Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2005–2008; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. – Астана: 2005–2008



бет138/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2005–2008; Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. – Астана: 2005–2008.


ҒЫЛЫМИ БОЛЖАМ – ғылымның ашқан заңдары мен заңдылықта- ры негізінде табиғат және қоғам құбылыстарының болашақ жай-күйі туралы немесе әлдебір қазіргі кезде беймәлім құбылыстар туралы ұсынылатын топшылама білім. Ғ.б-ды былайғы болжамдардың түрлерінен (мысалы, діни негіздегі сәуегейліктен, интуитивті түрде немесе халықтық жосын не- гізінде жасалатын жорамалдардан) бөлектеп қарастырған жөн. Қандай да болмасын құбылыстың немесе үдерістің болашағын болжау үшін басты үш


184

шарттың орындалуы тиіс: біріншіден, зерттеуші ғалым сол нәрсенің (зат- тың, құбылыстың, үдерістің) өз табиғатын, қазіргі жай-күйін (қасиеттерін, бастапқы параметрлерін) білуі; екіншіден, оның қозғалысының заңдарын білуі; үшіншіден, оның болашақ қозғалысының жағдайларын бағдарлай білуі тиіс. Осы үш шарт орындалғанда ғалым (не ғалымдар тобы) сол білім- дердің синтезделген қорытындысы ретінде Ғ.б. жасай алады. Мысалға, космостық ракетаның Марсқа ұшуын алайық: алдымен, ракетаны ғылыми білімдер негізінде конструкциялау, жасап шығару қажет; екіншіден, оның қозғалыс заңдарын білу қажет; үшіншіден, оның ұшуының Марсқа дейінгі жағдайларын топшылай білу қажет. Міне, осы үш түрлі білімдердің басын қосып, синтездеп қана ғалым (немесе ғалымдар тобы) ракетаның ұшуын басқаруға, оның ұшу траекториясын қадағалап, қажет болса, коррекция енгізуге, сөйтіп Ғ.б. негізінде көздеген нысанға жетуге деген мүмкіндігін іске асырады.


Қоғамдық құбылыстарға, үдерістерге байланысты Ғ.б. жасау әлдеқай- да күрделі, өйткені жалпы қозғалыстың ішіндегі ең күрделі формасы осы әлеуметтік қозғалыс екендігі белгілі. Ғалым сондықтан, алдымен қоғамға тән күрделі байланыстардың, қоғамдық қатынастардың ішкі мәнін, даму заңдылықтарын ашып, соларды қолдану әдістерін тағайындауы тиіс. Зерт- теліп отырған қоғамдық құбылыстардың мән-жайын, заңдылықтарын ашпай Ғ.б. жасау мүмкін емес. Қазіргі ғылымның (қоғамдық ғылым- дармен қатар жаратылыстану және техникалық ғылымдардың да) жетіс- тіктері негізінде адамзат болашағын, адамзат алдындағы туындайтын жаһандық мәселелерді шешу жолдарын зерделеу ісін математикалық модельдеу әдісі негізінде Ғ.б. ХХ ғ. 60–70 жылдарынан бастап Римдік клуб өкілдері қолға алғаны белгілі. Қазақстан жағдайында Президент Н.Ә. Назарбаевтың бастауымен «Қазақстан-2030» стратегиясының жаса- луы да осындай Ғ.б-ның бір көрнекті мысалы бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет