Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет29/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   401
treatise187525

АЛЛЕГОРИЯ (грек. allegoria – пернелеп айту), пернелеу – оқырманның не көрерменнің санасына, қиялына ерекше әсер ететіндей, бейне жасаудың көркемдеуші құралы, көркемдік тәсіл. А. көркемдік тәсілдердің ең көнесі, бастауын мифтен алып, фольклорда ерекше дамыған. Әлемдік сөз өнерінде ғасырлар бойы қалыптасқан типологиялық ортақ бейнелер А-лар арқылы беріледі. Алайда, ұлттық ұғым-санада, дәстүр-салтқа байланысты мұндай бейнелер барлық халықта бірдей әсер тудырмайтын кездері де де болады. А. ауыз әдебиетінің барлық жанрларында, оның ішінде жануарлар туралы ертегілерде, халық мысалдарында, өтірік өлеңде, жазба әдебиетте, сатиралық жанрларда жиі қолданылады. Ол пернелеп айтуға, дерексіз ұғымды деректі нәрсеге ауыстырып бейнелеуге икемді тәсіл болғандықтан мысал жанрында ерекше дамыған. Эзоп, Лафонтен, Крылов, Абай, Байтұрсынов т. б. шығармаларында А. айрықша орын алған. Абайдың «Қарға мен түлкі» мысалындағы түлкі мен қарға бейнесі арқылы адам баласының бойындағы қулық пен аңқаулық, даңғазалық сияқты мінез табиғаты пернелей өткір мысқылмен шебер берілген.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этикасы мен эстетикасы. – Астана: Аударма, 2007; ҚҰЭ. Т. 1., 273 б.


АЛТЫНСАРИН Ыбырай (1841–1889) – қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы. Туып-өскен жері – Қостанай облысының Қостанай ауданы, Арқарағай ауылы. Ол ерте оқып, ерте есейген. 1850 ж. Орынбор шекара комиссиясының қазақ балалары үшін ашқан мектебіне оқуға түседі. Мектепті бітірген соң, Орынбор шекара комиссиясында әскери старшина болып қызмет атқаратын үлкен әкесі Балғожа Жаңбыршыұлының хатшысы болады (1857–1859). Орынбор облыс- тық басқармасында тілмаштық қызмет атқарады. 1860 жылы Орынбор бекі- нісінде (Торғай) қазақ балалары үшін мектеп ашу тапсырылады, әрі сол мектепке орыс тілінің мұғалімі болып белгілінеді. Ы-дың бүкіл өмірін арна- ған ағартушылық-педагогтық қызметі осылай басталады. Тікелей өзінің араласуымен халықтан жинаған қаржыға мектеп үйін және интернат салып, 1864 жылы 8 қаңтарда мектептің жаңа ғимаратын салтанатты түрде ашады. Ол кезде Ы. бар болғаны 23 жаста еді. Ы. инспекторлық қызметке кіріскен соң оқу-ағарту жұмыстарын одан әрі жандандырып, Елек, Қостанай, Торғай, Ырғыз уездерінде бір-бірден екі кластық орыс-қазақ мектептерін ашады, оларды қажетті кітаптармен жасақтайды. Әсіресе, елді көшпелі өмір салтын ескеріп, Ресейдің халық ағарту жүйесіне жаңа үлгілі білім беру тәсілін ұсыныс етеді. Нәтижесінде, 1888 жылы 10 сәуірде Орскіде бастауыш мектептер үшін қазақ жастарынан оқытушылар даярлайтын мұғалімдер мектебі ашылады. Ы. мұнан әрі қазақ жастары арасынан экономика, ауыл шаруашылығы, қол өнер кәіспшілігі салаларына қажетті мамандар аярлайтын училищелер ашуға көп күш жұмсайды. Тіптен, Қостанайдан ашылатын ауыл-шаруашылық училищесіне өзінің иелігіндегі жерін беретіні туралы өсиет қалдырады. Ы-дың қазақ қыздары үшін Торғайда, Қостанайда, Қарабұтақта, Ақтөбеде мектеп-интернат аштыруының тарихи мән-маңызы зор болды. Ы. оқу-ағарту жұмыстарына өз заманының ең озық әдістемелерін қолдана отырып, білімнің балаларға ана тілінде берілуіне айрықша мән береді. «Қазақ хрестоматиясы» атты оқулық, «қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы» атты дидактикалық оқу құралын жазды. Бұл кітаптарындағы оқушыны отан сүйгіштікке, еңбекке, кісілікке
– тәрбиелейтін ғибратты шығармалары ешқашан да өзінің мән-мағынасын жоймақ емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет