Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


·   Оқу басталған жағдайда, оперативті өзгерістерді енгізу  қиындығы. ·



Pdf көрінісі
бет176/189
Дата02.01.2022
өлшемі1.08 Mb.
#453594
түріОқулық
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   189
bilimdi akparattandyru

·   Оқу басталған жағдайда, оперативті өзгерістерді енгізу 
қиындығы.
·   Техникалық инфраструктураға тəуелділік. Инфраструктураның 
істен шығуы білім алудың тиімділігінің төмендеуіне, тіпті 
мүлдем бұзылуына əкеліп соқтырады.
·   e-learning-нің технологиялық ортасында сапалы мамандардың 
жетіспеушілігі.
Е-learning-нің қолдану саласы
Мұндай оқыту формасы барлық аудандарда қолданыла алады. Ең 
көп қолданыс тұлғаның біліктілігін  көтеру кезінде көрініс табады. 
Ол тыңдаушыларға ұсынылатын артықшылықтарымен шартталған. 
Олар қатарында:
-  қашықтықтан оқыту;
-  жекелей оқыту;
-  өндірістен ажырамай оқуды өту мүмкіндігі жəне т.б.  
e-learning-нің тағы бір қолданылу бағыты бұл жоғарғы оқыту 
орындарында пайдалану болып табылады. Əсіресе e-learning-ді 
екінші жоғарғы білім алу кезінде қолдану кең етек жайды. Өндірістен 
ажырамай оқуды өту мүмкіндігін екінші жоғарғы білім алушылар 
өте жоғары бағалайды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін оқытуды ұйымдастыру 
негізінде e-learning-нің рөлі өте маңызды. Мүмкіндігі шектеулі 
азаматтар тек осылай ғана сапалы білім ала алады. Қазіргі кезде 


309
электронды оқытудың пəн аймағы бойынша ешқандай шектеуі жоқ 
екенін айта кеткен жөн. Ол тіпті шет тілдерін меңгеру сияқты қиын 
ортада да қолданысын тапқан. 
Сондай-ақ e-learning оқушылар мен студенттерді оқыту ортасын-
да да қолданысын тапты. Қазіргі студенттер мен оқушылар – негізінен 
басты қолданушылар. Олар үшін оқу ақпаратын электрондық түрде 
қабылдау өмір заңдылығы болып табылады. АКТ олардың жұмыс 
құралына айналды.
E-learning бұл үздіксіз білім беру үшін білім мен білікті дамы-
ту, жаңа жұмысқа бағытталған ақпараттық ортадағы жаңа білім 
технологиясының өмірі. Егер оны толықтай меңгеріп алса, қашан, 
қайда болса да, тіпті шекарадан өтпей, үйде-ақ отырып, оқуға 
мүмкіндік береді, ол адамның білімге деген көзқарасын өзгертеді.
E-learning-нің негізгі педагогикалық аспектісі оқыту барысын-
да оқушыға субъект ретінде қарап, курсты оқыту мақсатының бар 
болуы. Бұл жағдайда оқытушы оқу мүмкіндіктерін ұсынып, оған 
қолдау көрсетеді. 
Мына жағдайды айта кеткен жөн, e-learning-мен жəне осын-
дай технологиялармен айналысатын мамандар олардың қандай 
проблема туғызатынын білмей жатып, барлық мүмкіндіктерді 
қамтуға асығады. Электрондық оқытуды қолдану негізінде 
базалық жүйе болғанша біраз уақыт өтуі керек. Бұл мақсатта 
e-learning-ді стратегия ретінде емес, арманға жету жолы ретінде 
қарастыру қажет.
Қазіргі таңда, оған қызығушылық арта түсуде. ЮНЕСКО-
ның өзі электрондық оқытуды модернизация мен ұлттық білім 
жүйесін дамытуда  маңызды рөл атқаратынына қызығушылық та-
нытып отыр. E-learning технологиясы білім берудің жаңа стилі 
жəне олардың біліктілік пен дағдыны дамыту білім алушылар үшін 
тиімділігі анықталды. Дамыған мемлекеттерде (Финляндия, Нор-
вегия, Сингапур жəне т.б.) E-learning инновациялық дағдыларды 
дамыту негізінде маңызды əдіс ретінде мемлекеттік деңгейде 
қарастырылады. 
ТМД мемлекеттерінде де ұлттық білім жүйесін дамыту 
механизмі, білім беру модернизациясы жəне орналасқан орны-
на тəуелсіз сапалы білім беру жəне оның материалды негізін құру  
ретінде электронды оқытуды  бағдарламасын дамытуды мемлекет өз 
қолына алмақшы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   189




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет