Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет60/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   401
treatise187525

Әдебиет: Потанин Г. Живая старина. – СПб., 1917. Вып. II–III; Әуезов М. Асан қайғы: Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-т. – А., 1960; Халид Құрбанғали. Тауараих хамса. А. 1992. К. Толысбайұлы, М. Жармұхаммедұлы (ҚҰЭ 471– 72 бет).


АСКЕТТІК (грек. asketes – жаттығу, ерлік) – өмір игіліктері мен ләззатынан саналы түрде бас тартып, адами немесе діни мұраттарға жету үшін, өзін рухани құтқару мен жоғары мағыналықты көздеп өткінші дүние құндылықтарын тәркі ету. А. көптеген діни (буддизм, индуизм, иудаизм, христиан, ислам) және философиялық (пифагоршылар, стоиктер, гностиктер, неоплатоншылар) жүйелердің жалпы принципі болып келеді. Бір діннің аумағының өзінде А-тің бірнеше баламалары болды. Мыс., христиандықта монахтық А. пен дүниелік А. ажыратылған. Хрис- тиандық діннің адам денесінің қасиеттілігі және оның қайта тірілуі мен мәңгі өмір үшін қажеттілігі туралы қағидаларына қарамай, А., әсіресе алғашқы христиандық әулиелердің өмірінде кең орын алған. Батыс Рим империясының құлдырау жағыдайында өріс алған әдепсіздікке қарсы А. руханилықты сақтаудың бірден-бірі жолы деп есептелген. А. принциптер Айса пайғамбардың өміріндегі (мыс., шөлде әзәзілдік нәпсіқұмарлықпен күресу) тәрбиелік құндылықтар ретінде уағыздалды. Орта ғасырда като- ликтік және православиялық ағымдарда монахтық А. (целибат) қарапайым адамдар үшін де үлгі болып жарияланған. Протестанизм сыртқы монахтық А-тің орнына «моральдық аскеза» принципін ұсынды. Рухани тазару алдыңғы орынға қойылды. Ислам дінінде де А. жоғары бағаланған. А. әсі- ресе, сопылық бағыттың негізгі өмірлік принциптерінің біріне айналды. Оны Қожа Ахмет Иасауи уағыздарынан байқауға болады. Оның пікірі бойынша, адам нәпсіқұмарлықтан арылу үшін өзіне өзі джихат жариялауы керек, нәпсіні тыйған адам түбінде әулиеге айналады, Жалпы алғанда, А. адамзаттың рухани тәжірибелерінің бірі ретінде қабылдануы керек.
Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 12. Қазақ этика-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет