Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет345/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   401
treatise187525

СЦИЕНТИЗМ (лат. Scіentіa – ғылым-білім) – мәдениет жүйесіндегі ғылымның рөлін абсолюттеп, асыра мадақтап көрсету. Қоғамның өмірінде маңызды рөл атқаратын ғылымның үлгісі ретінде С. көбінде жаратылыстану ғылымдарын, позитивті ғылымдарды қарастырады. Сондықтан да С. фило- софияда болсын, дүниетанымда болсын, әлеумет.-гуманитарлық мәселелер- ді талдауда болсын дәл, нақты ғылымдарға тән дағдылы аксиомалық құры- лымның, анықтамалар жүйесінің, эксперименталды қайталанудың және т. б. болуын талап етеді. С. ғылыми-техникалық революцияның әсерінен, яғни ғылымның болашағына деген кәміл сенімнен, ғылымның адамзат тіршілігінің түбірлі мәселелерін шешудегі мүмкіндіктерін шексіз деп қарастырудан туындайды. Қазірде ғылымға көзсіз бас июден ғылымның


450

өзін, әсіресе оның туындатқан техникасын адамзатты қауіп-қатерлі жолға бастайтын күш деп қарастыратын, адамның шынайы адами мәнін тәркілейтін фактор деп танитын С-ге қарама-қарсы антисциентизм идеологиясы да пайда бола бастады.


Әдебиет: Гуревич П.С. Закономерности и социальные перспективы научно-технического прогресса // Новая технократическая волна на Западе. – М., 1986; Гайденко П.П. Эволюция понятия науки. М., 1980; В поисках теории развития науки (Очерки западноевропейских и американских концепции ХХ века). – М., 1982.


СЮРРЕАЛИЗМ (фран. Surrealіsme – реализмнен жоғарғы) – ХХ ғасырдың көркем мәдениеті саласындағы авангардтық өнердің бір бағыты. С. көркемдік ағым ретінде Францияда ХХ ғ-дың 20-шы жылдарында пайда болды. Бірнеше дағдарыс, тоқырау кезеңдерін басынан өткізген С. бірте-бірте тобырлық-сауықтық мәдениет элементтерімен араласа келе постмодернизмнің құрамдас бөлігіне айналды. Француз С-нің алдыңғы қатардағы өкілі – Андре Бретон «С-нің манифесінде» (1924) былай дейді:
«С. – таза физикалық автоматизм», яғни ойға келген нәрсенің ешбір этикалық-эстетикалық, ақыл-парасаттық електен өтпеген таза көрініс. С. еркін ассоциациялар, түстің таңғажайып әлемі арқылы сыртқа шығарыла- тын, әлемге игерілетін адамның бейсаналық өмірін, оның шым-шытырық қалтарыс-бұлтарыстары көп тұстарын суреттеуді өнердің басты мақсаты деп табады. «С. манифесінің» авторы А.Бретон көбінде З.Фрейд, К.Г.Юнг- тің психоанализ теориясына сүйенеді. Жалпы С-нің өкілдерінің бәрін де, С-нің өзін де психоанализ туындысы ретінде қарастыруға болады. С-нің негізі ұғымдары – «қиял», «ұйқыдағы түс көру», «галлюцинация» (көзге әр нәрсенің елестеуі), «сандырақ», «таңғажайып сиқырлы көріністер»,
«сананы» өзгеріске ұшыраған күйлері». С. өзін көркем суретте жарқын да айқын көрсетті. Көркемсуреттегі С-нің басы қосылмайтын нәрселерді біріктіру принципінің өзі қызықты С-тік картиналар эмоционалдық тосын күйге түсіріп, ес тандырарлық жағдайға әкеледі. Осындай сананың төменгі деңгейіндегі «тығулы» жатқан бейсаналық үрдістердің «автоматты» хаосы С. Дали шығармасында жиі кездеседі. С-нің көркемдік тәсілдері кинема- тографта Л. Бунюэль, А Сокуров шығармашылығында, абсурд театрында (С. Бекке, Э. Ионеско), теледидарда, кітап графикасында өз көрінісін тапты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   341   342   343   344   345   346   347   348   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет