Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


-   танымдық маңыздылық жəне дидактикалық құндылық;  -



Pdf көрінісі
бет147/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   189
bilimdi akparattandyru

-   танымдық маңыздылық жəне дидактикалық құндылық
-   ғылым мазмұны мен оның теориялық жүйесінің орнына 
сəйкестігі;
-   оқушыларға қолжетімділік;
-   түсінік мазмұны мен талдауының материалды формасының 
адекваттылығы;
-   білім беру облысындағы басқа да маңызды түсініктермен өзара 
байланыс;
-   Оқудағы қызметтің оңтайлы мүмкіндігі.
Мультимедиа-ресурстарды жасауда қолдану мүмкін болатын 
түсінік жүйесін құрастырудың кейбір қадамдарын қарастырайық. 
Мұндай жүйелердің құрылуы үшін оқытылатын пəндік облыстың 
табиғи-логикалық моделін қарастыру керек. Бұл тапсырма нақты 
оқу пəндерінің құралдары көмегімен шешіледі. Ол берілген ғылым 
сияқты пəндік бағыт білімінің негізіндегі сараптаушы арқылы 
шешіледі: белгіленген білім беру облысының түсінік жүйесі сол 
түсінік жүйесінің ғылым негізінде таңдала алады жəне оның 
бір бөлігі болады. Табиғи-логикалық модель берілген дамушы 
түсініктің түрі жайлы толық ақпаратқа ие. Бір-ақ бұл ақпараттың 
бөлігі анық емес түрде берілуі мүмкін. Одан өзгеше концептуал-
ды модель анықталған түсініктің мазмұнын толық ашуға, сонымен 
қатар анықталған түсінікке кіру əдісін ашуға мүмкіндік береді. 
Осы кезеңде түсініктің құрылымы жəне олардың арасындағы бай-
ланыстар туралы сұрақ туындайды, «ата-ана»-«ұрпақ» қағидасы бо-
йынша.
Ұғымның дұрыс құралуы білім облысының мазмұнын 
жеңілдетумен қатар оның анықтамасының технологиясын да 
жеңілдетуге мүмкіндік туғызады. Бірақ терминдер енгізілуінің 
үлкен дəрежесіне ие «қиындатылған» ұғым жүйесі мазмұнын қатты 
қиындатып жəне «шиеленістіріп» жіберетін кері рөлді де сомдауы 
мүмкін. Бөлуді анықталмаған аксиомаларға дейін жеткізе отырып, 


260
білім беру облысының құрылымын негізінде құрастыруға болады. 
Сонымен қоса, бұндай бөліну құрылымды өте үлкен етеді. Түсінікті 
құрылымның деңгейі мен күрделілігі оқу мақсатынан, жасалған 
білім берудегі мультимедиа құралдарын қолдану ерекшелігі мен 
мақсатынан бөлек əрбір нақты жағдайда анықталуы керек екендігі 
анық. 
Түсініктер мен олардың арасындағы байланыстың əр түрі те-
заурус атауына ие болды. Анық айтатын болсақ, тезаурус ұғымы 
мағыналы қарым-қатынаспен берілген кейбір тілдердің көптеген 
мағынасын білдіруші элементтер (сөздер, сөз тіркестері жəне т.б.) 
деген мағынаны білдіреді.
Тезаурус көптеген ұғым тапсырмасының нақты əдісі 
жəне олардың қарым-қатынасын тусіндіру қамтылған. Мысалы, 
дəстүрлі жалпы тілдік тезаурус Роджет сөздігінде сипатталған. 
Дəстүрлі тезаурустың кілті əрбір сөзге оның айдары көр-
сетілген (сонымен қатар, синониммен байланысты сөздер) 
əліпбилік сөздікті білдіреді. Айдардың айдар түрлеріне бөліну 
құрылымы сөздер көптігінде тек-түрлік байланыс туғызады. Те-
заурус ұғымы (грек тілінен thezaurus – қазына, байлық, қор) 
педагогикаға сөздер мағыналы ұяшықтарға топтастырылған бір 
тілдік сөздіктердің жасалуымен байланысты өмірге келген лексико-
графиядан келді.
Мультимедиа ресурстардың мазмұнды толықтырылуының жа-
салуына қажетті білім беру облысында тезаурустардың құрылуы 
келесі кезеңдермен келісе отырып өткізілуі мүмкін.
1. Білім беру облысының негізгі түсініктерін қамтитын əдеби 
қорларды талдау негізінде, олардың анықтамасы мен ұғымы тізімінің 
жасалуын анықтау.
2. Түсініктер арасындағы байланыстар, олардың жіктелу 
белгілерінің анықталуы, қарым-қатынас құрастырудың түрлі 
белгілерінің сəйкестігінің байланысын қарастыруды анықтау.
3. Тезаурустың құрастырылуы – ұғымдар арасындағы өзара 
байланысқан сипаттама қарым-қатынасы.
4. Иерархиялық құрылым түріндегі түсінік жүйесінің 
құрастырылу үлгісі.
5. Түсініктер арасындағы қатынасты жобалаумен байланысты 
анықтамаларды толықтаудың қажеттілігін анықтау.
6. Құрылған ұғым құрылымының мағыналы тұйықтыққа, 
мағынаға қайшы еместігіне жəне қолжетімділікке тексеру.


261
7. Білім беру құралдарының мазмұны мен жасалуын анықтауға 
қажетті білім беру облысының ұғымы жүйесін түзету мен анықтау, 
концептуалды қосымшалардың жасалуы.
Құрастырылған тезаурустар келесі білім беру облысы 
құрылымының құрастырылуына жəне білім берудегі мультиме-
диа ресурстарды құрастыру мақсатында жасалуға арналған өзіндік 
шикізат көзі болу керек.
Тезаурусты көрнекі түрде кесте түрінде көрсетуге болады, 
бұл жерде t

–білім беру облысының ұғымы, ал v

– логикалық бай-
ланыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет