Мәдениеттану курсынан семинар сабақтарының тақырыптары мен сұрақтары
1 модуль. Мәдениеттану ғылым пән ретінде
Тақырып №1
Мәдениет морфологиясы
Қарастырылатын сұрақтар: Мәдениет түсінігінің қалыптасу тарихы: Теориялық шолу: З. Фрейд, К. Леви-Стросс, О. Шпенглер, А. Тойнби. Ғылыми пән ретіндегі мәдениеттану тарихы: теориялық ыңғайлар генезисі, мәдениетті зерттеудің пәнаралық сипаты, мәдениет философиясы, теориясы мен әлеуметтануы, мәдени және әлеуметтік антропология, мәдениет тарихы. Мәдениет морфологиясы. Материалдық және рухани мәдениет. Мәдениет типологиясы. Мәдениет және өркениет.
Тақырып №2
Мәдениет семиотикасы
Қарастырылатын сұрақтар: Мәдениетті зерттеулерге құрылымдық, семиотикалық ыңғайлар. Мәдениеттің семиотикалық концепциялары: Мәдени код түсінігі. Мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Қазақ және түркі мәдениеттің рәміздері мен архетиптері. Заманауи қазақстандық мәдениет рәміздері. Миф рәміздері. Дін рәміздері. Зороастризм рәміздері. Тәңіршілдік рәміздері. Буддизм рәміздері. Өнердегі рәміз. Саясаттағы рәміздер. Мемлекеттік-саяси рәміздер. Ғылым мен техниканың негізгі рәміздері.
2 модуль. Мәдениет морфологиясы, семиотикасы мен анатомиясы
Тақырып №3
Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті. Арғытүркілердің мәдени мұрасы
Қарастырылатын сұрақтар: Ежелгі Қазақстан аумағындағы архаикалық мәдениет: Көшпелілік (номадизм) концепциялары. Қазақстан аумағындағы ежелгі тайпалар мәдениеті: салт-дәстүрлері, культтері, наным-сенімдері. Сақ, скифтердің ұлы көшпелілік өркениеттері. Ғұндардың көшпелілік мәдениеті. Ғұндардың мифтері мен діни наным-сенімдері. Ежелгі түркі өркениеті және оның ерекшеліктері. Қазақстан аумағын мекендейтін түркі халықтарының мәдени мұрасы. Ежелгі түркілік өркениеттер мен жетістіктер.
3 модуль. Қазақ мәдениетінің қалыптасу тарихы
Тақырып №4
Орталық Азияның ортағасырлық мәдениеті. Түркілердің мәдени мұрасы.
Достарыңызбен бөлісу: |