Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет392/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   401
treatise187525

ШЕЛЛИНГ Фридрих Вильгельм Йозеф (1775–1854) – нем. философы, нем. классикалық идеализмнің көрнекті өкілі. Иенада, Эрлангенде және Берлинде проф.; Мюнхен Ғыл. акад-ның мүшесі. 90-жуық табиғат фило- софиясы мәселесі жөнінде еңбектер сериясын жазды. Канттың идеясы мен Лейбництің тірі монадалар мен табиғаттың дұрыс күштері туралы ілімін саралай отырып, табиғатты түсінуге қайшылықтар арқылы даму идеясын енгізді. «Трансценденталдық идеализм жүйесінде» (1800) Фихтенің субъек- тивті идеализмін өз жүйесінің объективті идеализмімен ұштастыруға тырысты. Ш. бойынша философия санасыз рухани табиғаттың дамуы қалайша сананың пайда болуына жеткізеді және тек субъект қана болып. табылатын сана қалайша объектіге айналады деген екі сұраққа жауап беруге тиіс болады. Бірінші сұраққа «табиғат философиясы», «екіншісіне
– «трансценденталдық идеализм» ілімі жауап береді. Еркіндік туралы Ш. ілімі «Адам еркінің мәні туралы және осыған байланысты заттар туралы философиялық зерттеулерде» (1809) жан-жақты дамытылды. Фихтемен бірге Ш. еркіндікті ұғылған қажеттілік деп түсініп, еркіндік құбылысын жекелеген адамның ерлігі емес, қоғамның жетістігі деп білді. Алайда ақырында өзінің осы көзқарасымен қайшы келіп, Ш. еркіндік мәселесін мистификациялап, жеке негіз еркіндіктің түп тамыры, ал ол негіздің көзі
«ой жететін дүниеде» деп жариялады. 1815 ж. Ш-тің дүниеге көзқарасында мистик. элементтердің мейлінше күшеюімен белгілі. Ш-тің ықпалы ең алдымен Гегельде және басқа да көптеген жаратылыстанушыларда анық байқалды. Сондай-ақ оның ілімі натурфилософтар және славяншылар арқылы орыс философиясына да ықпал жасады.
513


ШЕТТЕТУ – адамдардың түрлі формадағы қызметі мен оның нәти- желерін соған қарсы немесе үстемдік құрып отырған жағдайдан асып түсе- тін дербес күшке айналдыру. Ш. механизмі бірқатар жағдайларға байла- нысты көрініс табады: өмірдің сыртқы күштерінің ықпалының алдында тұлғаның дәрменсіздігі; өмір сүрудің абсурдтығы туралы таным; адамдар арасындағы әлеуметтік тұрғыдағы міндеттердің орындалмауы, жоғалуы; басым бағытты құндылықтарды мойындамау; жалғыздықты сезіну; қоғамдық байланыстардан адам өзінің сырт қалуын байқауы; тұлғаның өзіндік «менді» жоғалтуы. XX ғ-да адамның табиғатпен бірлестігінің, үндестігінің жоғалуын ғалымдар Ш. салдары деп таниды. Қазіргі адам- дардың мәдениеттен Ш-інің түрлі аспектілерін қазіргі философия саласы зерттейді.


ШЕШЕНДІК ӨНЕР – софистикалық бағыттағы далалық риторика мектебі. Шешендердің мақсаты қалай болғандада өзінікін дәлелдеу, сөз сайысында жеңіп шығу. Өте көне замандардағы семиттік дәстүрге ұқсас Сүлеймен пайғамбардың екі ананың дауын шешкені сияқты, қазақ шешен- дік өнері дау-дамай, талас-тартыстың нақты шешімін табуға тырысқан.Осы себептен Ш. ө-ді қазақ дәстүрлі тірлігінің қарама-қайшылығынан туында- ған қазылық тәжірибесінің тармағы деп тұжырымдауға болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   388   389   390   391   392   393   394   395   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет