Модульдік программалау



Дата18.05.2022
өлшемі1.99 Mb.
#457171
түріПрограмма
Модульдік программалау.


Модульдік программалау.
Сайлау Дильназ Инф21-1

Жоспар


мен
Стандартты модульдер SYSTEM-модулінің процедуралары функциялары
DOS модулінің процедуралары CRT модулі
Модуль трансляциясы
Модульдік программалау - программаны логикалық бөліктерге бөлу үдерісі.
Программа бірнеше модульдерге бөлінеді және мынадай мақсаттар орындалуы тиіс:
Модульдің дұрыс болуы және оның контекстерге тәуелсіз болуы қажет;
Модульдің ішкі жұмыстарын білмей тұрып әртүрлі модульдерден программа құру мүмкіндігінің болуы қажет.
Модуль өлшемі 60 жолдан аспауы керек және модульдер өзара тәуелсіз болуы керек. Байланысқан элементтерді бір модульге, байланыспаған элементтерді әртүрлі модульге жинау керек.
Модульдерді қолдана отырып программа күрделігін төмендетуге болады.
Өзара байланысқан негізгі нысандардан тұратын программалау тілін нысанға бағытталған программалау тілі дейміз.
Модуль құрылымы программа құрылымына ұқсас.Модульдің ішіндегі барлық сипаттамалар бір бірімен байланысты.Мысалға,Strings модулі нөлдік белгімен аяқталатын жолдарды өңдейтін ішкі программаларға қажетті сипаттамалардан тұрады.Сонымен қатар ішкі программалар сияқты,модульдер стандартты және стандартты емес немесе қолданушының модулі,яғни,программалаушылар өздері ұұрастыратын бола алады.Стандартты және стандартты емес модульдер құрылымы бірдей болғандықтан,олардың сипатталуы бірдей ережеде құрылған.Модульдер программаға оның атын uses компилятор нұсқауында сипаттаудың көмегімен қосылады.
GRAPH- әр түрлі графикалық адаптерлерді қолдайтын компьютердің графикалық мүмкіндіктерін көрсететін көптеген программалардан тұратын модуль.
PRINTER- принтермен жұмысты жеңілдететін модуль. OVERLAY- оверлей программалар құру кезінде қолданылатын модуль.
WINDOS- модулінің процедуралары DOS модулінің процедураларына ұқсас.
STRINGS- модулі Pchar – типті қатарлармен жұмыста пайдаланылады.
Бұл модульдердің программада қолданылуы: Program <программанаң аты>;
Uses <модуль аты>
{Егер бірнеше модульдер қолданылатын болса} Uses <1-модуль аты>,<2-модуль аты>...< N –модуль аты>;
SYSTEM-барлық программаларда автоматты түрде қолданыла беретін стандартты процедуралар мен функциялардан құрылған модуль.
SYSTEM модуліндегі RANDOM(i) функциясы 0-ден 1-ге дейінгі кездейсоқ санды анықтайды.Математикалық (Abs,ArcTan,cos,sin,exp,ln,sqr,int,Pi) түрлендіруші (chr,ord,trunk,round,pred,odd) жолдық қатарларды өңдеуге арналған (Concat,Copy,Length,Delete,val) процедуралар мен функциялар да осы SYSTEM модулі құрамына кіреді.
M S D O S - О П Е Р А Ц И Я Л Ы Қ Ж Ү Й Е
М Ү М К І Н Д І К Т Е Р І Н Қ О Л Д А Н У Ғ А А Р Н А Л Ғ А Н П Р О Ц Е Д У Р А Л А Р М Е Н Ф У Н К Ц И Я Л А Р D O S М О Д У Л І Н Қ Ұ Р А Й Д Ы .
Программа жұмысын басқару үшін процедуралары:Exit,Halt.
Exit-процедурасы программаның
орындалу барысында блоктан тез шығуға мүмкіндік береді.
Halt-процедурасы программаның орындалуын тоқтатып,басқаруды операциялық жүйеге қайтарады.
Exec(a,b)- a-программаны b-қатардың мәні бойынша тауып, орындайды.
FindFirst- көрсетілген каталогтан атрибуты бойынша файлды іздеу.
FindNext – сол каталогтан дәл сондай атрибутпен келесі файлды іздеу.

CRT-экранның клавиатураның және динамиктің жұмысын басқаруға пайдаланылатын процедуралар мен функциялардан тұратын модуль.


Дербес компьютердің экраны әдетте (текстік режимде) 25 жолдық қатардан тұрады, ал әр қатарға 80 таңба сияды.
Бірақ кейбір типтегі дисплейлер басқа да режимде болады.
Түрлі түстің жалпы саны 16. Бірақ ақ-қара экранды компьютерлер де бар. Экран жұмысын басқару үшін бізге қандай мүмкіндіктер қажет? Керекті таңбаны J-қатардың I- позициясына шығаруға болады. Түсін өзгерту толық экранды игере алу деген сөз. Аталған мүмкіндіктердің барлығы CRT модулінде қарастырылған.
GoToXY(I,J)- процедурасы курсорды экран бетінде J-
қатардың I-бағанына жылжытады. TextColor(Color)- текстің түсін орнатады.
TextBackground(Color)- экран бетінің түсін (фон) орнатады.
ClrScr процедурасы экрандағы жазуларды фон түсімен бояп, тазартып курсорды жоғарғы сол жақтағы бұрышқа апарады.
Window(x1,y1,x2,y2)- экран бетінде тік төртбұрышты терезе
сызады. Мұндағы
(x1,y1) және (x2,y2) нүктелері тік төртбұрыштың диагоналының сол жақ жоғарғы және оң жақ төменгі төбелері.
Window процедурасы іске қосылған болса, онда барлық
процедура тек таңдалған терезеде ғана жүреді. Курсор әрі қарай өтпейді.
Модуль трансляциясының нәтижесі ретінде сол атымен берілген және
кеңейтілуі-ТРU файлды алуға болады, яғни ұзақ қолдану кезінде дискіде сақтауға болады.
Модуль-файлының кеңейтілуі ТРU ету тәсілі:
  • компиляциялау (Соmpile) мәзірін ашу; (Compile менюі жүйесі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде компиляция әр-түрлі режимде жүзеге асырылады. Екінші бөлімде компиляциялауға дайындау командалары орналасқан. Үшінші бөлімдегі команда компиляциялау

  • қорытындысының ақпараттарын бейнелейді.)
  • опциялар тізімінен жадта адрестеу (Destination Memory) көрінсе, оны дискіде адрестеу (Destination Disk) етіп өзгерту (қатарды таңдау);
  • модуль-программаны компиляциялау.
  • Дәл осы тәсілмен программа файлын өңдесек, кеңейтілуі – ЕХЕ, яғни орындалуға дайын программаны аламыз.

  • DelLine- процедурасы курсор тұрған қатарды алып тастайды. HighVideo- процедурасы терілуші таңба анықтығын арттырады. LowVideo- терілген таңбалардың анықтығын төмендетеді.
    InsLine – процедурасы курсор орналасқан жерге бос қатар қояды. ReadKey- клавиатурадан басылған клавиша коды арқылы символды анықтайды.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет