Күні:
|
|
Сыныбы:
|
4
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ультрадыбыс датчигі
|
Оқу мақсаты
|
4.5.1.2 ультрадыбыс датчигін қолдану;
|
Сабақтың мақсаты
|
Барлық оқушылар:
Lego Mindstorm роботында ультрадыбыс датчигін қолданумен танысып, программа құрастырады.
|
Бағалау критерийлері
|
Lego Mindstorm EV3 жиынтығының ультрадыбыс датчигінің қызметімен танысып, оған арналған программа құрастырады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Ультрадыбыс - Ультразвуковой - Ultrasonic
Диалогтар мен жазу үшін пайдалы сөз тіркестері:
Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан қандай өлшем бірілктерді атай аласың (1-сурет)?
Техникада судың тереңдігін, медицинада адамның ішкі құры-лысын тексеретін құрылғылар жайлы не білесің (2-сурет)?
Робот айналасында тұрған заттарға дейінгі қашықтықты қалай анықтайды?
|
Құндылықтарға баулу
|
Академиялық адалдық: өзгелердің идеялары мен ойларын құрметтейді, яғни академиялық адалдық принциптерін сақтайды.
|
Пәнаралық байланыстар
|
Ағылшын тілі, Орыс тілі.
|
Алдыңғы білім
|
Бағдаршам - робот
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
2 мин.
5 мин.
|
Ұйымдастыру. Сабақ бастамас бұрын оқушылар шеңбер жасап тұрып, сағат тілі бойымен бір-біріне мақтау, мадақтау сөздер айтады, әрі қарай көтеріңкі көңіл күймен 2 түрлі сурет қиындыларын таңдау арқылы 2 топқа бірігеді.
(Ұ). Ой қозғау! «Ұшақ» әдісін қолдану.
Оқушылар ұшақ жасап, ұшақтың бір қанатына интерактивті тақтада берілген сұрақтардың біреуін таңдап жазып, бір-біріне ұшырады. Тосып алған оқушы екінші қанатына жауабын жазады.
Сұрақтар:
Қазақ халқының тұрмыс-салт ерекшеліктеріне, кәсіптік қажеттілігіне байланысты қалыптасқан қандай өлшем бірілктерді атай аласың (1-сурет)?
Техникада судың тереңдігін, медицинада адамның ішкі құры-лысын тексеретін құрылғылар жайлы не білесің (2-сурет)?
Робот айналасында тұрған заттарға дейінгі қашықтықты қалай анықтайды?
Берген жауаптарды оқып оқушылар бір-бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.
|
Қағаз қималары
|
Сабақтың ортасы
2 мин.
8 мин.
8 мин.
7 мин.
|
|