Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты


Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттеліну ерекшеліктері



бет2/2
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#133720
1   2

1.2. Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттеліну ерекшеліктері
Оқыту процесінде 6-сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттегенде олардың жас ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Бұл алдымен, оқушыда экологиялық мәдениеттің даму және қалыптасу жағжайын білу үшін маңызды.

Біз осы бағытта оқушылардың дамуында және мінез-құлқында жас ерекшеліктерінің маңызды рөл атқаратынын көрсететін көптеген ғалымдардың психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарына талдау жасады. Олар Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Т.Б.Лихачев, Ю.А.Самарин, ал Қазақстанда Б.Г.Айтманбетова, А.А.Бейсенбаева Қ.Б.Жарықбаев, Қ.Қ.Жанпейісова, Қ.М.Қоянбаев,Л.К.Кериомв, Р.Г.Лемберг, М.М.Мұқанов, Б.Ы.Мұқанова, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Қ.Нұрғалиева, Т.С.Сабыров, Т.Тәжібаев, В.В.Трифонов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева және т.б. психолог-педагогтар өздерінің зерттеулерінде жеткіншектермен жұмыс істеу процесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін ашып көрсетуге көңіл бөлді. (35-49).

Бүгінде балалармен олардың жас, әлеуметтік, психологиялық ерекшеліктеріне, әсіресе әрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.

Оқу-тәрбие процесінің барысында оқушылардың әр уақытта іс-әрекет пен өзін-өзі тәрбиелеудің тек объектісі емес, субъектісі екенін үнемі ескердік. Себебі, бұл кезеңде олардың жеке тұлға болып қалыптасуына қажетті еріктік, әрекеттілік, өзін-өзі айналасына таныта білушілік мүмкіндіктері қарқынды дамып, айқын көріне бастайды. Бұл жағдайда балалардың қоғамдағы ортамен, балалар ұжымдарымен, тәрбиеші-ұстаздармен қарым-қатынас жасауының мәні ерекше.

Психологтар қазіргі жеткіншекті бір мезгілде екі немесе бірнеше ұжымның мүшесі деп есептейді. Бұдан әлеуметтік құндылықты меңгеруге, тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыруға қоршаған ортамен, айналасындағы адамдармен әртүрлі қатынаста болуды үйренуге мүмкіндік беретін әлеуметтік қатынас шеңберінің кеңейтілгені көрінеді.

Психологтар мен педагогтардың: Л.И.Божович, Т.В.Драгунова, А.Г.Ковалев, Ж.Қоянбаев, Ж.Ы.Намазбаева, Г.А.Уманов және т.б. зерттеулері бойынша жеткіншектік кезеңде ересектену элементтері күшейеді. Ол организмнің өзгеруі, өздігінен жетілуі нәтижесінде, ересектермен, жолдастарымен қатынасында, сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық бірлігінде көрінеді. Өзінің ержете бастағанын сезінуге себепкер күшті фактор жыныс мүшесінің жетіле бастауы және бала денесінің өсуіндегі өзгерістер болып табылады.

Біздің бақылауымыздағы балалардың ішкі дүниесіндегі, айнала мен қарым-қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің орнын түсінуінде елеулі өзгерістер болатындығы байқалды. Олардың отбасында, мектептегі әр түрлі сыныптан тыс жұмыстарға қатыса отырып, күнделікті өмірді бағалауға, өзін-өзі танып-білуге, өзіне бақылау жасауға дағдыланып, өз күшімен әрекет жасауға ұмтылысы жүргізілген сауал-сұрақтарға жауаптарынан, жазған шығармаларынан көруге болады.

Бұл жастағы балалардан анықталған тағы бір ерекшелік -балалар намысқой, өктем сөзді ұнатпайды, үлкендердің бақылауын қаламайды, олардың мінезіндегі шындық пен жалғандықты ажыратуға тырысады, бұл өзгерістер балалардың жеткіншек кезеңге көше бастағанының белгісі болып табылады.

Зерттеу жұмысымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру процесінің психологиялық механизмін ашып көрсетуде психолог-ғалымдар анықтаған сана, сезім, сенім, іс-әрекет сияқты психикалық бөліктерді негізге алдық.
Біздер педагог-психологтар Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, В.В.Богославский, А.П.Леонтьев, П.М.Якобсон және М.Мұқанов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева және т.б. еңбектерін талдау нәтижесінде жеткіншек шақта адамның негізгі қасиеттеріне, мінез-құлық сипаттарының тұрақталуына, адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің жетілуіне аса көңіл бөлудің қажеттілігі туралы қорытынды жасадық.

Л.И.Божович жеткіншектің мінез-құлқы әр уақытта саналы деңгейде жүзеге аспайтынын, әсіресе нашар оқитын оқушылардың адамгершілік сананың емес, адамгершілік сезімнің дамуына себепші болатын қатынастар жасайтындығын айтады.

Осыдан оқушылардың көңіл-күйінде бойында пайда болған сезім олардың санасына ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз.

Психологтардың пікірінше, сана өз болмысымен объективті дүниеге танып-білуге қызмет атқаратын психологиялық процестердің нәтижесі болып табылады. Экологиялық сана адамның нақты іс-әрекетінде жүзеге асып, экологиялық қатынастың көріну формасы болып таьбылады. Сондықтан экологиялық сана экологиялық сенімді тудырады деп есептейміз.

Экологиялық сенім болашақтағы қарым-қатынастың іргетасын құрайды. Ол баланың іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен әдет дағдысынан көрінеді. Іс-әрекет тұлға дамуының негізгі және қозғаушы күші болып есептелінеді.

Д.И.Фельдштейн оқушыларды қарым-қатынас сипатын көрсететін қоғамдық пайдалы істің жетекші рөлін атап көрсетеді.

А.Н.Леонтьев ”Адамның ішкі позициясына мәнді өтеді, сонымен қатар іс-әрекет арқылы жеке тұлғаны дамытуда психологиялық өзгерістердің енгізілуі жетекші іс-әрекет“ деп тұжырымдайды.

Сонымен, адамның қоршаған дүниемен өзара әрекетінің арнаулы формасы психикалық іс-әрекет болып табылады.

Психикалық бейнелеу мен іс-әрекеті процесінде адамдардың табиғи және әлеуметтік ортаға белгілі бір қарым-қатынасы туындайды. Бұл жөнінде А.П.Сидельковский: ”Адамдардың табиғатқа қарым-қатынасын сана арқылы өтіп, психикалық негізі болатын іріктелген психикалық байланыстардың жиынтығы анықтайды”, - деп жазады.

Сондықтан жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәнін және бұл феноменнің қалыптасу процесін түсіну үшін адамның табиғи және әлеуметтік ортамен өзара әрекеті мәселесін зерттеудің ерекше маңызы бар екендігіне көзіміз жетті.

Адамның табиғатқа қарым-қатынасында адамның өзіндік қасиеттері айқындалып өзгереді, ал табиғаттың адамға ықпалы олардың өзара әрекетінің нәтижесінде танымдық, эстетикалық және этикалық аспектіде көрінеді. Жеке тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік белсенділігі мен психикасының қалыптасуы объективті шындықтың әртүрлі жақтарымен бірге жеке психикалық қатынастырдың кеңдігіне де байланысты. Себебі, объективті дүние мен қарым-қатынастар біртұтас жүйені құрайды, ал бұл байланыстардың бұзылуы тұлғаның белгілі бір қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғады. Бұл байланыстарды кеңейту жеке тұлғаны тәрбиелеп, одан әрі дамытады.

Адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының психикалық интерпритациясы адамның қоршаған ортамен, адамның адаммен және өз-өзімен қатынастары туралы тұжырымды бекітуге мүмкіндік берді. Адамдар сыртқы дүниемен әрекеттесіп, жақын маңдағы сезімдік – қабылдау ортасын өзгертеді. Бұл өзгерістер олардың санасы мен мінез-құлқында ізін қалдырып, психикасында бейнеленеді және оның дамуына жағдай жасайды.

Академик Т.Б.Лихачевтің пікірінше, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәні экологиялық дамыған сананың, сезімдік-психикалық күйдің және ғылыми негізделген еріктік- утилитарлық тәжірибелік іс-әрекетінің органикалық бірлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан, психика неғұрлым жақсы дамыса, адам соғұрлым өзгеріп, күрделі дүниеге тез бейімделеді, демек, экологиялық мәдениетті меңгеру үшін табиғатты және онымен қарым-қатынасты біртұтастықта тану қажет деп есептейміз.

Адам экологиялық мәдениетті меңгеру процесінде табиғатты және онымен өзара қарым-қатынасты біртұтас зерттеп, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасады.

Осылайша, экологиялық мәдениет адамның дүниені, оның іс-әрекетінің түрлері мен оның қасиеттері жөнінде білімдерге негізделген жалпы мәдениетті жүйеге келтіруші факторы болып табылады.

Сонымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру адамның өзі қоршаған табиғаттың құрамды бөлігі ретінде, онымен бірлікте екендігін саналы түсіну.

Психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, бала дамуының психологиялық шарты ең алымен оқу әрекетінде өтетін ойлаудың дамуы, атап айтқанда, оқушының мінез-құлқы, ақыл-ой қасиеттері ойлаудың теориялық формасы екендігі анықталды.

Көрнекті психолог, академик Т.Тәжібаев «Жалпы психология» атты оқу құралында басқа психикалық функциялармен салыстырған адамның ойы ерекше белсенді процесс дей келе: «Адам білімді болса, оның ойы да бай болады. Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы дүниеге қайтаратын жағымды не жағымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек, тереңірек тану үшін ондаған заттардың, болмыстардың өсіп-даму заңдарын білу үшін керек. Заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін олар жөнінде ғылыми білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабардар болуына» назар аударған.

Қорыта келгенде, адамның жеке мінез-құлқы, ұжымда, табиғатта өзін ұстай білуі, қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы мен ықыласы, қарым-қатынастағы енжарлығы, не белсенділігі, әрекетшілдігі оның психологиясы болып табылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру – тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды шарты. Сондықтан оқыту процесінде әр адамның жеке басының қабілеттерін, олардың психологиялық, физиологиялық мәдениетін қалыптастыоу тұтас педагогикалық процестің ең күрделі, өзекті міндеті деп есептейміз.

Экологиялық ағарту жұмысына маңызды проблема ретінде осыдан 30 жыл бұрын көңіл аударылды. Бұл проблемамен халықаралық деңгейде Біріккен Ұлттар Ұйымының халық ағарту ғылым мен мәдениет мәселелері жайындағы мемлекет аралық ұйымы (ЮНЕСКО) айналысады. ЮНЕСКО–ның биосфера байлықтарын ұтымды пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекетаралық конференциясы 1968 ж (Париж). «Адам және биосфера» бағдарламасын қабылдап, экологиялық білім берудің қазіргі заманғы ғылыми негіздерін, оны жүзеге асыру проблемаларын қарастырды

Одан соң 1970-жылдары Стокгольм, 1972-жылы Тбилиси қаласында экологиялық білім туралы халықаралық ғылыми конференциялар өткізілді.

Бұл конференцияларда қоршаған орта туралы білімнің даму стратегиясын қабылдап, білімнің әр түрлі кезеңдеріне сәйкес экологиялық ағарту жұмысын жетілдіру жөнінде 40-тан астам нақты ұсыныстар жазылды.

ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майор, экологиялық проблемаларды шешудегі ең маңызды фактор – экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, ол үшін барлық мектеп жүйесіне адамзатқа қауіп төндіретін проблемалармен таныстыруды енгізу және «адам-қоғам-табиғат» арасындағы байланысты ғаламшарлық деңгейде түсінуді ұйымдастыру қажет екендігін атап көрсетті.

Ал 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен ғылыми конференция ХХ ғасырдың көкейкесті мәселесі - экологиялық білім беру проблемасын қайта қарап оның негізгі 3 бағытын айқындап берді:

А) биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру:

Ә) халыққа экологиялық білім беру:

Б) жұртшылық арасында экологиялық үгіт–насихат жұмыстарын жүргізу.

Экологиялық білім мен тәрбие берудің түрлі бағыттарының негізінде бірнеше тенденцияларға бөлуге болады:

- бірінші тенденция экологиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру бағытымен сипатталады. Ол бойынша, экологиялық білімді меңгеру, табиғи ортадағы кешенді проблемаларды көру арқылы экологиялық дағдарысты шешуге бағытталған қабілеттілікті қалыптастыру міндеті болды. Бұл тенденция көптеген елдердің тәжірибесінде, оның ішінде Ресейдің қазіргі білім стратегиясында маңызды орын алып отыр.

Осы тенденцияның шеңберінде оқушы тұлғасын қалыптастырудың философиялық негізі ретінде коэволюциялық тұрғыдан қарау дамыды, мәселен, Л.И.Новикова, Е.С.Карпинской, И.К.Лисеев және А.П.Огурцов енгізген коэволюция идеясы.

Коэволюция дегеніміз - жүйедегі немесе біртұтастықтың ішкі бөліктеріндегі ілеспелі, өзара келісілген өзгерістер. Коэволюция ұғымы экология ғылымынан шыққан, бұл теорияны Эрлих және Равен (1965 ж) ұсынды. Белгілі эколог Ю.Одум коэволюцияны тығыз экологиялық байланысты болатын организмдердің екі үлкен тобының бір-біріне селективтік әрекеті бар организмдер арасындағы эволоюциялық өзара әрекеттің типі ретінде анықтайды. Н.Ф.Реймерс коэволюцияны қатарлас ортақ эволюциясы ретінде, яғни табиғат пен адамзаттың тарихи бейімділігі деп есептейді.

Академик Н.Н.Моисеев коэволюция идеясының кең таралуының мәні оның ғылымилығында ғана емес, сонымен бірге, оның адамгершілік мазмұнын талқылай келіп, «коэволюциялық императивтігінде» деп көрсетеді.



  • екінші тенденцияның философиялық негізі Р.Штейнердің

антропософтық ілімі болып табылатын вальдорф мектептеріндегі экологиялық тәрбиені жүзеге асыру. Бұл мектептерде оқушыларды өздерін қоршаған сыртқы ортадағы өсімдіктерді, жануарларды, адамды сырттай қарап, бақылауға үйреткен. Осының нәтижесінде балалар табиғи ортаны сезіммен ғана емес, оны жандандыратын тіршіліктің өзімен де бірігіп, өмірдің шындығына енеді. Мәселен өсімдікпен іштей түсініп, онда ауырлық күшінің әсерінен тамыр арқылы жерге бекитіндігін, ал керісінше гүлдің бүршік ататын нүктеге жоғары көтерілетінін сезеді. Осылайша, білім тұлғамен бірге өмір сүріп, оны ой елегінен өткізуге және қоршаған ортаға ұқыптылық қарым-қатынасын қалыптастыруға мүмкіндік береді.

- үшінші тенденция технология мен стратегияны

қалыптастыруды бағдарлаумен сипатталады. Табиғатпен өзара әрекеттің сәйкес стратегиясы мен табиғатқа қалыптасқан қарым-қатынасы болған кезде де адам өзінің алған білімін және қарым-қатынасты практикалық іс-әрекетте жүзеге асыруда дәрменсіз болғандықтан, экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндігі болмайды. Бұл жерде тұлғаның іс-әрекеттік компоненті бірінші орынға қойылады

Педагогикадағы бұл «технологиялық» бағыт екінші «қарым-қатынастық» бағытты толықтырады, бірақ ол дербес дамиды.

Қазақстанда экологиялық білім мен тәрбие беру соңғы жылдары жолға қойыла бастады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен қабылданған «Білім беру заңы» (1999), «Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау заңы» (1996), «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996), «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігін сақтау концепциясы» (1997), «Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999) және т.б. құжаттар осының айғағы болса керек.

Экологиялық тәрбие беру біздің ұлтымыз үшін жаңа ғылым емес, оның негізі сонау Асанқайғы атамыздан басталатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттер. Оны қайта түлету жаңа заманға, талапқа сай жеткіншектердің бойына ұялату бүгінгі көзі ашық, көкірегі сергек ұстаздардың қабілетіне, білімі мен парасатына байланысты екендігін Ж.Б.Шілдебаев атап көрсетті.

Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі моделі қолданылып келеді. Олар:

- көп пәнді жүйе (барлық пәннің өздерінің ортақ тақырыбына сәйкесендіріп экологиялық білім беру)

- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі):


  • аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.

Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды (1999). Оның негізгі мақсаты – көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:

- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру:



  • мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру:

  • арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру:

  • жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша):

  • мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру:

  • көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелер 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол: орта мектеп (10-11 сыныптар), негізгі мектеп (5-9 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс.

Осыған орай, ғалымдар И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина, А.Н.Захлебный еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын шешуде төмендегі бағыттарды тұжырымдадық:

- экологиялық материалдарды оқып-үйренуде зерттеудің жүйелілігі және үздіксіздігін;

- қоршаған табиғи ортаны оқып-үйрену мен жақсартуда оқушылардың іс-әрекетіндегі интеллектуалдық және сезімдік еріктің бірлігін;

- оқыту процесінде экологиялық проблеманың халықаралық, ұлттық және өлкетану тұрғысынан ашып көрсетудің өзара байланысын қамтамасыз ету.

Сонымен психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, іс-тәжірибені талдау негізінде біздер оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруды бастауыш сыныптардан бастау керек деген тұжырымға келдік. Себебі, дәл осы жаста оқушының өмірде және табиғи ортада белсендік көрсетуге ұмтылысы маңызды роль атқарады.



2. Эксперименттік-тәжірибе жұмыс жағдайында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жүйесі
2.1. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері
Мектептегі білім мазмұнын құрылымына қойылатын қазіргі заман талаптарының бірі – дүние мен адам жөніндегі тұтас білімді жан-жақты қайта жасаумен сипатталады.

Білімге жаңа көзқарас, оның құнды мағынасын заманға лайықты түсінуден шығатын әлемдік мәдениеттің тұтас контекстімен арақатынасын белгілейді, білім мазмұны құрылымының нәтижесі ретінде білімнің жаңа формаларын жасауға бағыттайды. Бұл проблеманы шешудің тәсілдерінің бірі оқу материалының мазмұнын ұйымдастыру формасы ретіндегі интеграциясымен байланысты. Интеграция (латын тіліндегі қайта құру, толықтыру деген сөзден шыққан) кез келген элементтер мен бөліктерді тұтас біріктіруді көрсетеді. Интеграцияның диалектикалық аспектісі контексте оқу материалы мен ғылымның арақатынасын анықтау проблемасын қарастырады.

Бүгінгі қоғамның тереңдеп келе жатқан процесі мектептегі ғылымдар негізінен білім беруді, ғылымдардың алуан салаларының өзара байланысымен интеграцияның жаңа дәрежеге көтерілуі негізінде құруды талап етіп отыр.

Осыған орай, пәнаралық байланыстың философиялық, психологиялық, жалпы ғылымдық және арнайы дидактикалық негіздері анықталған.

Пәнаралық байланыс күрделі және көп жақты проблема. Оның философиялық көзі ғылыми білім мен ғылымдар интеграциясынан келіп шығады. Интеграция ғылымның даму тарихында бұрынна келе жатқан проблема. Ғылыми білімнің бірлігі туралы идея ертедегі ойшылдар еңбектерінде орын алған. Бұл проблеманың философиялық негізін ойшылдар Платон, Аристотель, И.Кант, Г.Гегель, Д.И.Менделеев, И.П.Павлов және т.б. әртүрлі тұрғыдан шешуге тырысты. Слнымен қатар Н.И.Вавилов, А.И.Берг, М.А.Марков т.б. ғылымдар арасындағы байланыс мәнін ашу мәселесіне назар аударды.

Классикалық педагогикада Ы.Алтынсарин, Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, Н.К.Крупская т.б. ғалымдар еңбектерінде пәнаралық байланыс идеясы көрініс тапты.

Оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде зерттеген одақ көлемінде психолог, педагогтар мысалы, оқу материалын меңгеруде пәнаралық байланыстың қызметі туралы (П.Г.Кулагин, Н.П.Черкас-Заде, Э.С.Радлов т.б.), пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың білім дағдыларын қалыптастыру туралы (Т.К.Александрова, Н.А.Лошкарева, Г.И.Батурина т.б.) пәнаралық байоаныстың әдіснамалық негізін (М.Д.Зверев, В.Н.Максимова), пәнаралық байланыстың оқушылардың дүние заңдылығын танып-білуге құштарлығын арттыруға жөнінде (Н.А.Чурилин, В.В.Моткин), пәнаралық байланысты оқу процесін үйлесімді ұйымдастырудың бір тәсілі ретінде (А.А.Миркулова) ғылыми зерттеулерінде қарастырады. Пәнаралық байланыстың тәрбиелік мәніне Г.И.Беленький, И.Д.Зверев, В.М.Коротков, В.Н.Максимова еңбектерінде көңіл бөлген.

Соңғы жылдары бұл мәселемен философтар А.Н.Аверьянов, К.М.Кедоров, П.В.Копнина, С.Т.Мелюхина, М.Г.Чепиков т.б. шұғылданды.

Қазақстанда педагог-ғалымдар (Р.Г.Иванов, А.А.Бейсенбаева және т.б.) пәнаралық байланыс проблемасын жан-жақты, дидактикалық, филофиялық, педагогикалық тұрғыдан күні бүгінге дейін ерекше ғылыми бағыт ретінде зерттеп келеді.

Қазіргі заманда пәнаралық байланыс проблемасы білім мазмұнын жаңарту тұралы ретінде көкейкесті. Білімді гуманизациялау контексінде пәнаралық байланыстың әдіснамалық аспектісі қаралады. А.А.Бейсенбаева пәнаралық байланысты білімді гуманизациялау құралы ретінде қарастыра отырып, осы аспектінің айқындалуы қазіргі ұлттық мектептің білім мазмұнын жаңартудың маңызды шарты болып табылады деп есептейді. Сондықтан, мектеп бағдарламасы мен оқулықтарындағы адамгершіліктің деңгейін арттыру төмендегі бағыттарда жүреді: тәрбие мен оқудың бірлігі, оқушылардың жан-жақты дамуы: ғылым негіздерін әдіснамалық, диалектикалық деңгейде оқыту: ізгілік пен адамгершіліктік маңызы бар теориялар, заңдылықтар, ұғымдар, жетекші идеялар жүйесін айқындау: теорияның өмір мен байланысын, жоғары маманды кәсіптік еңбекке дайындауда өзіндік вариантты таңдау үшін жағдай жасау, әсіресе экономикалық сферада тез өзгеретін жеке өмірлік жағдайларды ескеру және олармен байланысты күшейту.

Соңғы жылдары А.А.Бейсенбаеваның басшылығымен пәнаралық байланыс проблемасы әртүрлі бағытта зерттелінді.

-«Пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда ғылыми ұғымдарды қалыптастыру» (Р.А.Аббасов, А.1997 ж):

- «Жалпы білім беретін мектептерде оқыту процесін жетілдіруде комьпютерді пайдаланудың педагогикалық мүмкіндіктері» (В.Рах.А.1991ж);

- «Пәнаралық байланыс - музыка мұғалімінің танымдық шығармашылық белсенділігін қалыптастырудың шарты» (С.А.Илларионов.,А.,1991ж):

- «Пәнаралық байланыс – оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің негізгі бір жолы (қазақ тілі пәндеріндегі пәнаралық байланысқа негізделген )» (Н.А.Оразахынов.,А.,1993ж):

- «Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру» (А.Р.Бектеньярова.,А.,1993ж):

- «Көркем әдебиет құралымен жеткіншектердің табиғатқа деген адамгершілік қатынасын қалыптастыру » (К.Ш.Көккөзова.,А.,1994ж):

- «Пәнаралық байланыс арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие беру» (А.Д.Болтаев.,А.,1994ж):

- «Оқыту процесінде пәнаралық байланыс негізінде оқушыларда(8-9 сыныптар) гумандық қарым-қатынасты қалыптастыру» (Г.К.Шолпанқұлова.,1995ж).

Сонымен қатар пәнаралық байланыс проблемасымен Қ.Мұқанов, С.Мұсабеков, Р.Б.Лонштейн, М.Ә.Құдайқұлов,И.М.Горбачева және т.б. шұғылданды. Олар өз еңбектерінде мұғалімдерді пәнаралық байланысты жүзеге асыруға дайындау мәселесіне назар аударады.

Пәнаралық байланыстың философиялық негізіне дүниедегі барлық заттың, құбылыстардың бірімен-бірінің өзара байланыстылығы туралы тұжырымдалған білім алынады.

Обьективті дүние белгілі заңдылықпен ұйымдасқан жүйе болғандықтан, оны танып білуде де ғылымдар арасындағы байланыстар қажет.

Негізінен оқу пәндері әр ғылымның логикасына сүйенетіндіктен олар бір-бірінен өз алдына оңашаланып бөлектенбейді. Сондықтан ғылымның міндеті өзара байланыстылықты танып, білу.

Осыған орай, соңғы жылдардағы блоктік жүйемен алынған курстар оқушыларға пәнаралық байланыс негізінде білім беруді көздеп отыр. Бұл бағыт жеке тұлғаның интеллектуалдық потенциалын дамытуды, дүниетанымын қалыптастыруды жүзеге асыруға көмектеседі.

Пәнаралық байланыстың психологиялық негізі психологиялық, физологиялық заңдылықтарға негізделген.И.П.Павлов мидың аналитикалық-синтетикалық қызметін зерттеп, оның үздіксіз дамуда,өзгерісте болатынын анықтайды. Мида сыртқы дүниеден қабылданатын көптеген тітіркендіргіштер реттеліп, жүйеге келетінін түсіндіреді.

Сондықтан, ойлау нерв процестерінң күрделі динамикалық жүйесі болғандықтан, ол мидың анализ, синтез қызметімен орындалады. Бұл жүйеге әр пәннің өз ішіндегі және пәндер бірлестігіндегі білімдер жүйесі сәйкес келеді.

Қорыта келгенде, пәнаралық байланыстың физиологиялық, психологиялық негізінің нәтижесі білімдер жүйесінің мида орналасуы, адамның үнемі алға ұмтылушылығына жағдай туғызады да, оның шығармашылық іс-әрекетіне дайын бола алатындығын дәлелдейді.

Ғылыми әдебиеттерде пәнаралық байланыстың дидактикалық негізіне оқу пәндері аланған. Ғылымдардың гуманитарлық табиғаттану және техникалық болып дәстүрлі топтастырылуы олардың зерттейтін объектілерінің ортақтылығына, пәндік қатынастардың бірлігіне негізделген.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыру экологиялық тәрбиеліліктің жалпы көрсеткіштері, оқушы тұлғасының интеллектуалдық, сезімдік, іс-әрекеттік саласында дамуы болып табылады.

Осыдан келіп, экологиялық мәдениет тұлғаның жаңа түрі, жалпы мәдениеттің бөлігі болғандықтан, тұлға құрылымындағы өзгерістерді, оның қалыптасу деңгейін ескере отырып, оның әлеуметтік және табиғи ортаға қарым-қатынасының ықпалын, іс-әрекетінің сипатын анықтайды.

Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбиенің әртүрлі технологиясы белгілі. Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу технологиясы оқушының тұлғалық дамуында іргелі бастыратын және тіршілік сапасының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйлестіру. Н.С.Дежникова: «Тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасында экомәдениеттік дисбаланс тәрбиелік технологияға бағытталған дамудың қозғаушы күші ретінде көрінетіндігін» анықтады.

Тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-әрекеттің нысаны, оның сондықтан өзінің ерекшелігін, өз-өзіне ғана емес, табиғатқа және әлеуметтік ортаға жауапкершілігін саналы түсінуін қалыптастыру негізгі педагогикалық міндет болып табылады. Француз географы Элиза Реклю «Адам өз бейнесі және ойына сәйкес қоршаған ортаны жасайтындығын» - көрегендікпен байқаған. Тұлғаның өзінің сыртқы және ішкі дүниесіне жауапкершілікті, саналы, қарым-қатынасы экологиялық мәдениеттің негізі болып саналады.

Қоршаған дүниені тану процесінде адам онымен қарым-қатынас жасап қана қоймай, оның көп аспектілі өзара әрекетін де саналы түсінеді. Адамның үйлесімді дамуында қоршаған дүниені өзара байланыстылықта танудың маңызы зор.

Сондықтан, пәнаралық байланыс оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың құралы ретінде тәрбиені тиімді жүзегеасыруға шындықты танудың барлық тәсілдерін меңгеруге, сонымен қатар, табиғи және әлеуметтік дүниенің маңызды күштерінің барлығын игеру процесіне қатыстыруға, дамытуға көмектесуі керек.

Тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасының үйлесімділігі оның экологиялық мәдениетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып сұлулықты бағалауға және қабылдауға үйоетуде пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері мол.

Табиғатпен өзара әрекет стратегиясы табиғаттағы байланыстардың айнадай бейнесі болып табылатын қарым-қатынастар жүйесі. Ол постбиологиялық зат ретінде өзінің дамуында адамның маңызын биосфераның объективті заңын түсіну, адамзаттың саналы келісімін қолдау идеясымен анықталады.

Нағыз мәдениет – табиғат, қоғам және тұлғаның үйлесімді бірлігі. Ғылыми жетістіктерді осылай бағалау планетарлық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Сондықтан әлемді, дүниені интеллектуалдық, адамгершілік және эстетикалық түсінудің бірлігі ерекше маңызға ие, бұл, өз кезегінде, экологиялық сананың негізін құрайды.

Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда оның ішкі дүниемен қарым-қатынасы үйлесімнің маңыздылығы тұлғаның сыртқы дүниемен қарым-қатынасының үйлесімділігінен кем емес. Тұлға үйлесімді біртұтас жүйе ретінде экологиялық іс-әрекеттерге қатысу үшін психикалық процестердің құрамды бөліктері арасында жоғары сәйкестілікті жүзегше асырады.

Осыған орай, оқушылардың экологиялық мәдениетін пәнаралық байланыс арқылы қалыптастыру «Адам – қоғам - табиғат» жүйесінде субъектілердің қоршаған ортаға ұқыптылық, жауапкершілікті қарым-қатынасын орнатуға жағдайлар туғызады.

Экология ғылымның интегралдық сипаты жаратылыстану ғылыми, қоғамдық-тарихи және гуманитарлық оқу пәндеріне ықпалын тигізіп, оларда экологиялық білімнің барлық деңгейінде мазмұны мен заңдарын айқындайтын әдістердің, қоғам мен табиғаттың, жүйелілігін қамтамасыз етеді.

Сондықтан зерттеу жұмысымызда И.Д.Зверевтің пәнаралық байланыс маңызын көрсететін кешенді сипаттамасын басшылыққа алдық:


  • ғылым негіздерін меңгеруде білім жүйесін дамытудың қажетті шарты

оқу пәндерінің арасында байланыстар құру;

  • дүниенің ғылыми бейнесіне негізделген диалектикалық материалистік

көзқарасын қалыптастыру – білім мазмұнының барлық құрамды

бөліктерінің арасында табиғи байланыстарды талап ету;



  • қазіргі өндірістің ғылыми негіздерін меңгеру технологиялық

құрылымдар мен процестердің әсер ету принциптерін түсіну,

политехникалық білім беру мақсатында пәнаралық байланысты

қолдану қажеттілігін қамтамасыз ету;


  • барлық пәндер бойынша оқу-тәрбие процесінің бірлігі арқылы

оқушылардың жалпы дамуында үлкен жетістіктерге жетуге, ақыл-ой

және дене іс-әрекетінің барлық саласында үйлесімді дамуына жағдай

жасау.

Біздер осының негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды жүзегше асыратын пәнаралық байланыстың әдістемелік принциптерін дайындадық:



  • ғылымилық принципі оқу мазмұнын теориялық білімдермен байытуды

ұйғарады, баланың эмпирикалық түсініктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, оны қоршаған дүние объектілерінің байланыстарын, тәуелділіктерін өз бетімен тануға үйретеді;

  • интегралдау принципі дүниенің тұтастығы мен бірлігін түсінуді

қалыптастыруға мүмкіндік беретін кез-келген ағзаның тіршілік ету құқығын мойындауға, «адам-табиғат», «адам-қоғам» және т.б. жүйедегі өзара әрекетті саналы түсінуге жағдай жасайды;

  • мәдениеттілік принципі оқушыны социумның әртүрлі жақтарына

қатыстыруға, әртүрлі әлеуметтік рөлдерді қалыптастыруға, мораль нормаларына мәдениетке, мінез-құлыққа, өзара қарым-қатынасқа бейімдеуге мүмкіндік жасайды;

  • танымның, ойлау мен іс-әрекеттің бірлік принципі қоршаған дүниені

қорғау және жақсартуда практикалық іс-әрекетті интеллектуалдық және сезімдік қабылдауға мүмкіндік береді, тұлғаның құрылуына, оның қоршаған шындыққа қарым-қатынасындағы әрекеті мен мінез-құлқына жағымды әсер етеді;

  • экологияландыру принципі адам денсаулығының қоршаған орта

жағдайына тәуелді екенін түсінуге, қоршаған ортаның эстетикалық, экологиялық және санитарлық-гигиеналық сапасын қорғауға, қамқорлық жасауға көмектетседі;

  • табиғи сәйкестілік принципі әрбір баланы оқыту мен тәрбиелеуде

нәтиже беретін әдіс-тәсілдерді іздестіруде ойластырады.

Жоғарыда көрсетілген пәнаралық байланыс принциптерінің негізінде қалыптасқан экологиялық мәдениеттің жаңа деңгейі тұлғаның рухани қалыптасуына және дамуына мүмкіндік туғызады.

Ғылыми-теориялық еңбектердің, мектептің озат тәжірибесіне байқау жүргізудің және өзіміздің педагогикалық ізденіс жұмысымыздың негізінде «Оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға» арналған үлгіні дайындадық.

Қорыта келгенде, пәнаралық байланыс оқушының табиғатта біртұтас дүние ретінде меңгеруіне, осының негізінде тұлғаның экологиялық санасын, экологиялық сенімін, қоршаған ортаға үлкен парасаттылық пен жауапкершілік қарым-қатынасын сипаттайтын экологиялық мәдениетті жоғары деңгейге көтереді.




2.2. Оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың мазмұны
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасы бойынша ғылыми әдебиеттерді талдау, мектеп тәжірибесін бақылау негізінде мынадай қорытында жасалды:

  • әлеуметтік-экологиялық қарама-қайшылықтардың

ғаламшарлық деңгейде шиеленісуі жағдайында «адам-қоғам-табиғат» жүйесіндегі қарым-қатынас үйлесімділігін қамтамасыз ететін мәдениеттің жаңа түрі экологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті ерекше мәнге ие болды:

- «қоғам-табиғат-адам» ойының дамуы жөнінідегі диалектикалық заңдылық оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы көрініс табу қажет.

Осыған орай, эксперименттік-тәжірибелік жұмысымыздың негізіне адам мен әлемнің ажырамас бірлігімен, олардың бастапқы біртұтастығы принциптерінің негізінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру идеясы басшылыққа алынды.

Қазіргі кезеңде экологиялық зардаптардың кең көлемде таралуы оның апатқа айналып кету қауіптілігі қоғам мен адамзат үшін экологиялық мәдениет проблемасының көкейкестілігін айқындайды.

Сондықтан экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты- оқушылардың экологиялық көзқарасын, санасын және табиғатқа парасаттылықпен жауапкершілік қарым-қатынасын қалыптастыру.

Зерттеу жұмысымызда оқушыларда экологиялық мәдениеттің қалыптасу деңгейінің диагностикасы әрбір жеткіншек және ұжым туралы алғашқы деректер жинаудан басталды. Эксперименттік – тәжірибе барысында бақылау, әңгімелесу, сауалдама жүргізу, оқушылардың іс-әрекеттерінің нәтижесін зерттеп білу сияқты педагогикалық әдіс-тәсілдер қолданылды.

Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін зерттеу оның көрсеткіштерін анықтауды қажет етеді. Экологиялық мәдениет көрсеткіштерін дайындау барысында олардың жас және психикалық ерекшеліктеріне, экологиялық тәрбиенің белгілі бір көрсеткіштеріне сүйендік. Осылайша, біздер, экологиялық мәдениеттің қалыптасу көрсеткіштерін зерттеу жасындағы оқушылардың интелектуаллдық, сезімдік, эстетикалық,адамгершілік және еңбек дамуын қозғайтын сапалық өзгерістерін, сонымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетінің көріну деңгейін басшылыққа ала отырып зерттедік.

Зерттеу барысында оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының мынадай өлшемдері (критерийлері) анықталды: оқушылардың табиғаттағы, қоғам мен табиғат арасындағы өзара байланысты, табиғи ортаны сақтау және көмек көрсету тәсілдері туралы экологиялық білімді меңгеру: қоршаған табиғи ортадағы оқушылардың мінез-құлығы: табиғатты сақтаумен көбейтуге бағытталған іс-әрекеттер: табиғатты қорғаудағы белсенділік ынталылық және дербестік: қоршаған ортаға жауапкершілік қарым-қатынасын көрсету: табиғатқа және оны зерттеуге қызығушылық: табиғатты зерттеу мен оны қорғаудың іскерліктері мен дағдылары: табиғаттың әсемдігі мен маңызын түсінуі.

Экологиялық білім, экологиялық сезім, экологиялық сенім, экологиялық сананы құрайды, ал қоғамдағы табиғатты қорғау туралы ұлттық дәстүрлер жөніндегі пікірлер, экологиялық іс-әрекет жасау және табиғатқа оның рбьектілеріне экологиялық қарым-қатынас негізінде экологиялық мінез-құлық қалыптасады (№1 кестені қараңыз).

16бет. Кесте



Жеткіншектерде экологиялық мәдениеттің қалыптасуының өлшемдері және көрсеткіштері

Экологиялық тәрбиеліктің құрамы

Экологиялық тәрбиеліктің өлшемдері

Экологиялық сана

  1. Экологиялық білім.

  2. Экологиялық сезім

а) әсемдікті, сұлулықты сезіну, әсерленушілік т.б.

  1. Экологиялық сенім

а) қоршаған ортаға ұқыптылық қарым-қатынас жасаудың қажеттілігін түсіну;

б) мінез-құлық ережелерін сақтау



Экологиялық мінез-құлық

  1. Қоғамдағы табиғатты қорғау туралы

ұлттық дәстүрлер жөніндегі пікірлер.

  1. Табиғатқа, оның объектілеріне

экологиялық қарым-қатынасы

Ескерту: көрсеткіштердің мәні:«5» -жоғары, «4» - орта, «3» -төмен деңгейлерді көрсетеді.

Осы аталған өлшемдер негізінде оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасуының үш деңгей белгіленді.

Экологиялық мәдениеттің жоғары деңгейі. Табиғатты қорғау, қалпына келтіру, жаңарту және көбейтудегі қоғамдық пайдалы еңбекте саналы қолданылатын, терең экологиялық білімі бар оқушылар жатқызылады. Оларда мінез құлық пен іс- әрекеттің экологиялық бағыттылығы айқын көрінеді. Олар табиғатқа зиян келтіретін адамдардың әрекетіне шыдамсыздық қарым-қатынаста болады, жоғары экологиялық санамен ерекшеленеді. Экологиялық іскерлік пен дағдылары мол болады,табиғатты қорғау және өлкетану жұмыстарына белсенді қатысады, өз бетімен білімін көтереді, көп оқиды, жұмыста мұғалімдердің белсенді көмекшілері, табиғат қорғауда белсенділік, дербестік көрсетіп, оны зерттеуге қызығушылық танытады, табиғаттан эстетикалық ләззат алады.

Экологиялық мәдениеттің орташа деңгейіндегі оқушылардың білімі үстірт, жеткіліксіз, нашар ұғынады және білімді өмірмен байланыстырмайды, тәжірибеде сирек қолданады. Табиғатқа қызығушылығы тұрақсыз, тұтынушылық қарым-қатынасын жасайды, оған зиян келтіретін әрекеттерге жол береді. Табиғатты қорғау іскеліктері мен дағдысы қалыптасқан, бірақ іс-әрекеттерде сирек көрінеді.

Экологиялық мәдениеттің төмен деңгейіндегі оқушыларда экологиялық білімі жоқ, табиғаттың маңызы мен әдемілігі түсінуге талпынбайды, табиғатқа қызығушылығы жоқ, табиғатты қорғау іскелігі мен дағдысы қалыптаспаған. Табиғатқа тұтынушылық қарым-қатынасын жасайды, оған зиян тигізеді.

Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жұмысының жүйесінің құрамына мотивациялық, мазмұндық, процессуалдық компоненттері енгізілді.

Бұл жұмыс жүйесінің мотивациялық компонеті оқушылардың іс-тәжірибелік меңгеруіне, қоршаған ортаға ұқыптылық қарым-қатынас жасаудың қажеттілігін түсінуіне және олардың табиғат пен оның обьектілеріне қызығушылығын туғызуға бағытталады.

Мазмұндық компонент пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға, танымдық белсенділігін арттыруға мүмкіндік беретін оқу пәндерімен экологиялық сипаттағы тақыраптардың мазмұнын белгілейді.

Ал процессуалдық компоненттің құрамына төменднгідей элементтер кіреді:


  • экологиялық–оқу-теориялық іс-әрекеті - оқушылардың білімді меңгеруі;

  • экологиялық-оқу-іс-тәжірибелік іс-әрекеті – оқушылардың экологиялық тәрбиелі тұлғаға қажетті іскеліктер мен дағдыны игеруі;

  • экологиялық ойын іс-әрекеті – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған оқыту процесінде ойын түрлерін қолдану;

  • экологиялық коммуникативтік іс-әрекет - оқушылардың табиғатпен және оның обьектілермен қарым-қатынасы;

  • экологиялық дербес іс-әрекеті - оқушылардың экологиялық өзіндік жеке жұмыстарды ұйымдастыру;

  • экологиялық бағалау-сын іс-әрекеті - оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмесін ұйымдастыру, табиғат құбылыстарын талдау және бағалау әрекеттері;

  • экологиялық көркем шығармашылық іс-әрекеті -

экологиялық оқушылардың жеке және ұжымдық

жұмыстарын ұйымдастыру.

Бұл жүйе негізінде жүргізілген эксперименттік жұмыстың нәтижелері оның мақсатқа сәйкестілігімен, практикалық маңызын айқындап көрсетеді, пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру процесінде іс-әрекеттің мазмұны мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сәйкес эксперименттік-тәжірибе жұмыстарын Алматы облысының Іле ауданындағы №26 орта мектепте және осы аудандағы екі мектепте жүргізіп, экспериментке 125 оқушы қатысты.

Бастауыш сынып оқушыларының мәдениет, экологиялық мәдениет туралы түсініктерін, ой-өрістерін айқындау мақсатында пікірлесу әңгімелері өткізіліп, сауал-сұрақтар беріліп, жауаптар алынды.

Сауалдамаға талдау жасағанда оқушылардың ой-пікрлері төмендегідей болды:

1. «Мәдениет», «экологиялық мәдениет» ұғымдарын қалай түсінесіз? – деген сұраққа оқушылар: «Мәдениет – халқымыздың салт-дәстүрлері, әдебиеті деп, ал экологиялық мәдениет – қоршаған ортаны қорғау, оған қамқорлық жасау» - деп жауап берді.

2. Өзіңнің таныс адамдарының ішінен кімдерді «экологиялық мәдениетті» адам деп ойлайсыз? – деген сұраққа оқушылардың 32 % ата-анасы мен тустарын, 14 % мұғалімдерді, ал 22 % экологиялық мәселемен шұғылданып жүрген зиялы қауым адамдарын жатқызады, 15 % жауап бермеген.

Сонымен сауалдаманың қорытындысы оқушылардың экологиялық мәдениетінің төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Оқушылардың 36,6% мәдениет экологиялық мәдениет туралы нақты түсінігі бар, 43,2 % түсінігі анық емес, ал қалған 23,2 % түсінігі жоқ.

Бұл зерттеуге алынған 125 оқушының 33,6% ғана мәдениетті, экологиялық мәдениетті түсінетіндігін көрсетті.

Сонымен бақылау, сауалдама жүргізу, әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер жеткіншектердің табиғатқа сүйіспеншілікті, ұқыптылық қарым-қатынасты,табиғатты қорғауға белсенді қатысу қажеттілігін түсінетіндігін анықтадық, бірақ әлі де болса табиғатты қорғау ісінде оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейінің төмен екендігі көрінді.

Экологиялық білімдері мен мінез-құлықтары арасында қарама-қайшылық байқалады. Біз алынған сауалнамаға сүйене отырып, экологиялық мәдениеттің қалыптасуының алғашқы деңгейін анықтадық.

Сонымен зерттеу жұмысымыздың мақсаты, объектісі, пәні және міндеттерінің бірі – Дүниетану мен Ана тілі пәндерін оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі алғашқы қарапайым түсініктер Ана тілі мен Дүниетану пәндерінде бастама алады. Сондықтан біз оқыту процесінде экологиялық мәдениетті тұлғағ тән сапаларды қалыптастыруда Ана тілі мен Дүниетану пәндерінің мүмкіндіктерін пәнаралық байланыс арқылы толықтырып пәндер арасында ортақ ұғымдық байланыс құруға баса назар аудардық.

Мысалы, «Күзгі еңбек» тақырыбын өту барысында Ана тілі (күз туралы ақын жазушылардың шығармалары), География («Табиғат компоненттерінің өзара байланысы »), сурет, еңбек пәедері байланыстырылады.

Ежелден табиғат аясында өмір бойы көшіп-қонып жүріп оның құпия сырларын игерген халқымыздың табиғат қорғау дәстүрлерін Дүниетану пәнінде пайдалануға назар аудардық. Мәселен, «Өсімдіктердің табиғаттағы, адам өмірндегі, халық шаруашылығындағы маңызы» тақырыбын өткенде «сімдік ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті қару жарағы, малыңа өріс, өзіңн қоныс» деген халық даналығын негізге алу отырып қазіргі ғылыми және халықтық медицинаның жетістіктері, дәрілік өсімдіктер және олардың маңызы туралы мәліметтер берілді.

Сонымен қатар экологиялық ұғымдарды меңгеру мақсатында оқу-тәрбие процесінде өсімдік атауларының қазақ тіліндегі баламасын табуда ізденіс-шығармашылық жұмыстары ұйымдастырылды.

Білімдер жүйесін қалыптастыру процесінде адамды жеке тұлға етіп тәрбиелеуде пәндер арасындағы байланыстың алатын орны ерекше. Себебі, оқу пәндерінің мазмұны арқылы білім, іскерлік пен дағдыны меңгеруі, әсіресе экологиялық мәдениетке тәрбиелеу жүзеге асады. Сондықтан біздер пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетінің қалыптасу деңгейін анықтадық, осы тұрғыдан Ана тілі мен Дүниетану пәндерін басқа оқу пәндерімен сабақтар жүйесін бақыладық.

Қорыта айтқанда, жоғарыда көрсеткендей Ана тілі мен Дүниетану пәндерін оқыту процесінде пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық білімдерін жинақтап, дамытып, оның негізіндн экологиялық іс-әрекет пен дағдыны қалыптастыруға көзіміз жетті.

Біздер оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын анықтау мақсатында мұғалімдермен сауал-сұрақтар жүргіздік. Бастауыш сынып мұғалімдерінің Ана тілі мен Дүниетануды оқытудағы ең басты міндеттерінің бірі – экологиялық мәдениетті қалыптастыру (69,9 %) деп есептесе, ал 27,4 %, бұл проблемаға сабақта мән берілетіндігін айтты.

Мұғалімдер жауабының нәтижелері төмендегі №2 кестеде көрсетілген.

№2 кесте


Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндетінің көкейкестілігін анықтау мақсатында мұғалімдерге берілген сауал-сұрақтардың нәтижелері


Реттік



Мұғалімдер берген жауаптардың мазмұны

Жауаптардың саны (процент есебінен)

1

Оқыту процесінде бұл проблеманы маңызды мәселелердің бірі деп есептейді, бірақ сабақта оған белгілі дәрежеде көңіл бөлінбейді

69,70

2

Бұл міндетті жүзеге асыруға сабақта

мән беріледі



27,40

3

Экологиялық білім беру міндеттерін жүйелі жүзеге асыру маңызды деп

есептейді



89

4

«Экологиялық мәдениет» ұғымының маңызын түсін- діре алады

5,57

5

Оқулықта және бағдарламада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оқу материалы жеткілікті

деп есептейді



19,54

6

Оқушылардың экологиялық білімін, іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруға жүйелі бағытталған жұмыстар жүргізеді

4,5

Мұғалімдердің көпшілігі экологиялық мәдениетті қалыптастыруда қазіргі бағдарламалар мен оқулықтарды оқу материалдарының жеткіліксіздігін көрсетіп, өз пікірлерін білдірді. Сонымен, оқушылардың экологиялық мәдениетн анықтаудың бастапқы кезеңі анықталды.



Қорытынды
Қазіргі таңдағы әлеуметтік экологиялық қарама-қайшылықтардың ғаламшарлық деңгейде шиеленісу жағдайында «адам-қоғам-табиғат» қарым-қатынасы жүйесіндегі үйлесімділігін қамьтамасыз ететін мәдениеттің жаңа түрі – экологиялық мәдениетті қалыптастыру міндеті ерекше мәнге ие болды.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының тұжырымдамаларында көрсетілген білім мен тәрбие беру идеясы зерттеуіміздің бағытын, оның әдіснамалық негізін айқындай түсті.

Қазіргі ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы және өзара байланысы, ғылымның, жеке адамның дамуы, ғылымдар арасындағы байланыс адамның интеллектілік өрісін байытумен бірге бүкіл азаматтық байлықтың бірлігін, тұтастығын көрсестеді.

Зерттеу жұмысымызда жетекші қағида адам мен әлемнің өзара ажырамас бірлігі мен біртұтастығы принциптерінің негізінде пәнаралық байланыс арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру негізгі мақсат болу керектігін сипаттайды. Экологиялық мәдениет «Адам-қоғам-табиғат» жүйесінде жалпы адамзаттық мәдениеттің құрамды бөлігі ретінде маңызын аша отырып, тұлғаның дамуының негізін көрсетеді.

Экологиялық мәдениетке тәрбиелеу проблемасы мектеп мұғалімдері, жоғарғы оқу орындарының педагогтары және философтарының, социологтар мен психологтардың назарын аударды.

Педагогикалық, психологиялық және философиялық әдебиеттерге талдау жасауда "мәдениет", "экологиялық мәдениет" ұғымдарының маңызы айқындалды.

Сонымен зерттеу проблемасын шешуде оның теориялық негізін анықтау нәтижесінде төмендегідей қорытынды жасалды:

- қазіргі әлеуметтік экологиялық өзгерістер қоғамында өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға бағытталған мәдениеттің жаңа түрі-экологиялық мәдениетті қалыптастыоу керек:



  • оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда Абай, Шоқан,

Ыбырай шығармаларын, ғұлама ойшылдардың педагогикалық мұраларын, сонымен қатар қазақтың ақын-жыраулары мен ұлы зиялылардың (Ж.Аймаутов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев) еңбектерін танып-білу үлкен көмегін тигізеді.

Біздің зерттеуіміздің нәтижесінде бастауыш сынып экологиялық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері айқындалды: психологиялық жас ерекшеліктеріне, әр жеткіншектің өзіндік дара ерекшелігіне сай биология пәнінің оқу материалы іріктелінді: оқушылар өз еркімен және қажеттілігіне қарай әр түрлі экологиялық іс-әректтерге қарастырылды.

Экологиялық мәдениет өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Сондықтан оның анықтамасын барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған орта ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын ерекше қасиеті-деп тұжырымдауға мүмкіндік береді.

Педогргикалық ізденіс жұмыстарымыздың негізінде «Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру» атты үлгі дайындалды.

Зерттеу барысында экологиялық мәдениеттің төмендегідей құрылымдық бөліктері анықталды:

- экологиялық білім:

- экологиялық сана:

- экологиялық іс-әрекет:

- экологиялық қарым-қатынас.

Жүргізілген жұмыстың маңызды нәтижелері оқушылардың экологиялық білімінің тереңдетілуінен, оларда экологиялық іс-әрекет жасауда өзінің шешімі, ішкі сенімі бойынша жасауға дайындығы мен талпынысының пайда болуынан көрінеді.

Біз зерттеу барысында экологиялық мәдениетті тәрбиелеудің төрт аспектісін бөлдік:


  • танымдық аспектісі. Экология, жаратылыстану, әлеуметтік және

техникалық мәліметтер енгізілген табиғат жөніндегі кіріктелінген білімдердің жүиесі. Сондықтан, оқушылар экологиялық ғылымының негізгі ұғымдары оның жалпы заңдары және экологиялық мәселелерді шешудің, табиғатқа адам ықпалының зардаптарын жоюдың әдістері туралы білімдерді меңгеру қажет:

  • Іс-әрекет аспектісі оқушылардың табиғатқа ұқыптылық қарым-

қатынасына бағытталған іскерліктері мен ісінде көрінеді, сондықтан бұл аспектігіне ерекше көңіл бөлу қажет:

  • эстетикалық сезімдік аспектісі. Табиғаттың әсемдігін көріп сүйе білетін адам оның қорғаудың қажеттігін сезініп, түсінеді де табиғи ортаны қорғауға белсене қатысады, сондықтан табиғат пен тікелей қарым-қатынастың негізінде эстетикалық жағынан дамыған тұлғаны қалыптастыруға көңіл бөлу керек:

  • құндылық аспектісі. Қоғамның материалдық және рухани байлықтарының қайнар көзі-табиғат. Сондықтан оқушыларда табиғат пен адамның іс-әрекетіне құндылық қарым-қатынасын қалыптастыру қажет.

Зерттеу барысында Ана тілі мен Дүниетану пәндерін пәнаралық байланыс негізінде сабақтар жүйесі өткізілді.

Қорыта келгенде,оқыту процесіне пәнаралық байланыс арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, табиғат байлықтарын қорғауды жоғары гумандық іс-әрекетін жүзеге асыратын жеке тұлғалық сапаларда: экологиялық білімділік, экологиялық саналық, табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасын меңгеруіне бағыт-бағдар беретініне көзіміз жетті.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


  1. Білім туралы – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы.

А.: «Литера», 2000-96 б.

  1. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі. 1993.-9 сәуір.

  2. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.// Егеменді Қазақстан: 1994 жыл:25 тамыз.

  3. Ақназаров Б.З., Шыныбекова Э.И. Оқыту процесінде тәрбиелеу.- А., 1972.

  4. Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование строя мышления в процессе деятельности.-А., 1991.

  5. Шалабаева Г.К. Этнос. Культура. Самасознание.-А. Атамұра, 1995.-240 с.

  6. Құнанбаев А. Шығармаларының жинағы. І-ІІ том. –А: Жазушылар, 1977.-156-184 б.

  7. Философиялық сөздік (Редкол: Р.Н. Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин.-Алматы: ) «Қазақ энциклопедиясы», 1996-525 б.

  8. Аверинцев С.С.Философский знциклопедический словарь.-М: Советская энциклопедия, 1989.-с. 581-582.

  9. Словарь по этике Под ред. И.С.Кона.- М.: Политиздат, 1993.-445с.

  10. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаева Г.,Иманбаева С., Айтмамбетов Б., Бейсенбаева А. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы.-А., 1999. –153 б.

  11. Каган М.С.Человеческая деятельность: опыт системного анализа. –М.: Политиздат, 1975.-328с.

  12. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста: / СБ.: К 125-летию со дня рождения. / Предисл. А.Л. Яншина и др., прим. И.И. Мочалова, К.П. Флоренского/: АН СССР.-М.: Наука, 1988. –19с.

  13. Гирусов Э.В. Природные основы экологической культуры //Экология, культура, образование:/ М-лы к конф./ / Редкол.: Мамндов Н.М./ отв. Ред/.-М .: Б.И.,1989. –С.11-18.

  14. Организация экологического образования в школе: Пособ.Для раб- в ср. Общеоб. Шк. Пробл. Совет по экол. Обр. АПН СССР:/ Суравегиной.- Пермь :Б.И.,1990.-148с.

  15. Лихачев Б.Т. Экология личности. // Педагогика. –1993. С. 19-23.

  16. Полинчак Ф.Я., Платонов Г.В. Экологические отношения, срзнание дятельности // Вест. Моск. Ун-та. –Серия, 7. Философия.-1987.-№4. С.74-82.

  17. Мясищев В.И. Социальная психология и психология отношений./ Проблемы общей психологии.-М.: Педагогика, 1965.-С. 270-280.

  18. Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания. –Сов. Педагогика,1965. №1, с. 36-42.

  19. Эльконин Д.Б: Психология игры.- М.: Педагогика,1978.-304с.

  20. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. Психологическое иследование –М.: Просвещение,1968.-464с.

  21. Лихачев Б.Т. Воспитательные аспекты обучения. –М.: Просвещение, 1982.-1191с.

  22. Самари Ю.А. Очерки психологии ума.- М.: Изд-во АПН РСФСР, 1962.-504с.

  23. Калиев С., Майгаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаев Г., Иманбаева С., Айтмамбетова Б., Бейсенбаева А. Теория и методика воспитания школьников (1-1Х классы).-А., 1999.-138с.

  24. Бейсенбаева А.А. Межпредметные связи- важнейший резерв повышения эффективности идейно-нравственного воспитания школьников // Межпредметные связи в идейном воспитании учащихся: тезисы докладов.-А.,1990.-С.20-25.

  25. Жарықбаев Қ.Б. Психология. –А.: Мектеп, 1970.-232с.

  26. Жампеисова К.К.Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы.-А., 1993.-232с.

  27. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Изд. 2-е перераб. –А.: Мектеп, 1964.-144с.

  28. Мұқанов М.Педагогикалық психология очерктері.-А.:1962.

  29. Мұқанов Б.Ы. Жеткіншектердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен дамытудағы мұғалім мен оқушының өзара қатынасының педагогикалық негізі.-А.,1992.-267б.

  30. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.-А.:Мектеп,1978.-110 б.

  31. Тәжібаев Т.Жалпы психология.-А.: Қазақ университеті,1993.-240 б.

  32. Узакбаева С.А. Эстетическое воспитание школьников средствами народной педагогики. Дис.док.пед.наук.-А.,1993

  33. Педагогическая энциклопедия. –М.: Изд-во Советская энциклопедия, 1964.-831с.

  34. Жұмабаев М.Б. Педагогика.-А.: Ана тілі,1992.-256 б.

  35. Фельдштейн Д.И. психологические основы общественно-полезной деятельности подростков.-М.: Педагогика, 1982.-224с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет