309
электронды оқытудың пəн аймағы бойынша ешқандай шектеуі жоқ
екенін айта кеткен жөн. Ол тіпті шет тілдерін
меңгеру сияқты қиын
ортада да қолданысын тапқан.
Сондай-ақ e-learning оқушылар мен студенттерді оқыту ортасын-
да да қолданысын тапты. Қазіргі студенттер мен оқушылар – негізінен
басты қолданушылар. Олар үшін оқу ақпаратын электрондық түрде
қабылдау өмір заңдылығы болып табылады. АКТ олардың жұмыс
құралына айналды.
E-learning бұл үздіксіз білім беру үшін білім мен білікті дамы-
ту, жаңа жұмысқа бағытталған ақпараттық
ортадағы жаңа білім
технологиясының өмірі. Егер оны толықтай меңгеріп алса, қашан,
қайда болса да, тіпті шекарадан өтпей, үйде-ақ отырып, оқуға
мүмкіндік береді, ол адамның білімге деген көзқарасын өзгертеді.
E-learning-нің негізгі педагогикалық
аспектісі оқыту барысын-
да оқушыға субъект ретінде қарап, курсты оқыту мақсатының бар
болуы. Бұл жағдайда оқытушы оқу мүмкіндіктерін ұсынып, оған
қолдау көрсетеді.
Мына жағдайды айта кеткен жөн, e-learning-мен жəне осын-
дай технологиялармен айналысатын мамандар олардың қандай
проблема
туғызатынын білмей жатып, барлық мүмкіндіктерді
қамтуға асығады. Электрондық оқытуды қолдану негізінде
базалық жүйе болғанша біраз уақыт өтуі керек. Бұл мақсатта
e-learning-ді стратегия ретінде емес, арманға жету жолы ретінде
қарастыру қажет.
Қазіргі таңда, оған қызығушылық арта түсуде.
ЮНЕСКО-
ның өзі электрондық оқытуды модернизация мен ұлттық білім
жүйесін дамытуда маңызды рөл атқаратынына қызығушылық та-
нытып отыр. E-learning технологиясы білім берудің жаңа стилі
жəне олардың біліктілік пен дағдыны дамыту білім алушылар үшін
тиімділігі анықталды. Дамыған мемлекеттерде (Финляндия, Нор-
вегия, Сингапур жəне т.б.) E-learning инновациялық дағдыларды
дамыту негізінде маңызды əдіс ретінде
мемлекеттік деңгейде
қарастырылады.
ТМД мемлекеттерінде де ұлттық білім жүйесін дамыту
механизмі, білім беру модернизациясы жəне орналасқан орны-
на тəуелсіз сапалы білім беру жəне оның материалды негізін құру
ретінде электронды оқытуды бағдарламасын дамытуды мемлекет өз
қолына алмақшы.