Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы



бет1/5
Дата13.06.2016
өлшемі0.62 Mb.
#131926
  1   2   3   4   5


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Балалардың құқықтарын қорғау комитеті

Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы

А.Х. Арғынов, Р.А. Жұмақанова

Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық



Алматы, 2009 ж.

А.Х. Арғынов, Р.А. Жұмақанова Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық.- Алматы: Азаматтық білім берудің ғылыми-ақпарат орталығы, 2009.- 41 б.


© Азаматтық білім берудің



ғылыми-ақпарат орталығы, 2009

Мазмұны


Алғысөз




4

1-бөлім

Адам құқықтары саласындағы білім беру

5

2-бөлім

Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы - Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

8

3-бөлім

Балалар құқығын оқытудың әдістемелік талаптары

19

4-бөлім

Бала құқықтарына оқыту барысында балалар кітаптары мен анимациялық фильмдердегі сюжеттерді және кейіпкерлерді пайдалану

23

1-қосымша

Бала құқықтары туралы конвенция (балаларға арналған нұсқасы)

31

2-қосымша

«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР заңының баптары

(балаларға арналған нұсқасы)



35

3-қосымша

Бала құқықтары декларациясы (жеңілдетілген мәтін)

38

4-қосымша

Практикум

39

Әдибиеттер тізімі

41

Алғысөз

Қазақстан Республикасының егемендігін алғаннан кейінгі қол қойылған алғашқы халықаралық құқықтық құжаттарының бірі бала құқықтарын мойындайтын және қорғайтын мықты заңды құрал Бала құқықтары туралы конвенция болып табылады.

Қазақстанның халықаралық бірлестіктің құқықтық субъектісі ретіндегі балалардың құқықтарын қорғауға қатысуға ұмтылысы оған тиісті міндеттемелер жүктейді. Бұл, ең алдымен, бала құықтарын қорғау жағдайлары мен тетіктерін құру, елдің заңнамалық актілеріндегі балаларға қатысты халықаралық нормаларды қолдану, Бала құқықтары туралы конвенция материалдарын міндетті білім беру мазмұнына қосу және өсіп келе жатқан ұрпақтың құқықтық білім алуын кеңінен ұйымдастыру.

Бала құқықтары туралы конвенция елімізде Қазақстан Республикасы Парламентімен 1994 жылдың 8 маусымында бекітілді. 2002 жылдың 8 тамызында «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл оқиғалар оқушылардың құқықтық құндылықтарын, қатынастарын және нанымдарын қалыптастыруға бағытталған оқытушы кадрларды дайындау, жаңа оқу курстары мен материалдарын әзірлеу және енгізу проблемасын көтерді.

Балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы жасалған бала құқықтарын оқыту жөніндегі әдістемелік нұсқаулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша дайындалды. Бұл нұсқаулықта оқушыларды балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы бала құқықтарына оқытуды ұйымдастыру әдістемесі қарастырылған.

Оқу құралының міндеті:



  • оқушылардың түрлі жағдайларды талдау, елестетілетін жағдайларға қатысу және ертегі, анимациялық фильмдердің кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын бағалау барысында әлеуметтік құндылықтарын және азаматтық-құқықтық белсенділіктерін қалыптастыру;

  • топпен жұмыс істеу, өз пікірін білдіру, өз көзқарасы мен құқықтарын дәлелдеу, басқа адамдардың құқықтары мен бостандығын құрметтеу қабілеттерін дамыту;

  • балаларды құқықтық жағдайларды суреттермен көрсетуге тарту.

Бұл құрал мектеп әкімшісі, орта білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялар мен колледждердің сыныптан тыс және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы; педагогикалық жоғары оқу орындарының және Мұғалімдердің біліктілігін көтеру институттарының мамандары мен әдіскерлері, Балалардың құқықтарын қорғау департаменттерінің мамандары, қоғамдық және жастар ұйымдарының жаттықтырушылары үшін пайдалы болуы мүмкін. Оқу құралының материалдарын сабаққа дайындалу және сабақ жүргізу, семинар, консультация, байқау, бала құқықтары жөнінде форумдар өткізу барысында қолдануға болады.

Оқу құралында адам құқықтары саласындағы білім беру міндеттері қарастырылады. Бала құқықтары туралы конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы оқушыларды бала құқықтарына оқыту ресурсы ретінде қаралады. Құралда бала құқықтарына оқытудың әдістемелік талаптары, бала құқықтарына оқыту барысында балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану мүмкіндігі қарастырылады.

Оқу құралының қосымшасында Бала құқықтары туралы конвенцияның, «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы баптарының балаларға арналған нұсқасы, Бала құқықтары декларациясының жеңілдетілген мәтіні және бала құқықтарына оқыту барысында қолдану тиімді болуы мүмкін практикум келтірілген материал берілген.

1-бөлім. Адам құқықтары саласындағы білім беру

Құқықтық білім берудің маңызды шарттарының бірі – мектеп қабырғасында, қазіргі заманғы қоғамға біріктірілген және осы қоғамды жетілдіруді көздеген адам-азамат қалыптастыруға бағытталған оқушылардың сабақтан тыс, сыныптан тыс және мектептен тыс қызметін ұйымдастыру барысында құқықтық білім беруді ұйымдастыру әдістемесін меңгерген құзырлы мамандарды, әдіскерлер мен педагогтарды дайындау қажеттілігі.

Адам құқықтары саласындағы білім беруді анықтау кезіндегі басты элемент оның мақсаты болып табылады, өйткені әдіснамасы мен мән-мағынасына қарамастан ол адам құқықтары мәдениетін дамытуды көздейді. Мұндай мәдениеттің аса маңызды элементтері адам құқықтары саласындағы білім берудің жалпы міндеттерін анықтайды, олар:


  • адам құқықтарын және негізгі бостандығын құрметтеуді нығайту;

  • адамзат ар-намысын бағалау және өзін-өзі құрметтеуді және басқаларға құрметпен қарауды дамыту;

  • басқа адамдардың құқықтарын құрметтеуге апаратын қарым-қатынас пен мінез-құлықты дамыту;

  • өмірдің қай саласы болмасын әйелдер мен еркектер үшін шынайы гендерлік теңсіздік пен тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;

  • түрлі бағыттарды, әсіресе, түрлі ұлттық, этникалық, діни, тілдік және басқа да аз топтар мен бірлестіктерге қатысты түрліліктерді құрметтеуге, түсінуге, дұрыс қабылдауға ықпал ету;

  • азаматтылықты аса белсенділікпен көрсету үшін адамдардың мүмкіндіктерін арттыру;

  • демократияны, дамуды, әлеуметтік әділдікті, ұжымдық біртұтастықты, адамдар мен халықтар арасындағы ынтымақтастық пен достастықты қолдау;

  • адам құқықтарының жалпыға ортақ құндылықтарына, халықаралық түсіністікке, төзімділік пен зорлық-зомбылықты қолданбауға негізделген әлем мәдениетін құруға бағытталған халықаралық органдардың қызметін қолдау.

Балалық шақ – бала құқықтарын оқытуды бастау үшін ең ыңғайлы уақыт, осы шақта алған білім өмір бойы ұштала бермек. Мұның өзінде, адам құқықтары саласындағы білім берудің үштала түсетін жалпы міндеттерін баланың қоғамдағы және отбасыдағы өмірлік тәжірибесін, сондай-ақ оның басқа балалармен және ересектермен жеке қатынасының қалай қалыптасуын ескере отырып, кішкентай баланың өмірін нақты көріністірмен толтыратындай ыңғайластыруға болады.

Бала құқықтарын оқыту өз-өзіне деген сенімділік пен әлеуметтік төзімділік қасиеттеріне тәрбиелеуге, адам құқықтарының бүкіл мәдениетінің басты құрамдас бөліктеріне бағытталған:



  • өзін және басқаны бағалау;

  • адам құқықтарын күнделікті өмірде мойындау және құрметтеу;

  • өзінің жеке негізгі құқықтарын түсіну және оларды түйсініп үйрену;

  • айырмашылықтарды мойындау және құрметтеу;

  • қақтығыстарды зорлық-зомбылықсыз, басқа адамдардың құқықтарына құрметпен қарау арқылы шешіп үйрену;

  • балалардың әрекет ету қабілеттеріне сенімділіктерін, олардың адам құқықтарын қорғау мен дәлелдеу дағдыларын дамыту.

Бала құқықтарын қалай зерделеу қажет? Балаларға өздерінің құқықтарын күнделікті өмірде түсінуі үшін қандай білім қажет? Бала құқықтарын шынайы өмірде дамыту және қолдау үшін оларға қандай дағдылар мен ұстанымдар қажет? Осы құралдың Бала құқықтары туралы конвенцияны және еліміздегі балалардың құқықтары туралы Заңды зерделеуге негізделген материалдары осы сұрақтарға жауап береді. Құралды дайындаған авторлар құқықтық білім беру және Бала құқықтары туралы конвенция мен Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң баптарымен жұмыс барысында бала құқықтары туралы оқытуды, бала құқықтары үшін оқытуды және бала құқықтарын оқытуды қосатын жан-жақты тәсіл ретінде балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдарды қолдануды ұсынады.

Сабақ жүргізу барысында ең алдымен оқытушы мен оқушының қарым-қатынасына, оқушылардың интеллектуалдық, эмоционалдық, творчествалық әлеуетін көтеруге негізделген оқытудың интерактивті әдістері қолданылады. Мұндай бірлескен жұмыстың нәтижесі қабылдауға (ақпаратты жай есте сақтау) негізделген дәстүрлі әдістемеге қарағанда анағұрлым жоғары. Балалардың өз бетінше қызмет ету, эмоционалдық толғаныстары арқылы оқытудың интерактивті әдістері сабақты түсіну, білімді меңгеру, қабілеттер мен дағдыларды, құндылықтар мен қарым-қатынастарды қалыптастыруға зор ықпал етеді.



Білуге және түсінуге, ең алдымен, адам құқықтарының рухани жақтарын түсіну, Бала құқықтары туралы ковенцияда және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген бала құқықтарының негіздерін білу, балалардың дамуға және қорғауға ерекше құқықтарының барын білу, бала құқықтарының бұзылу салдарын түсіну, өз құқықтарын қорғау тәсілдері туралы білу жатады.

Бала құқықтары туралы білім баланың жасы мен бойындағы қасиеттеріне қарай құбылып тұрғанымен, әдетте ол төмендегі маңызды ұғымдарды қамтиды:

  • Адам құқықтары оның отбасыдағы, мектептегі, қоғамдағы және бүкіл әлемдегі жүріс-тұрысының стандарттарын ұсынады;

  • Адам құқықтарының нормалары оларды түсіндіру және жүзеге асыру әдістері түрлі болғанымен өзі әмбебап болып табылады;

  • Әрбір бала адам құқықтарына ие болуымен қатар басқа да адамдардың құқықтарын құрметтеуге міндетті. Мұндай құқықтарға қорғалу, қамсыздандырылу және қатысу құқықтары, мәселен, мазалаған мәселелер бойынша баланың өз пікірін білдіре алу құқығы және тағы сол сияқты құқықтар жатады.

Қабілеттер мен дағдыларға орын алған жағдайды, қоғамдық құбылыстарды адам құқықтары жағынан талдай білу, адам құқықтарының бұзылғандығын айыра білу, өз құқықтарын қорғай білу, топпен жұмыс істей: ынтымақтаса, көмектесе, бір-бірімен келісе білу, пікірталас жүргізе білу, көпшілік алдында сөйлей алу, тыңдай білу, бірлескен қызметті ұйымдастыра білу кіреді.

Құқықтық білім беру барысында балалар өздерінің қоғам өміріне араласуға, адам құқықтарының мәдениетіне өз үлестерін қосуға мүмкіндік беретін қабілеттер мен дағдыларды бойына сіңіреді. Бұған оқушылардың төмендегідей қызмет түрлерін ұйымдастыру ықпал етеді:



  • Белсенді түрде тыңдау және араласу: түрлі көзқарастарды тыңдай білу, өз пікірін айта білу және басқалардың, өзінің пікірін бағалай білу;

  • Сын көзбен ойлап қарау: дәйектер мен пікірлер арасын ажырата білу, теріс ұғым мен бір жақты пікірді, сондай-ақ түрлі айла-амалдарды тани білу;

  • Топпен жүргізілетін жұмысқа қатысу және қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу;

  • Консесусқа қол жеткізу;

  • Құрбы-құрдастармен орындалатын жаттығуларға белсенді қатысу;

  • өз пікірін сенімді түрде айта білу;

  • проблемаларды шеше білу.

Құндылықтар мен қарым-қатынастар басқа адамдарға құрмет көрсету, өзге көзқарастарға, мүдделерге, дәстүрлерге төзе білу, басқа адамның қайғысына ортақтасу және аяу, басқаның бойынан жақсыны көріп, оған жақсылық тілеу арқылы білінеді. Адам құқықтары балалардың, бүкіл адамдардың қалай бірге өмір сүру керек екендігі туралы қағидаттар ретінде қарастырылады. Алайда, адам құқықтары материалдық болмағандықтан, негізінен оның әрекеттері мен құндылықтары және көзқарастары арқылы көрсетілетіндіктен адам құқықтары саласындағы білім беруді аса күрделі де ұзақ жүретін түрі болып табылады. Балаларға арналған кітаптар, анимациялық фильмдер, мақалдар арқылы балалар өз құқықтарын сабақтағыдай, одан да көбірек оқи алады. Сондықтан да баламен жұмыс істейтін кез-келген адам өзі ықпал еткісі келген адам құқықтарының құндылықтарын түрлендіруге міндетті.

Үйретілуі міндетті адам құқықтары саласындағы ұстанымдарға мыналар жатады:



  • Өзіне және басқа адамдарға деген ізгі қатынас;

  • өз әрекеттеріне деген жауапкершілік сезім;

  • түрлі құбылыстарға деген әуестік, әділдік және түсінушілік;

  • басқа адамдарға деген жанашырлық және тілектестік, адам құқықтары бұрмаланған адамға көмектесуге ұмтылыс;

  • адамгершілік сезімі, өз құндылықтарын және әлеуметтік, мәдени, тілдік немесе діни айырмашылықтарға қарамастан басқалардың құндылықтарын құрметтеу;

  • әр адамға әділ қарым-қатынас үшін әділдік және әлеуметтік жауапкершілік сезімі;

  • өз мектебін немесе қоғамын жақсартуға үлес қосуға асығу.

Сонымен, жеке тұлға құқықтары дегеніміз – бұл әр адамның өмірлік тәжірибесінің бір бөлігі, сондықтан адам құқықтары саласындағы білім беру балаларды оқытудың күнделікті жүріп жатқан үрдісіне қосылуы тиіс. Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң балалардың адам құқықтарына деген қызығушылықтарын және осы құқықтарды өмір барысында түсінуін арттыру ресурстары болып табылады. Адам құқықтары саласындағы білім берудің басты мақсаттарының бірі құқықтарды қорғау әрекеттері болып табылады. Сондықтан, балалардың осы саладағы проблемаларды шешу үшін тиімді және мақсатты әрекеттер жасау қабілеттерін қолдап, дамытып отыру өте маңызды. Балалар үшін мұндай әрекеттер кітап, анимациялық фильмдер кейіпкерлерінің арасындағы құқықтық қатынастар ретінде болуы мүмкін, сонда олар шынайы өмірде топтағы немесе отбасыдағы қақтығыстарды шешу үшін өздерінің бауырларына деген қарым-қатынасын өзгерте алады. Бұл әрекеттер бұдан да ауқымды жерлерде, мысалы, Халықаралық адам құқықтары күнін атап өтуді ұйымдастыруда немесе адам құқықтары тақырыбына арналған суреттер мен қолөнер көрмелерін ұйымдастыруда қолданылуы мүмкін. Баланың жасына қарай, олар кішкентай болған сайын оларға ересек адамдардың көмегі көп қажет болады, бұл оқушылардың ұжымдық шығармашылық қызметін және балалардың ұжымдық жобалау қызметіне (мысалы, шығармашылық топ күшімен жасалатын Бала құқықтары жөніндегі кітап жасауға), жеке және ұжымдық Конкурстар мен Байқауларға, балаларға арналған кітаптар мен анимациялық фильмдердің сюжеттері мен кейіпкерлерін қолдану арқылы суреттер мен ашық хаттар жасауға қатысуға мүмкіндіктерін дамытуға ықпал етеді.

Конвенция_және_«Қазақстан_Республикасындағы_баланың_құқықтары_туралы»_Қазақстан_Республикасының_Заңы'>2-бөлім. Оқушыларға бала құқықтарын оқыту ресурсы - Бала құқықтары туралы Конвенция және «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы

Оқушыларға бала құқықтарын оқыту адам құқықтары мәдениетін қалыптастыруға бағытталған процесс болып табылады. Оқыту процесі балалардың белсенді түрде қатысуына негізделген, балалар адам құқықтары туралы білім алып, адам құқықтары проблемаларын түсіне бастайды, құқықты қорғауға және теңсіздік пен ар-намысқа ізгілікпен қарауға қажет дағдылар мен қасиеттерді бойына сіңіреді.

Сондықтан адам құқықтарын оқыту кез келген білім беру процесінде басты роль атқаруы тиіс. БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясы балаларды адам құқықтарымен таныстырудың баға жетпес құралы болып табылады. Бала құқықтары туралы конвенцияда балаларға тікелей қатысты адам құқықтары анықталған.

Бала құқықтарын зерделеу және қолдану балаларға адам құқықтарының негізін түсінуге, құқықтарды жеткізуші өздері екенін түсінуге, осы құқықтарды өзінің ортасына бейімдеуге және қолдануға көмектеседі. Бұл балаларды адам құқықтарына оқытудың басты мақсаты.



Конвенция преамбуласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген қағидаттарға сәйкес қоғамның барлық мүшелеріне тән қадір-қасиетін, теңдей және ажырамас құқықтарын тану жер бетінде бостандықты, әділдікті және бейбітшілікті қамтамасыз етудің негізі болып табылатынын, Біріккен Ұлттардың халықтары Жарғыда өздерінің адамның негізгі құқықтарына, жеке адам баласының қадір-қасиеті мен құндылығына деген сенімін қуаттағанын және кең ауқымды бостандықта әлеуметтік прогреске және өмір сүру жағдайларын жақсартуға жәрдемдесуге бекем бел буғанын айтады.

Преамбулада балалардың ерекше қамқорлық пен көмекке құқылы екені, бала қоғамда өздігінше өмір сүруге толық дайын болуға және Біріккен Ұлттар Ұйымының Жарғысында жария етілген идеалдардың, әсіресе, бейбітшілік, қадір-қасиет, төзімділік, еркіндік, теңдік және ынтымақтастық рухында тәрбиеленуге тиіс екені туралы айтылған.

Конвенцияда баяндалған нормалар мен міндеттемелердің мақсаты елдегі заңнамаға, саясатқа және бағдарламаларға, сондай-ақ халықаралық, ұлттық, үкіметтік немесе үкіметтік емес ұйымдар мен органдарға, олардың балаларға қатысты қызметтеріне бағыт-бағдар беру.

Конвенцияда бала құқықтарының тізбесімен қатар мемлекет тарапынан балаға қатысты мойындалуы тиіс міндеттемелердің тізімі берілген. Бұл міндеттемелер тікелей болуы мүмкін, мысалы, білім алу үшін мүмкіндік беру немесе жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізу және жанама түрде болуы мүмкін, мысалы, ата-аналарға, отбасының басқа да мүшелеріне немесе асыраушыларға өздерінің басты рөлдерін ойнауға және тәрбиешілер мен қорғаушылар міндеттерін орындауға мүмкіндік беру.

Басқаша айтқанда, Конвенцияның балаларға әсерін ең алдымен үкіметтің, содан кейін халықаралықтан жергіліктіге дейінгі мекемелер мен ұйымдардың қалай қабылдағаны арқылы бағалауға болады. Яғни, прогресс туралы ұлттық заңдар мен саясаттың сипатына, сондай-ақ оларды жүзеге асыру үшін талап етілетін құрылымдар мен тетіктердің болуына, тиімділігіне қарай бағалауға болады. Конвенция еш уақытта «балаларды босату хартиясы» болған емес, оның мазмұны да еш уақытта отбасының маңыздылығын түсірген емес.

Конвенция адам құқықтарының ауқымды түрлерін қамтиды. Бұрын адам құқықтары бір жағынан азаматтық және саяси болып сыныпталса, екінші жағынан экономикалық және әлеуметтік, мәдени болып сыныпталды. Алайда 4-бап осы санаттарға қатысты, дегенмен баптар осы қағидат бойынша бөлінбеген. Конвенцияның бүкіл мәні – барлық құқықтардың бір-бірін толықтыратынын көрсету, ЮНИСЕФ балалардың «өмір сүруі және дамуы» деп көрсететін қағидасын қамтамасыз ету. Конвенцияда қамтылған құқықтардың барлық түрі үш бағытта көрсетілуі мүмкін: есім, азаматтық алудан бастап, медициналық-санитарлық көмекпен пен білім алудан аяқталатын өмір сүру мен дамуды қамтамасыз ету, қорғау (азаптау, қанау, еріксіз бас бостандығынан айыру, негізсіз отбасы қамқорлығынан айыру сияқты белгілі әрекеттерден), қатысу (жеке басының өміріне және қоғамдағы өміріне қатысты шешімдерге).



Конвенцияда басты үш жаңалық бар.

Біріншісі, балалар үшін «қатысу құқықтары» ұғымын енгізу және балаларға өздерінің құқықтары туралы ақпараттану маңыздылығын мойындау. Екіншісі, Конвенция бұрын халықаралық құжаттарда мүлде қаралмаған мәселелерді көтереді: қатыгездіктен және пайдаланудан жәбір көрген балалардың оңалуға құқықтары және үкіметтің балалардың денсаулығына зиян келтіретін дәстүрлі практиканы жоюға қадамдар жасау міндеті. Үшіншісі, бұрын заңдық жағынан міндеттелмейтін мәтіндерде кездеспейтін қағидаттар мен нормаларды қосады, атап айтқанда, бала/қыз асырап алуға және жасы кәмелетке толмағандарға қатысты әділ сот жүргізуге қатысты мәселелер.



Сонымен қатар, Конвенция - мәні зор екі маңызды тұжырымдаманы қамтиды:

  • «бала мүддесін барлық жағынан қамтамасыз ету» (3-бап) «балаларға қатысты барлық әрекеттердің» міндетті критерийіне айналады;

  • ата-аналардың (немесе бала үшін жауап беретін басқа да адамдар) баланың дамып келе жатқан қабілеттеріне сәйкес, осы құқықтарды жүзеге асыруда балаға тиісті түрде басшылық жасап және жетекшілік етуі тиіс қағидат (5-бап).

Бүгінгі күні әлемнің барлық елдерінде дерлік балалардың жағдайы осы елдердің үкіметтерін балаларды қорғауға және олардың құқықтарының толықтай жүзеге асырылуын қадағалауға ресми түрде міндеттеу арқылы жақсаруы мүмкін. Конвенция қағидаттары үкіметтердің өз міндеттерін орындау барысына қарай балалардың күнделікті өміріне өзгерістер енгізеді.

Конвенция мынадай басты қағидаттарға ықпал етеді:

Мемлекеттер әрбір баланың осы Конвенциямен көзделген, оның ата-анасының немесе қамқоршысының қандай да бір кемсітушіліксіз нәсіліне, түр-түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де сенім-нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, мүліктік жағдайына, баланың денсаулығының және туылуының жай-күйіне немесе өзге де жағдайларына қарамастан, барлық құқықтарын қамтамасыз етулері тиіс (2-бап).

Жеке, мемлекеттік немесе қоғамдық нысандағы мекемелердің, соттардың, әкімшілік немесе атқарушы органдардың балаларға қатысты қолданатын іс-әрекеттерінің бәрінде де ең бірінші кезекте баланың мүддесі тұруы тиіс (3-бап).

Әрбір баланың өмір сүруге, есім, азаматтық алуға, өзінің ата-анасын білуге, олардың қамқорлығына ие болуға деген ажырамас құқығы бар. Мемлекет оның тірі қалуына, денелік, ойлық, рухани, әлеуметтік және мәдени дамуды қоса жан-жақты дамуына кепілдік беруі тиіс (6-бап).

Бала тыңдалу құқығына ие. Балаларға өмірге қатысты барлық мәселелерді шешуге, өз пікірін еркін жеткізуге мүмкіндік берілуі тиіс (12-бап).

Конвенцияда мынадай маңызды құқықтар берілген.



Азаматтық құқықтар мен еркіндік. Әрбір бала туылған сәттен бастап есім, азаматтық алуға құқығы бар, мемлекет оны тиісті құжатпен қамтамасыз етуге міндетті. Балалар ойын еркін жеткізуге құқылы, мемлекет олардың ойлау, ар-ождан және дін бостандығына, ата-анасының қамқорлығына ие болуға деген құқығын құрметтеуі тиіс. Балалар, сондай-ақ, араласу бостандығына құқылы және олардың жеке өміріне қол сұғушылықтан қорғалуы тиіс. Сонымен қатар, ешқандай бала зорлық-зомбылыққа, қорлауға, қатыгез, кемсітетін, адамшылыққа жатпайтын жәбірлеуге және жазалауға ұшырамауы тиіс. 18 жасқа толмаған жеткіншекке үкім кесу барысында өлім жазасы мен еркіндікке шығу құқығынан толық айырған өмірлік бас бостандығынан айыру жазасын қолдануға тыйым салынған.

Отбасы және тәрбие. Конвенция балаларды тәрбиелеу үшін бастапқы және негізгі жауапкершілікті олардың ата-аналарына жүктейді және мемлекеттің оларды осы жағдайда қолдауын көздейді. Балаларды ерекше жағдайлардан басқа жағдайларда, ата-аналарының ықтиярынсыз, құзырлы органдардан басқа органдарда, қолданыстағы заңдарға қатаң сәйкестікте болмаған жағдайда ата-аналарынан айыруға болмайды. Ата-анасы еріксіз айрылған жағдайда балалар ата-анасының екеуімен де қарым-қатынаста болуға құқылы. Бала мен ата-ана от басын біріктіру немесе өзара қарым қатынастарын нығайту мақсатында кез келген елден шығып өз еліне келуге құқылы. Ата-аналар балаларының лайықты өмір деңгейін қамтамасыз етуге жауапты, ал мемлекет сол жауапкершіліктің орындалуына кепілдік беруі тиіс. Конвенция мемлекетке отбасыларынан айрылған балаларды арнайы қорғауды қамтамасыз етуді міндеттейді. Мысалы, уәкілетті органдардың рұқсатымен бала немесе қыз асырап алу жүргізілуі мүмкін жерлерде. Мемлекет балалардың ұрлануын немесе ата-аналарының, не болмаса үшінші адамдардың оларды шетелде ұстап отыруын алдын алуға және жоюға; балаларды қиянат көрсетудің және кемсітудің барлық түрлерінен қорғауға міндетті. Балалар қарулы қақтығыстың, қорлаудың, кемсітудің, немқұрайлы қараудың немесе пайдаланудың құрбаны болған жағдайда, мемлекет олардың қалпына келуін және қоғамға әлеуметтік қосылуын жеңілдететін емделу мен сауығудың тиісті көмегін алатынына кепілдік беруі тиіс. Сонымен қатар, мемлекет емдеуге немесе сауықтыруға жіберген бала ахуалының үнемі бағаланып отыруына құқы бар.

Балалардың денсаулығы мен әл-ауқаты. Әрбір бала өмір сүруге құқылы, қатысушы мемлекеттер баланың тірі қалуына және дамуына, денсаулық сақтаудың ең жоғары қол жетімді стандартына құқығына ең жоғары кепілдік беруі тиіс. Мемлекеттер денсаулық сақтаудың алғашқы, алдын алу, денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық білім беру және балалар өлімін азайту жұмыстарына баса назар аударуы керек. Олар бұл салада халықаралық ынтымақтастықты барынша қолдап-қуаттауы және ешқандай бала жоғары сапалы сауықтандыру қызметінен алыстатылмау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауы керек. Дамуында ауытқулары бар балалар мамандандырылған қатынасқа, емдеуге, білім беруге және қамқорлыққа ие болуға құқылы. Балалар әлеуметтік қамсыздандыру саласы тарапынан да көмек алуға құқылы. Қатысушы мемлекеттер ата-аналары жұмыс істейтін балалардың балалық шақты қорғау қызметтерін пайдалану құқығына кепілдік беру үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы тиіс. Қатысушы мемлекеттер әр баланың дене бітімі, ақыл-есі, рухани, имандылық және әлеуметтік тұрғыдан қажетті өмір денгейіне құқығын мойындайды.

Білім алу, бос уақыт және демалыс.

Балалар білім алуға құқылы, мемлекеттің міндеті бастауыш білімнің еркін және міндетті болуына, мектеп тәртібі баланың ар-намысын құрметтеуге бағытталуына, білім берудің мақсаты адамның жеке тұлға ретінде дамуына, оның ақыл-есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға бағытталуына кепілдік беру. Білім беру ата-анасын, төл мәдениетінің құндылықтарын, ана тілін және адамзат құндылықтарын құрмет тұтуды нығайтуы және ынталандыруы тиіс, бұл баланы қоғамдағы саналы өмірге түсіністік, бейбітшілік, шыдамдылық, басқа адамдармен достықта болу рухында дайындайды. Балалар бос уақытқа, демалысқа және мәдени іс-шараларға құқылы.



Арнайы қорғаныс шаралары а) Қатысушы мемлекеттер 15 жасқа дейінгі кез келген баланың әскери әрекеттерге қатыспауы үшін мүмкін болған шаралардың барлығын қолдануы тиіс. 15 жасқа толмаған кез келген бала қарулы күштер қатарына қызметке шақырылмауы керек. Қабылданған халықаралық уағдаластықтарға, әсіресе қарулы қақтығыстарда азаматтық халықты қорғау жөніндегі Женева Келісіміне сәйкес, қатысушы мемлекеттер қарулы қақтығыстар аймағындағы балаларды қорғауға кепілдік беру үшін барлық шараларды қолдануы тиіс. Мемлекет барлық балаларға – әскери қақтығыстардан, қорлаудан, кемсітуден, немқұрайлы қараудан немесе пайдаланудан зардап шеккен балаларға тиісті көмек көрсетуге және оларды емдеуге кепілдік беруге міндетті. Арнайы қорғаныс босқын балаларға немесе босқын мәртебесін алуға ұмтылған балаларға көрсетілуі тиіс. Мемлекеттің міндеті – осындай қорғаныс пен көмек көрсететін құзырлы ұйымдармен ынтымақтасу.

b) Бала заңмен қақтығысқан жағдайда балалардың құқық бұзушылықтары жөніндегі органдар баланың жасын назарға алулары және олардың қоғамда реинтеграциялануына жәрдемдесулері тиіс. Заңмен қақтығысқан балалар олардың адамдық қадір-қасиетін және өзін-өзі бағалауын ынталандыратын қатынасқа құқылы. Мұндай жағдайда балалар олардың сотта қорғалуына заңды немесе өзге көмектесу сияқты негізгі кепілдіктерге құқылы. Мүмкіндігінше оларды оқшаулайтын жерлерден аулақ болған дұрыс. Бас бостандығынан айрылған кез келген бала ересектерден бөлек жерде болуы тиіс, егер баланың өзінің ықтиярына қайшы келмесе. Сонымен қатар, қамауға алынған бала заңды және басқа да көмекке ие болуы тиіс, сондай-ақ отбасымен қарым-қатынаста болуға құқылы.

c) Жұмыс істеген жағдайда балалар экономикалық қанаудан және денсаулығына, білім алуына немесе дамуына қауіп төндіретін жұмыстардан қорғалуға құқылы. Мемлекет жұмысқа алуда бірінші кезекте адамның ең төменгі жас мөлшерін және Халықаралық еңбек ұйымы, атап айтқанда, Ең төменгі жас туралы 1973 жылғы Келісіммен (№138) құрылған стандарттарға сәйкес жұмыс талаптарын реттейтін ережелер белгілеуі тиіс. Балалар есірткі және психотроптық заттарды қолданудан, сондай-ақ оларды өндіру немесе сату жұмыстарына тартылудан қорғалуға құқылы. Мемлекет баланы жезөкшелікті, порнографиялық бизнеске қанап пайдалануды қоса, сексуалды қанау мен зорлаудан қорғауы тиіс. Келісім мемлекет балаларды сату, саудалау және ұрлауды болдырмас үшін бүкіл күштерін салуға міндетті болғанын көздейді.

d) Бала ұлттық немесе өзге азшылық топқа жатқан жағдайда. Ұлттық немесе азшылық топқа жататын балалар өз мәдениетін, тілін және дінін қолдануға құқылы.

Бала құқықтары туралы конвенция бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу үшін (1-қосымшаны қараңыз) мұғалімге Конвенцияның баланың тірі қалуына, дамуына, қорғалуына және қатысуына құқықтары берілген бірінші бөлімінің 1-41-баптарына сүйене отырып, оның мазмұнымен танысып шыққаны абзал (42-54-баптарда Бала құқықтары туралы конвенцияның сақталуы және күшіне енуі туралы мәселелер қаралған).



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет