтижелілігі туралы мәлім болады.



Психологиялық ағартудың мәні мынада:

  • ата – аналарды, мұғалімдерді, бала психикасының дамуының негізгі заңдылықтарымен негізгі қолайлы жағдайлармен таныстыру.

  • жаңа психологиялық зерттеулерді насихаттау.

  • оқушыларды өзін - өзі тану және өзін - өзі тәрбиелеудің негіздерімен таныстыру.

  • психологиялық білімге деген мұқтаждықты қалыптастыру

8 сынып оқушыларының Филипс тесті бойынша алынған зерттеулердің қорытындысы



  • Оқушылардың табысты бейімделуі үшін алаңдаушылығын төмендету мақсатында психолог, педагогтер және ата-аналардың бірлесуімен түзету жұмысы жүргізіледі (пед. кеңесте баяндамалар, ата-аналар жиналысына қатысу т.б.).

№ 27 жалпы білім беретін орта мектепте 10-шы сынып оқушыларына кәсіби бағыт бағдар беру, оқушылардың психологиялық дайындықтары, өздерінің қызмет түрлерін таңдауға қалыптастыруына жағдай жасау. Көбінесе сынып жетекшімен психолог оқушылардың оқуға деген қызығушылығы басым болуын, олардың таңдаған мамандықтарының деңгейін, оған қойылатын талаптарына көңіл бөлген.

Кәсіби бағдар қызметінің бес бағыты бар: ақпараттық кәсіби бағдар, үгіттеу кәсіби бағдар, білім беру кәсіби бағдары, диагностикалық кәсіби бағдар, кәсіби бағдар кеңесі.

Ақпараттық кәсіби бағдар оқушылардың білім мекемелерімен таныстыру және сол бойынша түрлі жұмыстар жүргізілді ( экскурсия, ашық есік күндері) кәсіби бағдар өздерінің сол оқуға, жұмысқа бейімделуі және сол кәсіпке негізделуін қалыптастырады.Осымен қатар ҰБТ-ға байланысты оқушылармен әңгіме, жеке консультациялар өткізілді. ҰБТ-ға дайындық барысында ата-аналарға және мұғалімдерге нұсқаулар берілді. Оқушылармен жеке және топпен әңгіме, консультациялар жүргізілді. Қазіргі заманғы мектептердің өсіп келе жатқан тұлғаны қандай бағытта дамытатындығы, жеке тұлғаның потенциалдық және шығармашылық мүмкіндіктерін аша алуы еліміздің дамуы мен гүлденуіне қатысты. Мектеп оқушысының жеке тұлғасының дамуы негізгі проблема бола отырып, біздер осы оқушылардың мемлекет тарапынан кепілдік беріп отырған Қазақстан Республикасының «Балалардың құқықтары туралы» Заңын жүзеге асыру оқу орындарының тікелей міндеті екенін басшылыққа аламыз. Оқушы тұлғасының шығармашылық сапасын көтеруде мұғалімдер олардың құқықтарын ескере де құрметтеумен қатар, олардың міндеттерін де ұмытпаған жөн. Оқыту мен дамыту арқылы оқушы санасын көтеру деңгейге жеткізу қажет. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы дәлелдеп берген. Белгілі педагог К.Д.Ушинский «Егер мұғалім әр баланың жан – жүйке ерекшеліктерін жақсы білсе, онда осының өзі тәрбиелеу үшін құрал болып табылмақ» – деген. Ендеше, балалардың жеке ерекшеліктерімен санасу – ұстаз парызы. Балаларға психологиялық жас ерекшелігі жағынан алып қарағанда, өне бойы бірдей болып кездесе бермейді, әрбір оқушының өзінше азды-көпті өзгешелігі бар. Оқушының психикалық даму ерекшеліктерін жете білу, оларды оқу тәрбие жұмысында пайдалана білу білім нәрімен сусындатуға, үлгілі тәрбие беруге, сенімді, білімді, адал ұрпақ яғни жеке тұлғаны қалыптастыруға септігін тигізері сөзсіз. Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы, жалғасы. Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет. Ал бүгінгі күні ұстаздың басты мақсаты - өзіндік адамгершілік құндылықтарын бала бойына дарыта отырып, оның рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Абай атамыздың «Ұстаздың еткен жалықпас, үйретуден балаға» деген нақыл сөзін естен шығармай, үлкен төзіммен, алдымызға келген шәкірттерге олардың жеке тұлға болып қалыптасуына, өмірде өз орнын таба білетін адамның қажеттілігін қалыптастыруына, жақсы тәрбие, терең білім беру үшін еңбек етуден жалықпайық.

Пайдаланылған әдебиеттер :

12 жылдық білім №1 2007 жыл

12 жылдық білім №8. 2006 жыл

Хабаршы №1 2007 жыл.

Көмекбаева Л. К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті ұйымдастыру. Алматы. 2002 ж



Нұрмұхамбетова Т.Р. Тәжірибелік психология. Шымкент 2006 ж

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет