Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет165/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   401
treatise187525

ДИЛЬТЕЙ Вильгельм (1833–1911) – неміс философы және мәдениет тарихшысы, өмір философиясының көрнекті өкілі, философиялық герме- невтика мен түсінуші психологияның негізін қалаушы. 1833 жылы 19 қара- шада Висбаден маңында Бибрихте реформаторлық шіркеу пасторының от- басында дүниеге келді. Гейдельберг, кейінірек Берлин университетінде тео- логия мен философияны оқыды. 1864 жылы Берлин университетінде доктор дәрежесін алды, ал екі жылдан кейін Базель университетінің профессоры болды. Одан ары Киль (1868), Бреслау (1871) және Берлин (1882) универси- теттерінің профессоры болып, 1911 жылы 3 қазанда Больцано (Австрия) маңындағы Зейсте қайтыс болды. Д. батыс өркениеті мен неміс ойына қатыс- ты көптеген жұмыстары тарихнама мен әдебиеттанудың классикалық мұра- сына айналды. Д. ұсынған «рух туралы ғылымдары» (Geisteswissenschaften) кеңінен танымал болды. Тарихи зерттеудің мәнін ұғынуға ұмтылу оны тарихтың әдіснамасымен айналысуға, әсіресе мәдени шығармашылықтың барлық формаларын оның негізінде жатқан дүниені пайымдаудың (Weltanschauung) көрінісі ретінде түсіндіруге тарихшыға мүмкіндік беретін түсінудің ерекше актын талдауға итермеледі. Интерпретация тәсілін Д. герменевтика деп атады. «Тарихи зердені сынауды» Кант жүзеге асыра


216

алмады, бұл олқылықты Д. Рух туралы ғылымға кіріспеде толтырады. Ол дүниені пайымдаудың үш типін бөліп көрсетеді: натурализм (позитивизм), объективті идеализм (пантеизм) және еркіндік идеализмі (теизм). Д. методологиядан философияға ауысты. Зерттеп отырған оқиғасын түсінуге тырыса отырып, тарихшының өзі тарихқа батып кетеді. Оның жұмыс тәсілі, демек, Декарт пен Кант философиясында негізгі орын алатын абстрактілі және уақыттан тыс зерде арқылы түсіндіріле алмайды, бірақ анағұрлым дәлірек философиялық негіздемені – адамның өмір сүруін анықтайтын өмірдің тұтас ауқымын қажет етеді. Д-дің бұл идеялары психикалық өмірдің тұтастығына назар аударатын қазіргі психологиядағы үрдістердің және «экзистенциалдық философияның» пайда болуына әкелді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет