Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйегіндегі №929 Қаулысымен бекітілген «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына»



Дата04.03.2016
өлшемі34.59 Kb.
#38016





Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйегіндегі №929 Қаулысымен бекітілген «Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларына» өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысының жобасына түсіндірме жазба


Р/с
N


Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Қазақстан Республикасының

Әділет министрлігі



2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

1998 жылдың 24 наурызындағы №213 Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңының 43-1-бабын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңының 13 бабын іске асыру мақсатында

3.

Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

жоқ

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржы шығынын қажет етпейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қосалқы нормативтік құқықтық актіні келтіру


6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер

«Туу туралы куәлікті ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 қыркүйегіндегі №929 Қаулысына

7.

Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

жоқ

8.

Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша сараптама (құқықтық, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) жүргізілген жағдайда, оның нәтижелері

жоқ

9.

Өзге де мәліметтер

Жоқ


10.

Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі

рұқсат етіледі

11.

Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат

Қаулы жобасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсы www.adilet.gov.kz және электрондық үкіметтің www.egov.kz сайтына жариялау үшін жолданды.

12.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)

Жоқ

13.

Реттеушілік әсерге талдау жүргізу нәтижелері туралы ақпарат (бар болса)

Жоқ

Қазақстан Республикасының

Әділет министрі Б. Имашев
2015 жылғы «____» _________.
Результаты согласования
07.7.2015: Хамзина Ж. Г. (Хамзина Ж. Г.) - - cогласовано без замечаний
07.7.2015: Кожамжаров Т. Ж. (Кожамжаров Т. Ж.) - - cогласовано без замечаний

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет