Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет39/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   401
treatise187525

АНТИСФЕН – (б.д.д. 435–370) Афинадан шыққан грек философы, Сократтың шәкірті, киниктер мектебінің негізін салушы. А-нің жетпіске жуық философиялық және риторикалық еңбектерінің (негізінен Сократтың сұхбаттары мен трактаттар, сөздері) аты белгілі, оның ішінде «Аякс» пен
«Одиссей» деп аталатын екі декламациясы толығымен сақталған. Жеке білім ғана ақиқат болуы мүмкін деп Сократтың ілімін ары қарай дамытты. Платонның идеялар туралы ілімін сынға алып, тек жеке заттардың болмысын нығайтады. Дегенмен, киниктердің сыны өркениеттердің бар- лық жетістіктерімен бірге алғанда үлкен мән-мағынаға ие болды, мұнда ол адамдарды тек қана керекті қажеттіліктермен шектеліп, азға қанағат етуге шақырған. А. пікірінше ең жоғарғы ләззат пен игілік – еңбек, өмірдің мақсаты – рақымшылық. Сол кезеңдегі қалыптасқан әртүрлі ілімдерді жинақтаған А-нің философиясы өзінен кейінгі дәуірлерде қалыптасқан көптеген философиялық жүйелерге негіз болды. Антикалық тарихта ол киниктер, стоиктер, скептиктер және т. б. бағыттардың қалыптасуына ықпал еткен ойшыл болып саналды. Мысалы, Ксенофонт шығармасында А. Сократтың сенімді шәкірті ретінде аталса, өзін Сократтың ізбасары санаған және Антисфенмен көзқарастары қарама-қайшы келген Платон өз диалогтарында оны Сократтың теріске шығарған және келемеж еткен софистердің бірі деп жазады; киниктердің ілімімен таныс болған Афиней еңбектерінде А. «ит» және киниктердің басшысы деп сипатталады; А-нің этикалық іліміне қарағанда диалектикалық парадокстарын тереңірек зерделеген Аристотель оның ізбасарларын киниктер емес, антисфениктер деп атау керек дейді. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты, өйткені, стоик Зенон өз ілімінің түпнегізін А-мен байланыстырады, ал, скептиктер дүниені пайымдауға болмайды деген көзқарасты берік ұстанған А-ді өздерінің ілімінің негізін салушы деп есептейді.
Антисфеннің философиялық шығармалары өзінен кейінгі дәуірлерде өмір сүрген Цицерон, Дион Хрисост Фемистий, Юлиан, Прокл және т. б. ойшылдардың арасында кеңінен танымал болды.
Әдебиет: Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. Әлемдік философиялық мұра. – Алматы: Жазушы, 2006.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет